Home » Ашық сабақтар » Тәуелсіз елдің ұланымыз. Махарова Гульмира Созакбаевна

Тәуелсіз елдің ұланымыз. Махарова Гульмира Созакбаевна

Сабақтың мақсаты: Тәуелсіздік күнінің қалай келгендігі туралы түсінік беру, қаһармандардың ерлігімен таныстыру, ой өрістері мен тіл байлықтарын дамыту. Ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: мемлекеттік рәміздер, шарлар, плакаттар, баннерлер, видеоролик, слайдтар.

Сахна безендірілген.

Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар мен қонақтар! Сіздерді тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға бақыт, береке тілейміз.

Тәуелсіздік мерекесіне байланысты дайындаған тәрбие сағатымызды бастамас бұрын сіздерді бұл мерекенің маңыздылығымен таныстырып өтейін.

Тәуелсіздік жолында өздерін құрбан еткен Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбираның аңсаған армандары мен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты.

Тәуелсіздік- қазақ елі үшін киелі ұғым.

Енді сынып оқушылары дайындаған «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер

Бейбарыс: сырттан жүгіріп келіп, Сүйінші, сүйінші!

Бақдаулет: Бейбарыс неге сонша қуаныштысың? Не болып қалды?

Бейбарыс: Бақдаулет, бізде үлкен қуаныш. Биыл тәуелсіздігімізге 26 жыл толды.

Жібек: Иә, Қазақ елінің сан ғасырлар бойы аңсап келген тәуелсіздігіне 26 жыл толды. Олай болса Бейбарыс 3 «Ғ» сыныбының ашық тәрбие сағатына қош келдің.

Қадыржан:

Қандай бақыт, қуанышты күн бүгін

Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.

Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,

Елің алды, егемендік, теңдігін.

 

Жасмин:

Тәуелсіздік – санамда, ұғымымда

Тәуелсіздік – тарихым, ғұмырымда.

Күн көтерген қыраным қанатымен,

Кестеленген Туым тұр тұғырыңда.

 

Арыстанбек:

Әнұран – менің оттай ар намысым,

Намысым зау биіктен аңғарылсын.

Әнұран айтылғанда кеудемдегі

Жүрегім дайын тұрар самғау үшін.

Хор: ҚР Әнұраны

Бақдаулет: Баршаңызды Қазақстан халықтарының мерейтойы Тәуелсіздіктің 26 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жібек: Жүрегі Отан деп соққан, әрбір азаматтың мерекесі, еліміздің мерекесі

Бірге: ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Нуриман:

Тәуесіздік көптен күткен бақытым,

Әзер тапқан баға жетпес жақұтым.

Өркендей бер пейілі кең қазағым,

Қалықтасын көк аспанда бақ құсым

Ұлболсын:

Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің!

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің!

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан-елім менің.

Ғалия (ағылшынша)

Альдемир:

16- желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн!

Азақтықтың ақтаң,

Арайланып атқан күн.

Көңіл толып, шаттанып,

Қуанышқа батқан күн.

Мерекеге шығады,

Бүкіл халық біліп қой.

Отандастар ұғады,

Тәуелсіздік — ұлы той.

Нұриман:

Судьбу народа славлю песней,

Прильнув челом к святым местам.

Нет на земле страны чудесней

Ты наша гордость – Казахстан!

Бақдаулет: Біз осы күнге қалай жеттік? Еліміздің тәуелсіздігі үшін талай шайқас болды. Бұған патриот қазақ жастары қатысты. Олар өз елін, жерін, тілін сақтап қалу үшін шайқасты.

Жібек: Туған елдің азаматтығы мен тәуелсіздігі жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанқызы, Ербол Спатаев сияқты көптеген қазақ жастары «Желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлық пен ерлік көрсетіп құрбан болды»

Жасмин:

Еркіндікке желтоқсаның бастады,

Қазақ жасын бүкіл әлем қоштады.

86 жаңғырығы жар салып,

Тәуелсіздік ұлы ұранын тастады.

Елемепті қысқы ызғар суықты

Өне бойын жастардың қан жуыпты.

Қайрат, Сабира, Ербол, Ләззат жас қырандар аяулы

Өз халқының бағы болып туыпты.

Сахналық көрініс

  • Алаңдағы шеру
  • Анасының хаты
  • Қайраттың ақтық сөзі

Жанель:

Тәуелсіздік оңай бізге келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді.

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О тәңірім, бізді баққа жолықтыр.

Сәбитбай:

Бүгін міне Тәуелсіздік, ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.

Қазақпын еңселі елім, егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Қазақпын, қойнауы құт, жері дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәріне айтам.

Ән: Шұғыла: «Ағатайым»

Бақдаулет: Ал, енді мына тақтаға назар салып Тәуелсіздікке қалай жеткеніміз туралы, үзінді тамашалайық.

Деректі фильм

Тілші залға суретшісімен бірге кіріп келеді.

Жібек: Сәлеметсіз бе, сіздер кімсіздер?

Тілші: Сәлеметсіз бе! Мен «Қазақстан» телеарнасына келген тілшімін. Бүгінгі Тәуелсіздікке арналған мерекелік шара туралы сұхбат жүргізбекшімін. Мен балаларға рұқсат болса, бірнеше сұрақ қойсам деймін. Болады ма?

Жібек: Иә, әрине қойыңыз. Біз жауап беруге әрдайым әзірміз.

Тілші: Қазақстанға Республикасы қай жылы өз тәуелсіздігін алды?

Жауап:

Тілші: Еліміздің рәміздеріне нелер жатады?

Жауап:

Тілші:

Жауап:

Тілші: Жарайсыңдар, балалар, сендер бәрін біледі екенсіңдер.

Ән: Бейбарыс «Аспанға қараймын»

Дияр:

Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл,

Ей келешек, жан тәніңмен ұғып біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл.

Т- Білдіреді теңдікті

Ә-Әдептілік өрлікті

У-Уайымсыз уақытты

Е-Егемендік елдікті

Л-Дейді лағып лепірме

С-Сенімділік секілді ең

І-Ілтипат пен ізет қой

З-Зиялылық тілек қой

Д-Шақырады достыққа

І-Ілкімді боп сақтыққа

К-Дейді күн бол көктегі

Көз алартпа көршілерге, қол сұқпа.

Жібек: Сол бір қаһарлы Желтоқсан күндерінен бері талай жылдар өтті. Қазақстан өмірінде, көптеген айтулы өзгерістер болды. Енді тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктерге назар аударайық.

Жылдар шығады ортаға:

  • 1991-2016 жылдар
  • Бақдаулет: Тәуелсіз мемлекетіміздің жайнап, гүлденіп, нығая түсуіне бәріміз үлес қосуымыз керек. Еліміз Қазақстан гүлденіп жайнай берсін!

Хор: Мәңгілік ел

Қорытынды сөз.

 

Махарова Гульмира Созакбаевна,
№46 мектеп-лицейдің
бастауыш сынып мұғалімі,
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Шымкент қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.