Кез келген егемен елдің рәмізі болатыны секілді өз валютасының болуы да заңды. Өйткені, ұлттық валютаны жариялап, оны айналымға түсіру тәуелсіздіктің басты қадамдарының бірі еді. Ал, теңгенің айналымға түсуі Егеменді Қазақстанның қаржылай да тәуелсіз екенін тағы бір жария етуі болатын.14-ші қараша Ұлттық теңге күні.Төл теңге ел мақтанышы,оның шығу тарихыда ерекше, ұлттық теңгені насихаттау баршамыздың борышымыз.
Қазақтың теңгесі 1993 жылы 15 қарашада айналымға енді. Ал, 1997 жылы 13 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев алғаш теңгенің айналымға түскен күнін «Ұлттық валюта күні» деп жариялады өз Жарлығында. Елдің егемендігін жаңа жар салған аумалы-төкпелі уақытта төл теңгемізді дүниеге әкелу тәуекелді қадам болатын. Мемлекеттегі экономикалық қиындыққа қарамастан, қазақ ұлтының тұңғыш валютасы жарық көрді, тәуелсіз елдің айналымына түсті. Осылайша Қазақ даласының ұлы тұлғалары Әл-Фараби, Абылай, Абай, Жамбыл, Сүйінбай, Шоқандарды бейнелеген алғашқы Қазақстан Республикасының теңгелері жарыққа шығып, айналымға түскені шын тәуелсіздіктің көрінісі болды. Тарихи мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі қазақ елінің аумағында алғашқы күміс монета XV ғасырда пайда болған. Отырар қаласында «таньга» деген атпен құйылған монета заманауи теңге атауының шығуына себепкер болды. Ал Қазақстанның ұлттық валютасы, төл теңгеміздің тарихы 1992 жылдан бастау алады. Алғашқы қағаз ақша Ұлыбританияда басылды. Ұлттық валютаның бекуі ел экономикасының аяғынан нық тұруына да септігін тигізді. Сол кезде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы құпия түрде арнайы топты жинады да, ақшаның дизайнын жасатуға Англияға жібереді. Лондонда жасалған теңгеміз 1993 жылы қарашада кеңес ақшаларын теңгеге ауыстыру жөнiнде шешiм қабылданды. 15 қараша күні таңертеңнен бастап құрамында қауiпсiздiк қызметi мен iшкi iстер органдарынан, облыс әкiмдiгiнен, Ұлттық банк өкiлдерi бар арнайы комиссия жаңа ақшаны жан-жаққа бөлуге кiрiстi.
Ұлттық валютаны енгізу Ұлттық банкке экономикалық, ақша – несиелік және валюталық саясатты дербес жүргізуге мүмкіндік жасады. Енгізілген тұстан теңге құбылмалы айырбас бағамының түзімінде қолданыла бастады.Осы оқиғалардан соң ілезде Қазақстандық банк аралық валюта биржасы құрылды. Жаңа қаржы институты валюта бағамын түзілдіру мен реттеу үшін керек болды. Биржалық сауда саттық алдымен аптасында екі рет, сонан соң 3 рет және ары қарай 1995 жылдан бастап күнделікті жүргізілді.1994 жылы Қазақстанның жаңа тарихында алғаш рет егеменді мемлекеттің экономикасы ұлттық валютаға негізделді. Бұл жыл күрделі болды. ТМД – қа қатысушы елдердің қаржылық жүйелерінің бөлінуі тиісті өзара үйлесімсіз, валютаны енгізу мерзімдерін, бұрын қол қойылған келісімдерді бұза жүргізілді. Бұған экономикалық қиындықтар, банк жүйесінің өркендеуі мен қаз тұру мәселелері қосылды.АҚШ долларына қатысты теңге бағамы 1994 жылы 8,6 есе кеміді. Бұл бірқатар себептердің салдарынан болды. Ең алдымен 1994 жылы инфляция шығандап 1158,3 пайызға жетті. Өзара есепке жазу сәтсіз жүргізілді. Теңге бағамына 12,6 пайызға жеткен өндірістің құлдырауы да теріс әсерін тигізді. Импорттық тауарларға қанағаттанғысыз сұраныстң көлемі едәуір болып қалды.Ал сыртқы сауданы ырықтандыру импорт көлемдерінің өсуін және оның экспорттан асуын тудырды. Сөйтіп бұл шетел валютасына сұраныстың артуына, демек, доллар бағамының өсуіне ықпал етті. Осы мезгілде кәсіпорындардың өкілетті банктер арқылы Қазақстандық банк аралық валюта биржасындағы тауарлардың, жұмыстардыаң, ісметтердің экпортынан түскен пайданың 50 пайызын міндетті түрде сатуын енгізуге тура келді. Бұл валютаның түсуін көбейтті және ұлттық валюта бағамын белгілі бір тұрақтандыруға келтірді. Қазақ халықының өз ұлттық валютасының пайда болуы тәуелсіз ел мемлекет екендігіміздің шынайы айнасы болып табылады. Қазақстанның ұлттық валютаға көшуі бұрынғыдан да нақты әрі тәуелсіз жоспар бойынша әлеуметтік-экономикалық реформалар бағытын жалғастыруға мүмкіндік береді. Ақша реформасын дәйекті жүргізу бізге көп ұлтты Қазақстан халқының тұрмыс жағдайын бірте-бірте жақсартуға көмектеседі.
Бекмұратова. Б. Қ
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғарғы колледжінің
1-ші санатты оқытушысы