Home » Поэзия » Фаризадай қазақта қалды ма қыз? (ақынға арнау)

Фаризадай қазақта қалды ма қыз? (ақынға арнау)

Өмір бір сыйлап еді ел анасын,

Ерекше дүниесі қыз дарасын.

Бұл жанның тазалығын көп көрді ме?

Естелікке қалдырып Фаризасын.

Жыры болды бірталай ақындардың,

Гүлі болды ержүрек батырлардың.

Сезім менен сенімнің етегінде

Поэзияға ақтарды өз сырларын.

Ұқсамас өзгелерге мүлде басқа

Әлемі ғажайып па, әлде қас па?

Сандуғаштай сайраған Фаризаны

Мәңгілік неге бізге жырламасқа?!

Жалғыздық жанын күйреп, қинады ма?

Арқауы, сүйеніші болмады ма?

Тағдыр-ау қаталдықтан Фаризаны

Сеніп сен поэзияға қалдырдың ба?

Фариза, Фаризажан, Фариза қыз,

Болмады бір күніңіз сіздің жырсыз.

Өмірдің ащысына төзе білген

Фаризадай қазақта қалды ма қыз.

Ақайша Рахметова

 Атырау қаласы,

 Химия-биология  бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің

11 «А» сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.