Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында білімге ерекше назар аударып отырғаны бәрімізге белгілі. Нақ осы кезеңде МДҰ-да инновациялық технологияларды пайдалана отырып жас ұрпақты әлемдік деңгейде тәрбиелеудің маңызы зор. Елбасы Назарбаевтың «Қазақстан 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында МДҰ білім беру жүйесінің негізгі міндеттерді айқын көрсетті.
- Заманауи әдісті енгізу
- Бар баланы қамту
- Үштілді оқыту
Қызылорда қаласында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ББЖ КБАРИ «МДҰ-да білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Курс жетекшісі педагогика ғылымының кандидаты Агима Әбілқызы Маханбетова курс барысында МДҰ басшылары үшін жаңа технологияларды терең меңгеру жолдарын, көшбасшы болу қағидаларын ашып көрсетті. Ғалымды тыңдай отырып,
«Жүрегіңмен сезін деймін ұжымды
Атын атап, әр маманға көңіл бөл
Күліп жүріп, жылулықты түсінді
Жағдайы мен әлеуетін терең біл
Ерт соңыңнан шығармашыл қауымды» — деп, ой түйіп отырдым.
Білім – бүгінгі таңда шәкіртке бағыт-бағдар беріп отырған педагогтар үшін басты қажеттілік, құндылық болып отыр.
Әр ұстаз ұлттық кодты сақтай отырып, әлемдік мәдениетті бойына сіңіргенде ғана шәкірті озып, табысқа жетеді.
Ұрпақ тәрбиесінде өмірге көзқарасы әлі толық қалыптаспаған, тілі енді шығып, жақсы мен жаманды айыра білмей, оңы – солын тани қоймаған жас сәбилерді тәрбиелейтін балабақша мамандарының еңбегі ерекше. Өзі үлгі болатын балабақша меңгерушісі қоғамның ең таза, мөлдір бұлағының тәрбиесінің жауапкершілігін өз мойнына алып отырғаны анық. Қазіргі 3 жасар бала компьютер құлағында ойнап, шет тілдерін білуге құштар. Бұл тәрбиеші мен педагогтың өресінің кеңеюін талап етеді, әрі балаға жаһандық әлемге еркін кірудің кілтін ұстатады.
Елбасының ұсынып отырған «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілді білім беру», «Мәдени және конфессиялық келісім» бағдарламалары да МДҰ-ды айналып өте алмайды. «Білім салтанаты жалпыға ортақ» — деп Елбасымыз айтқандай ата – ана сұранысы да МДҰ жауапкершілігін арттырады. Технологиялық революцияның ағымына ілесе отырып, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететіні анық. ББЖ КБАРИ аға оқытушылары Сақова Ақжарқын және Мұқамет Мираның онлайн сабақтары МДҰ басшыларының құқықтық сауаттылығы мен жаңа технологияларды меңгеру мазмұнын ашуға арналды. Курста тыңдаушының ойын толықтырып, М.Мотессори технологиясын, Р.Штайнер, Масару Ибука технологиясын тереңнен ұғындырып, практикалық әдіс-тәсіл Джигсо амал тәсілімен танысу үлкен қызығушылық туғызды. Қатысушылар жоба қорғап, өздік жұмыстар тапсырып, эксперименталдық балабақша алаңдарына барып тәжірибе алмасты.
Жаңа индикатор саласы түсіндіріліп, Мақсат пен нәтиженің үндестігі жас ұрпақтың дағдысы жеке тұлға болуының бастамасы екенін көрсетті. Кім біледі? Бүгінгі тәрбиеленуші ертеңгі ұлт жанашыры болар тұлға болар.
Біздің ойымызша бұл курс мәңгілік ел идеясын іске асыратын патриот, жас ұланды тәрбиелеу, педагог маман және білікті басшының жауапкершілігіне жүктелгенін мақұлдатқан, теория мен практиканы ұштастырған тартымды, МДҰ басшысының тәжірибелік қоржынына алары мол, тағылымды курс болды. Сондықтан да Біліктілікті арттыру Республикалық Институты ұжымына, курс жетекшісіне алғысымыз шексіз.
Курс жетекшісі:
Педагогика ғылымдарының кандидаты
А.А. Маханбетова
Курс тыңдаушысы:
«Бегім Ана» балабақшасының меңгерушісі
Л.И. Оразаева