Мақсаты:
1. Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту,олардың шығармашылық танымын арттыру,дүниетанымын кеңейту.
Көрнекілігі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті. Жалаушалар.
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.
Жүргізуші сөзі: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар, қадірменді қонақтар және де колледжіміздің келешегі болған жас студенттер. Бүгін біз №6 Тігінші топ тарапынан дайындалған, Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіз елім » атты тәрбиелі сағатымызға қош келдіңіздер.
Ендігі кезекті осы тәрбие сағатымызды ашып беру үшін сөз кезегін №25 Д.А.Қонаев атындағы колледж тәрбие істер жөніндегі директордың орынбасарына берсек.
Жүргізуші сөзі:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын көнгілде қалыптасып,
Қазағымның қастерлі Әнұраны.
Әнұран айтылады.
Жүргізуші сөзі:
2-оқушы:
Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты, оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналыпта үлгерді.Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді.Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бырақ ең қиын білестерден аса білдік.Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды,сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін!– деп жазған Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы.
Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.
Ендігі кезекті достар «Осы күнге дейін» ата бабаларымыздың басынан кешкені туралы бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз.
Достар ендігі кезекті Желтоқсан туралы өлеңдерге берсек.
1-оқушы: Мадина
Желтоқсанның желі, аязы, ызғары,
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға,
Азап шекті қайсар қазақ қыздары.
Талай қазақ қыздарында тоңдыра,
Талай қазақ гүлдерінде солдыра.
Ел билеуге алып келді Колбинді,
Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.
Егеменді бұл елімнің елдігі,
Егемендік барлық ұлттың теңдігі.
Егемендік елін, жерін қорғаған,
Ербол менен Қайраттардың ерлігі
Желтоқсаным тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсанда қәдір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерде сақтау керек үнемі.
2-оқушы: Рухсора
Қазақстан тәуелсіз ел
«Жауына табынбаған,
От болып жалындаған…»
Азаттық қоныс қылған,
Елінде бақыт тұнған.
Қыраны еркін самғап,
Аспанда қалықтаған.
Желбіреп жалаулары
Иені жоқ даласында
Әнұраны шарықтаған.
Бәріне құшақ ашып,
Ешкімді жатсынбаған.
Көңілі ашық қашанда,
Бар елмен туыс болған.
Дұшпаны тұрса күліп,
Қиып түсер қылыш болған.
Дәстүрін ұмытпаған,
Ұлыларын ұлықтаған.
Зымзия харамдарды,
Жанына жуытпаған.
Қадалған жерден қан алып,
Өліспей беріспеген.
«Көздерінде от ойнар»
Ұлдары батыр кілең.
Қисынынан сөз табар
Өр халақы ақын кілең.
Осындай бар ма ел десе,
Ойланбастан айтар ем
Қазақстаным бұл менің!
3-оқушы: Зулфия
Қалқам мен Лермонтов Пушкин де емес,
Есенмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі қүдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
Жат жерді жастанғанда жазатайым,
Қанымен жазды мүмкін ағатайым.
Қасиетіңнен қара өлең айналайын,
Қазақтың дәл өзіңдей қарапайым.
Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,
Аңызыма неге нәр тамызбайын.
Қара өлең қазақтың қаза болса,
Қара көзден неге қан ағызбайын.
Жүргізуші сөзі:
16- желтоқсан күні қазақ жастары Республика алаңына бейбіт шеруге шықты.Үкімет жастарға қарсы күш қолданды, қаншама өмір қыршыннан қиылды. Қаншама ана аңырап баласын жоқтады. Тірі қалғандары қуғынға ұшырады, оқудан, жұмыстан босатылды. Олар кейіннен ақталғаны мен бәрі-бір жүректе сыз қалды. Ел намысы жолында құрбан болған, аға-апаларымыздың әруағына бас иеміз. Біздің тәуелсіз жас мемлекетімізді олардың рухтары қолдасын. Енді назарларыңызға «Желтоқсан оқиғасы » атты бейнеролікті ұсынамыз.
Жүргізуші сөзі:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан елім менің!
Енді кезекті тобымыздың биші қыздарына берсек. «Алға Қазақстан» биімен қарсы алыңыздар.
Бүгін біз еліміздің сан-мың жылдар бойы армандаған , сол жылдар бойы,ғасырлар бойы, найзаның ұшымен, білектің күшімен, еліміздің ерен ісімен,кешегі екі дүниені дүрсілкіндірген «Желтоқсан» оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріппен жазылатып қалатын ол – «16 Желтоқсан-Тәуелсіздік күні»
Келесі кезекті әнші қызымыз Зулфия Юлдашеваға берсек. «Туған жер» әні қарсы алыңыздар.
Достар, біз ендігі кезекті тобымыздың таңдаған мамандығы бойынша істеген шығармалық жұмысын назарларыңызға ұсынамыз. Тамашалаңыздар.
Тәуелсіздік күн еліміздің барлық азаматтар үшін орны ерекше мереке деп білеміз,себебі,осынау жүрек-жарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Сахна төріне тобымыздың биші қыздарын бимен қарсы алайық.
Жүргізуші сөзі:
Ендігі кезекті тобымыз қыздарынан құралған «Жұлдыздар» атты КВН құрама командасына кезекті берсек. Сахна көрініс.
Желтоқсан оқиғасы халқымыздың ұлттық намысың оянуы, саясы сананың өсуі.Сан ғасыр,сан жылдар бойы көрсетіп келген әділетсіздікке шындықтың мінсіз бұрмалануына қазақтардың көрсеткен қарсылығы тарихы құбылыс. Ендігі кезекті тобымыз әнші қызы Зулфияға берсек. «Тәуелсіздік » әні қарсы алыңыздар.
Жүргізуші сөзі:
Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап , көкейге түйіп елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз. Бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті,жанын қиды.Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа-ағаларымыз қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз.
Осымен құрметті достар №6 Тігінші тобының дайындаған «Тәуелсіз елім » атты тәрбие сағатымыз да өз аясына жетті. Бүгінгі тәрбие сағатты өткізуге көмектескен №6 Тігінші тобының жетекшісі Абдураимова Шоира және де өндірістік шебері Х.Нартаеваларға өз алғысымызды айтамыз.
Ендігі кезекті осы тәрбие сағатымызды қорытындылау үшін сөз кезегін №25 Д.А. Қонаев атындағы колледж тәрбие істері жөніндегі директорның орынбасарына берсек.
Қорытынды сөз: Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген Қазақ елі, құдай қаласа, гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік.
Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола берсін!
Еліміздің, елдігіміздің белгісі – көгілдір туымыз, қасиетті көк байрағымыз көкте қалықтап, желбірей берсін!
Сабағымыздың мәнді, мағыналы болып өтуіне бар білімі мен күш-жігерін салған оқушылар, сіздерге рахмет!
Көңіл қойып тыңдаған қонақтарымыз – аяулы ұстаздар, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін, ілтипат-ниеттеріңіз үшін сіздерге зор алғысымды білдіргім келеді! Осымен сабағымызды әдеттегідей музыкалық қоштасумен аяқтаймыз.
Абдураимова Шоира Садуллаевна,
Д.Қонаев атындағы
№ 25 колледждің
тарих пәні оқытушысы,
ОҚО,Сайрам ауданы