Home » Жаңалықтар » Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы — білімді адам

Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы — білімді адам

«Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға,  ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет…»

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауынан

Білімді ұрпақ – ел болашағы. Тәуелсіздік алған тұстан бері білім беру саласында түрлі реформалар жүзеге асты. Әлемдік білім-ғылымның, инновацияның көшіне ілесу мақсатында биылдан бастап тағы да бірқатар реформаларға алғашқы қадам жасалды. Олар — орта білімнің жаңартылған мазмұнға көшуі, 12 жылдық білім беру жүйесін ендіру арқылы оқу жүктемесін азайту, орыс тілінде білім беретін мектептерде қазақ тілін жаңаша оқыту әдістемесі, 2019 жылдан бастап жоғарғы сыныптарда пәндерді ағылшын тілінде оқытуды енгізу, оқу бейнематериалдары, шағын жинақты мектептермен жұмыс, ҰБТ-дағы өзгерістер, мұғалімдермен тікелей байланыстарды жолға қою,т.б.

Осы реформаларды жүзеге асыру  жолында білім беру саласында да елеулі, әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Мемлекет тарапынан көптеген қаражаттар бөлініп, еліміздің көп жерлерінде мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстары өткізілуде. Қазақстандық ұстаздарға  жоғарыда аталған реформаларды сапалы түрде жүзеге асыру жолында ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан көмек көрсетуде педагогика ғылымдарының докторы Мақатова Жансауле Алиевна басқарып отырған білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық инстутының рөлі ерекше. Атап айтқанда, институт мамандары қазақстандық ұстаздарды кезең-кезеңімен  түрлі курстардан өткізуде. Сондай курстардың бірі 27.03-07.04 аралығында мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде тәрбие мазмұнын  жаңарту» тақырыбында өтіп жатқан 2 апталық 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсы. Аталған курс аясында тәжірибелі мамандардан дәріс алудамыз. Курс жұмысына институттың Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы Тайтанова Нуржамал Камбыловна  басқаруымен республиканың барлық аймақтарынан 29 тыңдаушы қатысуда. Сонымен қатар курс барысында  аға оқытушылар Акжаркин Тажихановна, Орынбек Исаұлы, Агима Абиловна, Гүлнар Токаевна секілді білікті мамандармен «Білім беру үрдісіндегі тәрбиелеу әлеуетін жоғарылату, оқыту және тәрбиелеу үдерістерінің интеграциясы», «Тәрбие үдерісін ұйымдастыруда «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» әдістерін қолдану», «Оқу-тәрбие үдерісін психологиялық қамтамасыз ету, педагогтер, ата-аналар мен балалардың психологиялық мәдениетін көтеру» және т.б. тақырыптарда интербелсенді дәрістер, практикалық жұмыстар, тренингтер мен семинарлар жүргізілсе, курс тыңдаушылары бір-бірімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында коучинг, шебер-сынып, тренингтер өткізіп, өзекті мәселелер төңірегінде SWOT талдау жасады. Курс кезінде барлық қатысушылар www.orleu.kz интернет-ресурс порталына тіркеліп, алдағы уақытта да бір-бірімен тәжірибе алмасып тұру мүмкіндігіне ие болды.

Әрқашан да білімімізді жетілдіріп, шығармашылық ізденісте бола отырып, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде кәсіби көмек пен қолдау көрсеткен «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушыларына, әсіресе, бізге жетекшілік еткен кафедраның аға оқытушысы Тайтанова Нуржамал Камбыловнаға шексіз алғыс білдіре отырып, шығармашылық табыс, қажымас қайрат, зор денсаулық тілейміз.

Тайтанова Нұржамал Камбыловнаның тобынан

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.