Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілген залға музыка ырғағымен сәнді киінген балалар залға кіреді.
Ән:«Жаңа Жыл»
Осы кезде шыршаның артынан Лунтик пен ара шығады да;
Ау, жараңдар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Айдан келдім
Досымды да ерте келдім.
Сендермен ойнап-күліп
Көп қызыққа батар едім.
Секіріп билеп жүрген Лунтик пен Араның алдынан көңілсіз ақ қоян кездеседі.
Лунтик: Амансыз ба, ақ қоян!
Ақ қоян: Достарым жоқ Жаңа Жылды кіммен қарсы аларымды білмей тұрмын.
АРА: Ақ қоян сен мұңайма біз бармыз ғой, кел одан да саған арнап ән шырқайық.
Ән: «Ақ қоян»
Ақ қоян: Рахмет сендерге достар!
Лунтик, ара, қоян балалар шыршаларың неге көңілсіз?
Олар кішкене қағаз тауып алады. Тәрбиешіге береді.
Тәрбиеші: Балалар бұл жұмбақ екен. Соны шешсек шыршамыз жарқырайды екен.
Жұмбақтар: Ақсақалды шал жылына
Бір-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді.(Аяз ата)
Осы кезде шырша шамы жарқырайды.
Би: «Көңілді гномдар».
Ойын: «Дәу қолғаппен қар тасу»
Тәрбиеші: Балалар бізге мерекеге Аяз Атамен Ақшақар жетіспейді солай емес пе? Ендеше оларды шақырайық.
Тарсылдаған дыбыс естіледі. Ішке Вупсин мен Пупсин кіріп келеді. Бізбен береке өткізбесеңдер біз кедергі жасаймыз.
Линтик Ара Қоян балалар шошып кетеді.
-Біздің Аяз Атамыз Ақшақарымыз қайда?
-Біз мерекеге қатысқымыз келеді. Әйтпесе шыршаларыңды мүжіп жейміз.
-Ендеше өз өнерімізді көрсетейік, ойнайық, билейік, көңіліңізді көтерейік.
Би:«Аққалалар».
Ағылшын тілінде (тақпақтар)
Тәрбиеші: Ендеше сұлу қыздарымыз Ақшақарларымыз би билеп берсін бәлкім Аяз ата Ақшақар дауысты естіп келер.
Би: «Қош келдің Аяз Ата»
Би билеп жатқанда Аяз Атамен Ақшақар кіріп келеді, бишілермен билейді.
Ойын: «Аққала құрастыру»
Ән:«Аққалалар»
Би:«Аққалалар»
Ойын: «Ата-аналармен»
Тақпақтар: «Орыс тілінде»
Жаңа Жыл Доңыз келеді.
Доңыз құттықтау сөз айтады.
Хоровод: «Ақ үлпектер»
Аяз ата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.
Ақшақар: Мінекей балалар сендермен қоштасатын да кез келді. Сендерді қимай тұрмыз,барлығыңда көңілді, әдемі балалар екенсіңдер.
Аяз ата: Жаңа жылда балалар, тек қуаныш көріндер. Ауырмандар ешқашан мықты болу өзіңнен келесі жылы кездескеше сау болыңыздар!
Маханова Гульшат Алкеновна,
Ақтөбе қаласы
МКҚК № 26 «Үміт»
мектепке дейінгі ұйым