«…Уақыт қарқыны зымыран». Күш кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы , санымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ , бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды , сондықтан да мен еліміздің еңсесін биіктей беретініне сенемін деген ел басымыздың сүбелі сөзі тіршілікке жан бітірердей.
Қазақ тұрмысының тыныс тіршілігін кеңінен керегесін кеңейте отырып орайлы ордасын бір шаңырақ астында айрандай ұйытып, келісе тон пішіп бір кірпіш қалауын бірге қалап, ешбір ел иық теңестіре алмайтындай теңдігі жарасқан мәңгілік қазақ елін мұрат етті.Тәуелсіз таңның ажары сан ғасыр,жылдар бұрын ата-бабаларымыз ниет тұтқан,алынбаған қамалдай, жете алмаған арман еді. Қажыр қайрат қан төгіс тердің тегінен жетіп намыстың нар ботасындай болған «ар» сөзінің қырағы тәуелсіздік таңында көк туын жілбіретті. Біздің жеткен бұл жолымыз талай тайғақ тар жолында сыналды. Дегенмен ар намысты биік тұмарындай тұтқан ата-бабаларымыз салт санадан ажырамады.Ата-қоныс ұямыз өзгенің отары болып, сан ғасырлар ғұмырында қара қылды қақ жарған жарадай болып қырғын аламан соғыстар сай сүйегін сырқыратты. Отан үшін от кешкен кешегі қас батырлар. Адал істің ілегінде жазықсыз жала жабыстырылған арыстандай бес арысымыз. Желтоқсан ызғарының көк тайғағында еркек тоқты құрбаны болған жас жалындар, көштің басын қазақ хандығының керегесін құрып шаңырағын берік ұстаған Керей мен Жәнібек бүгінгі күннің дәйекті дәлелі. Тау мен тасты су бұзар. Ел арасын қу бұзар. Қазақтың іргесіне бас ұрған ішкі алауыздықтың сонымен қатар өзге елдің топарлары қазақтың шұрайлы жеріне көз алартып қу айласын үнсіз жыланша кіріп өз уын қазаққа аямай шашты. Бас көтере алмай күйініш алапыт тығырыққа тірелген тар заман қазақтың жүрегіне мұз басылды. Елім деп еміренген қазақтың қыз жігіті намыс пен ерлікке кедей болған жоқ . Аянбай өз жанын оққа тосты. Күрең шалған күз артынан қара қыстың ызғары бірінен бірі елдіктің еңсесін құлазытты.
Сөзге бай қазақтың жаны дархан кең көңіл, бүгінде өз кірпішінің керегесінің мықтылығына, беріктілігіне сөзсіз сенім артады.Тәуелсіздік тағының төресі қара халық соғыс сорақысынан дін аман. Еліміздің аспанынан бұлт көшіп жарықшақты күн нұры дидарланып бас иетін бәсекелестікке бой түзеді.
1991 жылы 16 желтоқсанның жұлдызында елімізде азаттық таңы жарықшақты бақ жұлдызы жанды.Тәуелсіздік таңының төл шамасына қырау-қырау өлеңдер мен шығармалар, біршама мардымды игі істер өз нәтижесін нүктеледі.
Жыл ат басын бұрғанша , ай аунап тұрғанша . Тәуелсіз қазақ елінің егеміндігінде біршама ауыз толтырып айтарлықтай айбынды алғырт, ағымдар өз арнасын тапты. Жетістік желкенінде ерік жігерін жасымаған жалынды жастар жолбарыстай қайратты қажырлы болуы тиіс.Тәуелсіз елдің еңсесін биік ұстар ол біз.
Еліміз біршама өзге елдерден ерекшеленіп ерік жігерін бойлай төл мерейін жыл сайын салтанатты түрде атап өтеді. Осынау байтақ даланың ұлы перзенттерінің басты парызы салт-санасын сақтаған, тәлімі мен бітімі жақсы жүйрік жылқыдай асауланған,оқуда алғырт шабандоздай, өмірде халқына пайдасы тиетін төзімді талпыныс танымы жақсы сенімді азаматтардан ғана болашағына бөгет болмайтын батыл қырандар туады. Тату елге тыныштық пен тоқшылық нәсіп. Аспаны ашық , мақсат нысаны айқын, мүддесі бір, бірлігі жарасқан тәуелсіз елдің қадамы өзге жаудан қорғана алады. Рухты күш жігері қазақтың қанындағы өршіп тұрған тыныс.Көк туымыздың асқақтап желбіреуі қазақтың бірлігі , кемелдігі, бостандығы.
Қостанай облысы, Рудный қаласы әкімдігінің
«№ 19 орта мектебінің»
қазақ тілі және қазақ әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Жаксылыхова Г.Н.