Home » Ашық сабақтар » Т.Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі

Т.Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі

Жумабаева Жұлдыз Қанатқызы
Астана қаласы әкімдігінің
№ 1 Арнайы мектеп-интернатының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

Сынып:  8                                                           

Мақсаты: Оқушыларға  Төлен Әбдіков  туралы мағлұматтар беру.

Білімділік:  Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесін оқыту.

Дамытушылық:  мәнерлеп оқу, түсініп оқу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ұлттық сана, ұлттық тәлімді қалыптастыру.

Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақ әдісі: аралас

Көрнекілігі: шығармалар жинағы

Пәнаралық байланыс: тарих, география

 Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  2. Оқушыларға сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақ-жауап ұйымдастыру.

 

ІІІ. Мағынаны ажырату.

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Мұғалімнің рөлі:

Мұғалім сөзі:

Жазушы Төлен Әбдіков 1942 жылы бұрынғы Торғай (қазіргі Қостанай) облысының Жангелдин ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Шығармашылық жолын 60-жылдардың ортасында бастаған қаламгер — бүгінде көптеген әңгімелер мен повестердің авторы.

Т. Әбдіков көркем туындыларында, көбінесе, халқымыздың озық салт-дәстүрін ардақтап, адамгершілік, ізгілік мәселелерін көтерген. Мәселен, «Қонақтар» атты әңгімесінде жазушы оқыған, калада тұратын Сапабектің қарт әке-шешесіне салқын, жасанды қарым-қатынасын суреттеу арқылы әлпештеп өсірген ата-ана алдындағы баланьщ мәңгілік перзенттік парызы туралы ой козғайды.

Алыстағы ауылда тұратын, өзін сағына күтетін қарт әке-шешесіне жылына бір рет, онда да курорттан кайтар жолда бір-ақ күнге соғатын, ертеңіне қалаға асығатын Сапабек ұлтымыздың дәстүр-салтынан кол үзіп қалған, перзенттік борыш-парызды жеңіл түсінетін жан ретінде танылады. Жылына бір рет келгенін, азын-аулақ сәлем-сауқат әкелгенін ол өзінің ата-ана алдындағы борышын өтеу деп түсінеді. Қарияларға керегі — Сапабектің сыйлығы емес, жалғыз ұлдың амандығы, оның өздері қартайған мына мазасыз шақта қастарында болып, қамқорлық жасауы, жан жылуын төгуі. Ал бір күнге келген Сапабектің қариялардың халін сұрауға да уақыты жоқ, айтар әңгімесі де басқа: геология, асыл тастар сыры, шетел сапарлары, т.б.

Сағына күткен баласының болымсыз әңгімесіне көңілі толмаған Ерекең оның сөзін тоқтатып, ауылдасы Аспандиярдан ән айтуын өтінеді. Қарияның ендігі бір үміті — немересі Жеңісті алып қалып, тәрбиелеу. Бірақ баласы мен келіні ауылда «орыс мектебі жоқтығын» сылтау етіп, картты бұл қуанышынан да айырады. Әңгіменің соңы ертеңіне асығыс аттанған ұлымен қимай қоштасқан ананың көзіне жас алуымен, ал Ерекенің алаң көңілімен қи оюға кірісуімен аяқталады.

Әңгіменің түйіні де салмақты: ол- жастарды ата-ана алдыңғы борышын ұмытпауға үндеу, адамгершілікке шақыру.

Кітаппен жұмыс: Әңгіменің мазмұнын оқыту.

Сабақты қорыту:

  1. Сонымен, балалар, әңгіме не туралы немесе әңгімеде қандай әлеуметтік мәселе көтерілген деп ойласыңдар?
  2. Жазушы ол мәселенің шешімін кімдердің бейнесі арқылы, қалай берген?
  3. Әңгімеде көтерілген адамгершілік мәселесінің біздің бүгінгі өмірімізге қатысы қандай?

Үйге тапсырма: «Қонақтар» әңгімені оқыту.

Бағалау: оқушылардың білімін бағалау. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.