Құмнан шықтым, құмға қайта кеткенше қазаққа еңбек етсем, өмірдегі мақсатымның орындалғаны деп білемін. Сондықтан, бүгінде сіздерге бірнеше жыл жасаған жұмысымды ұсынып отырмын. Кітапша мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына арналды. Мұнда үй жануарлары, үй құстары, аңдар, жабайы жануарлар, көліктер, жемістер, аспаптар, ыдыстар және олардың үш тілдегі атаулары жазылған. Балаға оқуға әрі буындап жазуға үлкен көмек береді деген оймен осылай жасадым. Көздеген мақсат бүлдіршіндердің ой-өрісін дамыту, танымын кеңейту. Ата-анасының көмегімен үш тілді меңгеруіне ықпал ету. Аталған жинақ баланың түстерді ажырата білуіне, заттың не жануардың атауын тануға ықпал ететін көмекші құрал. Артықшылықтары деп былай атар едім: 1. Отандық өнім, 2. Қазақша бейне, 3. Заттың не жануардың атауын тану, 4. Түс үйрену, 5.Үш тілді үйрену бастамасы, 6. Жұмысты аяқтап бітіруге тиімді, 7. майда маторика жұмыстары (мидың жұмысына әсер етеді)
Леспе құжаттар: Республикалық ғылыми-практикалық орталығы «РМҚК», БҒМ мектепке дейін және орта білім департаменті мақұлдаған және «Шашу» оқу танымдық кешеннің авторлық құжаттары бар.
Тапсырыс берем деушілерге; 8 705 444 81 51; 8 (7172)76 93 79; 8702 168 49 87
Қуантай Амантайұлы
«Білім айнасы» газеті мен bilimainasy.kz сайтының
негізін қалаушы әрі бас редакторы