Home » Мақалалар » Тәуелсіз ел тірегім,елім деп соғар жүрегім!

Тәуелсіз ел тірегім,елім деп соғар жүрегім!

 

Тәуелсіздк күні қарсаңыңда Қостанай қаласы №115 орта мектебінде елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында «Тәуелсіз ел тірегім,елім деп соғар жүрегім!»,-тақырыбында мектепішілік іс-шаралар өтті. Әр сыныпта тақырыптық бірегей сынып сағаттары ұйымдастырылып, үш буындық әдеби-сазды концерттер орын алды.Мақсаты өсіп келе жатқан жас ұрпақтың өз елін,жерін құрметтеп, рухы биік ата-бабаларымызың найзаның ұшымен, білектің күшімен  келген егемендігімізді өскелең ұрпаққа дәріптеу. Бұл үлкен іс-шараға мектебіміздің барлық ұстаздары мен оқушылары белсене атсалысты. Тарих пәнінің мұғалімі Нурмаганбетова С.А.  көне тарихи қойылым қойылып, тарихқа шолу жасатса, батсауыш сынып оқушылары мектепішілік театр мүшелері Кожухова А.Б жетекшілігімен  Қайраттың кейіпін сомдап, көрерменге батырдың батыл тұлғасын жеткізе білді.Сонымен қатар мектеп оркесторы Черниенков Ю.А жетекшілігімен «Азия дауысы» атты  сазды шығармада ойнап, көрерменнің еңсесін көтеріп,ерекше рух берді.Оқушылар үш тілде өлең оқып, патриоттық  әндер шырқап ұлттық аспаптарда күй ойнап, мың бұрала би биледі.Мектепішілік іс-шарамыз көрермендердің көңілнен шыға білді.

 

 

Султангалиева Г.К.

                                                                          Қостанай облысы,Қостанай қаласы,

                                                                                               №115 орта мектебінің

                                                                                        Ағылшын тілі ӘБ жетекшісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.