Утелова Азиза Айтбекқызы,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы
№ 28 балабақшаның
I санатты тәрбиешісі
Білім беру аймағы: «Экология»
Бөлімдері: таным, шығармашылық
Мақсаты: Балаларға табиғатты аялай білуге, қоршаған ортаны қорғауға үйрету. Эстетикалық тәрбие түсінігін қалыптастыру, сұлулыққа, әсемдікке баулу. Тал отырғызу, гүл егу туралы түсінік қалыптастыру. Еңбексүйгіштікке баулу. Мақал-мәтелдер арқылы экология саласында сөздік қорды көбейту.
Сөздік жұмыс: «Экология» көрінісін көрсету, мақал-мәтелдер мен өлең шумақтарын жаттатқызу.
Әдіс-тәсілдер: дәстүрден тыс
Ұйымдастыру кезеңі: сахна
Алдын-ала жұмыс: «Экология» көрінісін теледидардан көрсету, түсіндіру.
Оқу іс-әрекетінің барысы: Музыка әуенімен балалар сахнаға шығады. Қатарға тұрады.
Айзере: Табиғат жер байлығы,
Батырлар ел байлығы.
Диас: Бір тал кессең,
Он тал ек.
Әлинұр: Жаңбырменен жер көгерер,
Батаменен ел көгерер.
Кәусар: «Қызыл кітап» жастардың көзімен,
Дәлелдеудің қажеті жоқ сөзінен.
Жай ғана ауызбен айту не керек,
Дәлелдегің келсе кәне ісіңмен.
Осыдан соң балаларға табиғатты аялау, «Қызыл кітапқа» енген бір жануар туралы түсінік беріледі.
Тәрбиеші: Табиғат – жаны нәзік жаратқаннан,
Жауапсыздық келтіреді оған нұқсан.
Адамдар немқұрайлық танытпаса,
Байлығын төгіп берер асып-тасқан – деп табиғат-ананың ризығы туралы айтылады. Балаларға сөз беріледі, сұрақ-жауап арқылы бүлдіршіндердің пікірі талқыланады. Ұл-қыздар тал егу, гүл туралы өздерінің ойларын жеткізеді. Гүл егу, тал отырғызу көрінісін балалар сахыналайды. Соңында тәрбиеші эстетикалық тәрбиенің мән-мағынасын түсіндіреді.
Тәрбиеші : Табиғатым тағдырым деп таласқан,
Табиғатым бар әлемге жарасқан.
Табиғатым жеміс-жидек, алма-өрік,
Табиғаттың бізге берер мәні көп.
Қорытынды: рөлдерге бөлініп сахналаған балаларды таныстыру. Балалардан қайда келгендерін, қандай көріністі көргендерін, мақал-мәтелдерді, өлеңдерді тыңдағандығын сұрау арқылы өз ойларын тыңдап, қорытындылау.