Home » Жаңалықтар » Төрлет жаңа жылым — Наурызым

Төрлет жаңа жылым — Наурызым

Күн сәулесі жарқырап көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келді.

Наурыз – қазақ халқы үшін ежелден-ақ береке-бірліктің, ел-жұрт, ағайын-туыс арасындағы татулықтың, ерен еңбектің, жаңарған тіршіліктің ұлы символы. Бұл ежелден қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойына қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды.

Биылғы жылы біздің балабақшада да Наурыз мейрамы ата-аналардың, тәрбиешілердің, балалардың қатысумен ерекше аталынып кетті. Балабақшадағы ересек топтарында «Қош келдің, әз Наурыз» және «Төрлет жаңа жылым – Наурызым» атты мерекелер өткізілді. Мақсатымыз мектепке дейінгі балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Аталмыш мейрамда қазақтың аңыз ертегілерінің кейіпкері Алдар Көсе қонаққа келіп, ұлттық «Арқан тарту», «Қыз қуу» ойындары ойнатылды, сонымен қатар «Тұсау кесу», «Бесікке салу» салт-дәстүрлерімен балалар таныстып, қатты қызығушылық көрсеткендірін байқадық. Тәрбиешілер Шаяхметова Г.К және Гриценко И.А. «Алдар Көсенің сиқырлы тоны» ертегісін сахналауы балаларға қатты ұнады және де қазақтың сайын даласын кезетін Қыдыр баба  балаларға ақ батасын берді. Қазақ халқының бұрыннан келе жатқан әр тойында шашылатын шашуынан да балалар құр қалмай, бауырсақ және де басқа да тағамдардан ауыз тиді. Наурыз мейрамында ерекше көзге түскен ортаңғы «Б» тобының тәрбиешілері Шошакова Г.К., Досумова Г.Т. Бұл топың ата-аналары Наурыз мейрамына ерекше ат салысты. Ақ дастархан жайылып, балалар Наурыз көжеден дәм татып, әрине ән әуелеп, жыр шашылды, мың бұралған билер де болды. Балалар қазақша күреске қатысып, «Қыз қуу» ойынын ойнап, «Тұсау кесу» дәстүрін тамашалады. Міне осылай, Қостанай қаласындағы №40 бөбекжай-балабақшасынада Наурыз мейрамы жақсы дәрежеде аталынып өтті.

Сонымен, бүгінгі күні елімізге шуақ жайып келген Наурыз мейрамы құтты болсын, молшылық, береке болсын, ұлыс оң болып, ақ көп болсын!

Брахметова Сәуле Мұратқызы

Қостанай қаласы,

№40 бөбекжай-балабақшасының

қазақ тілі пәнінің мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.