Тәуелсіздік – қазақтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздіктің бізге оңай келмегені бәрімізге белгілі. Сонау кездерде ата-бабаларымыз жерін жат елге беруге арланып, елін сақтап қаламын деп талай соғыс көрді. Енді сол Тәуелсіздікті алып берген ата-бабаларымыздың алдында бас иеміз. Осы Тәуелсіздіктің қызығына тоя алмай, бақытты ғұмыр кешіп жүрміз. Егер «Сенің ең бірінші байлығың не?» — десе, «Тәуелсіз Қазақстан!» — дер едім. 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздікті алдық. Осы күн мәңгі есте қаларлық керемет күн. Біз осы Тәуелсіздікті жылда тойлаймыз.
Еліміздің туына, елтаңбасына, әнұранына қарап отырсақ: «Тәуелсіз, егемен, еркін» — деген мағына береді екен. Мен өз Тәуелсіз Қазақстанымды жақсы көремін. «Отан үшін отқа түс күймейсің» — дегендей, елім үшін жанымды беруге әзірмін. Елін қорғау, мақтан ету әр адамның парызы. Отаныңды қорға, елің үшін ештеңеден аянып қалма, елім маған не береді? -деп емес, мен еліме не беремін? — деп, еліңді көркейтуге тырыс.
Осы өмірім үшін хандарыма, билеріме, батырларыма алғысым шексіз. Ұлтарақтай жерді ұлан-ғайыр ел етті. Солардан бөлек елімізде 130-дан аса ұлт өмір сүруде, яғни осы үшін Елбасыма алғыс айтуым керек. Біз – Тәуелсіз елміз, әрі әрдайым солай бола береді!
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ескене ауылы
Талдыбұлақ ЖОББ мектебінің
3-сынып оқушысы Төлеухан Шахнұр
Жетекшісі: Сақабаева Салтанат