Home » Поэзия » Уа, алыбым!

Уа, алыбым!

(Жамбыл Жабаевқа)

 

Уа, алыбым, асқар таудай тірегім,

Шын тіледің ел-жұртыңның тілегін.

Он бес жаста даңқың шығып «Шағыммен»

Туған жерге арнап соқты жүрегің.

 

Жүз жасаған терек санап өзіңді,

Тамыр жайған елден алдың сөзіңді.

Бұтақтарым – жырларым деп қарадың,

Өсіп жатқан ұрпаққа сап көзіңді.

 

Қарапайым халық қамын ойладың.

Тұңғиықтай тереңіне бойладың.

Не көрсең де елмен бірге көрмек боп,

Өміріңде арпалыстың, қайнадың.

Түкен Рауан
Жамбыл атындағы
№5 мектеп-гимназиясының
6 «в» сынып оқушысы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.