Home » Ашық сабақтар » Төрт түлік мал

Төрт түлік мал

Білім саласы: Коммуникация
Мақсаты
: Балалардың төрт түлік мал туралы түсініктерін кеңейте отырып, халқымыздың төрт түлікті дәріптеген өлең жырлар, әңгімелер арқылы танымын, жан жануарлар туралы түсініктерін арттыру, жылқылардың басқа малдардан айырмашылығын таныту, сөздік қорын байыту, тіл байлықтарын дамыту, ұлттық тағамдар түрлері туралы ұғымын пысықтап, тиянақтап көбірек білуге ынталарын ояту, балаларды тазалыққа, бір бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі
: түсіндіру, әңгімелеу көрсету.
Сабақтың көрнекілігі
: Төрт түліктің суреттері слайд түрінде.
Сабақтың барысы
: Ұйымдастыру кезеңі
Қуан шаттан алақай
Қуанатын күн бүгін
Қайырлы таң, қайырлы күн
Күлімсіреп күн шықты
Сәлеметсіздер ме, балалар!

Отырыңдар . Бүгін бізде ерекше бір қызық сабақ. Сондықтан сабаққа барлығымыз қатысайық, бүгінгі сабақтың тақырыбы: Төрт түлік мал.

Балалар бүгін біз сендермен саяхатқа шығамыз. Кәне көздеріңді жұмыңдаршы, енді ашайық. Балалар, біз жайлауға келдік. Кәне қалай демаламыз? Бәріміз таза ауамен демалайықшы. Қараңдаршы жайлауда не жайылып жүр екен? ( Осы кезде өрісте жүрген малдардың дауыстары қойылады.
Балалар: Қойлар, сиырлар, ешкілер, жылқылар, түйелер.
Тәрбиеші: Осы үй жануарлары сендердің үйлеріңде бар ма?
Мұғалім: Олар қайда жайылып жүр?
Дұрыс жайлауда немесе өрісте жүр .
Балалар, ал қазір «Мал қалай дыбыстайды» деген ойын ойнаймыз.
Ойынның шарты: Тақтада үй жануарлары берілген. Қазір мен сендерге төрт түліктің дыбыстарын қосқанда сендер ненің дыбысы екенін тауып алу керексіңдер.
Ойынның мақсаты: Қандай төрт түліктің дыбысы екенін тауып алу. Оларды атау.
Сергіту сәті:
Қошақаным тұршы,
Беті қолыңды жушы
Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы.
Орныңа
Отыршы
Мұғалім: Ал енді балалар тақтаға қарайық.
-Балалар тақтада ненің суретін көріп тұрсыңдар?
-Дұрыс, айтасыңдар. Ал енді осы малдардың әрқайсына тоқталайық.
-Мынау ненің суреті?
-Дұрыс,сиыр. Сиырдың пайдасы қандай?
Одан не аламыз?
Балалардың жауаптары:

Сиырдын төлін – бұзау дейміз. Сиырдан біз сүт, ет, тері аламыз. Ал сүттен қаймақ, май, ірімшік, айран аламыз .

Сиырдың атасы — Зеңгі баба. Сиырды аухау –аухау деп шақырамыз.
Сиыр шөп, су, жем жейді. Келесі ненің суреті?
Дұрыс жылқы. Жылқының пайдасы қандай. Одан не аламыз?
Балалардың жауаптары:
Жылқының төлі құлын. Жылқыны көлік ретінде пайдаланамыз.
Көбінесе, арбаға жегеміз. Жылқыдан біз сүт, ет, тері аламыз. Сүтінен қымыз жасайды.  Қымыз шипалы сусын.Оны өкпе ауруына емдік дәрі ретінде қолданады. Жылқы жем, су, шөп жейді. Жылқының атасы Қамбар ата. Оны құрау құрау деп шақырады.
Ойын: «Төлін тап»
Ойынның мақсаты: Малдардың төлін тауып алу. Төлдерін атау.
Келесі ненің суреті?
-Дұрыс, қой. Қойдың пайдасы қандай? Одан не аламыз?
Балалардың жауаптары:
Қойдың төлі қошақан. Қойды шопан ата бағады. Қойды пұшайт пұшайт деп шақырады. Қойдан ет, жүн, тері аламыз. Жүннен әжелер байпақ қолғап тоқиды.
Келесі ненің суреті?
Балалардың жауаптары:
-дұрыс, ешкі. Ешкінің төлі лақ. Ешкіні шөре –шөре деп шақырады. Ешкіден ет, түбіт аламыз. Әжелеріміз түбіттен шәлі, байпақ тоқиды.
Ойын: «Ішіне сыртына»
Ойынның шарты: Оқушыларды үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырата білуге үйрету .
Балалар енді «Не артық » ойынын ойнайық .
Ойынның мақсаты: Артық суретті тауып алу. Неге артық екенін түсіндіру.
-Жарайсыңдар балалар.
Балалар енді төрт түлік туралы жұмбақтар шеше аласыңдар ма ?
Жұмбақтар
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой )
Екі айнасы бар
Екі найзасы бар,
Төрт жылтырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар. (Сиыр )

Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе )
Балалар жарайсыңдар жұмбақты шеше алады екенсіңдер,
-Балалар, кім маған төрт түлік туралы тақпақтарын айтып береді?
(Балалар тақпақтарын айтып береді )
Төрт түлік малдар туралы тыйым сөздерді балаларға айту.
Малды теппе . Ақты төкпе. Малды ұрма.
-Енді балалар бәріміз «Төлдер әнін орындайық»
-Жарайсыңдар, балалар. Әнді жақсы айтады екенсіңдер. Ортаға енді биші қызымыз Кәусар билеп берсін. Кәусар қазақ биін билеп береді.
Қорытынды: -Балалар сендерге саяхат ұнады ма? Не ұнады? Бүгін біз көп нәрсені біліп көрсете білдік. Яғни төрт түлік малдың қалай дыбыстайтынын, немен қоректенетінін, олардың төлдерін, пайдасын біліп үйрендік.

 

Махамбетова Гулім Қайыржановна,
№1 «Көктем» бөбекжайының тәрбиешісі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.