Home » Айтарым бар » Уай-вай мен бала достығы!!!

Уай-вай мен бала достығы!!!

Менің осы жазып  отырған  мақаламның және  оның тақырыбы, мені көптен мазалап жүр деп айтсам артық болмайды.Өйткені, қазіргі технологияның дамыған заманында, бұл үлкен бір қауіп болды ғаламтор әлемі. Әсіресе мектепке дейінгі балалардың алғашқы әліппесі деп айтсақ та болады.Көптеген оқырмандар менімен келіспеу де мүмкін… бірақ  ойлап қарасақ қазіргі кішкентай бүлдіршіндеріміз алысқа бармайақ қояйын, мен өз қызымды алсам, біз балабақшадан келе сала кімнің ұялы телефонын алсам екен, кім маған береді екен деген сұрақта отырамыз. Балаңыздың жәутеңдеп сұрап, жалынып тұрған аянышты көздерінен соң бересің, бірақ….соңында көптеген сұрақтар мазалайды баламның көзіне зиян келмес па екен? Балам не көріп отыр? Баламның ойлау даму қабілетіне зияны тимей ме екен? Сосын мен өзіме іштей ұрысамын!!!  Сен анасың, сен неге қызыңмен  дайындалмайсың? сен неге сурет салмайсың?    Сосын қызымды шақырамын да: -Қызым келе ғой сен екеуіміз әріптерді қайталайық, сурет салайық, мен саған ертегі оқып берейін деп шақырасың.Сонда қызым: — мама сен маған  телефоннан  ютубқа жазып берсең немесе мына микрофонды басып тұрып айтсаң мұнда бәрі бар мен осыдан үйрене берейін деп өзіңді алдайды. Мен ойлана келе, қызыма осы интернет, уай-фай жайлы ертегілерді өзім құрастырып айтып отыратын болдым. Оның ішіне жақсы және жаман ұғымдарын міндетті түрде қосамын. Осылай кішкене болсада қызымды қорғауға тырысып бағамын.Осы ертегілерімнің бірін сіздерге ұсынып отырмын.

Ерте ерте ертеде Ғаламдық деген ауылда  Интернет деген бала дүниеге келіпті.Ол бала күн санап сағат санап өте ақылды, уақытын текке жібермейтін, данышпан, ғалым болып өседі. Оның әкесі Компьютер және анасы Сервер балалары Интернеттің осыншама ақылды болғанынан соншалықты, балаларының болашақ өмірін ойлап уайымдай бастайды. Интернет жоғары оқу орнын аяқтаған соң ғылыммен айналысып миллиондаған желілерді  біріктіріп, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін туғызатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі Уай-Вай деген желіні ойлап табады. Бұл желіні бағалаудың өзі ғалымдар арасында қиындық туғызады.Өйткені Интернеттің ойлап тапқан желісі Уай-Вай ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көптеген мүмкіндіктер ұсынады. Халыққа көптеген пайдасы тиіп онсыз адамдар өмір сүре алмай»тындай халге жеткізеді. Интернет өзі бай адамдардың қатарына қосылып шалқып өмір сүреді.Әкесі компьютер мен анасы Сервер балаларын мақтан тұтып, халыққа біздің баламыздың пайдасы тиді деп ойлап беделді адамдар қатарына қосылып, сый құрметке бөленеді. Бір күні Компьютер мырзамен Сервер ханымды сыйлы адамдар үйіне қонаққа шақырады. Есік алдынан қонақтарды Сайт деген 4 жасар бала қарсы алады.Қолында үлкен планшет ұстаған бала екі көзі жанағы ойыншығы планшетте,қонақтардың әкелген сыйлығына да,өздеріне де қарамай есікті аша сала жүгіріп келіп диванға дүрс етіп жата қалады. Қонақжайлығын көрсетіп асты үстіне түсіп жатқан қожайындардан мына үйдің баласы асқа келмей ме?-деп сұрайды. Сонда анасы –біздің бала өзінің досы Уай файдың қарны ашқанда, оның да қарны ашады, сол досымен бүкіл елді аралайды, сонымен достасқан көптеген достары да бар, сонымен бірге ойнайды, ол өшкенде бұл да ұйқыға кетеді.Сайттың әлемі осы Уай-вай деп анасы мұңайды. Компьютер мен Сервер үйлеріне қайтқанша жанағы баланы бақылаумен болады. Үйлеріне оралып балалары Интернетке, өздері бақылаған Сайт бала жайлы айтып береді. Сонда Интернет менің еш кінәм жоқ, мен желіні тек халыққа пайдасы тисін, барлығы қол жетімді болсын деп елдің пайдасына ғана ойлап шығардым. Ғаламтордың зиянынан сақтандыру үшін кез келген ата-ана баласына оны пайдаланудың шарттарын айтып түсіндіруге міндетті. Балаға ғаламтордағы сайттардың бәрі бірдей жақсылыққа үндемейтінін, ақ пен қараны ажырата білуді үйрену керек екендігін түсіндіріп, баланың компьютер алдында отырғандағы уақыт режимін сақтауын талап етуі керек.Балалардан ғаламтордағы достары туралы да және ғаламтордан қандай ақпарат, қандай ойын ойнайтынын, не қызықтыратынын сұрап хабардар болып отыру керек.Бүлдіршін де ата ананың рұқсатымен және қандай ақпарат немесе мультфильм көретінін, үйдің үлкендерінің рұқсатымен қараса, онда ол өте ақылды бала болады.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бала тәрбиесіне үлкен көңіл бөлу оны уақытыңда кемшілігін айтып, мақтайтын жерде мақтап,қолдайтын жерде қолдап, достарын танып білуі және сырласы ретінде қарау ол әр ата ана міндеті.Менің бір қыңжылатыным балалардың тілі дамымай, аға әпке арасындағы қарым қатынас  бала кезден суып, кітап, кітапхана деген ұғымдарымыз ұмытылып кете ме деп қорқамын.

Муканова Надира Мажитовна
№103 санаториялық бөбекжай балабақшасының әдіскері

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.