Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген.
Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда ел Президенті Н.Ә. Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.
2018 жылдың 26 наурызы мен 6 суір аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы АОПКБАИ базасында Информатика пәні бойынша екі апталық білім беру жүйесін жаңарту аясында біліктілікті арттыру курсы өтуде. Курс тренері институттын аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Каракушекова Фатима Наубатовна жетекшілік етуде.
Курстың тақырыбы — «Информатика пәні бойынша педагогикалық кадырының біліктілігін арттыру» тақырыбындағы курстың мақсаты: «Информатика» пәні бойынша бағдарламаны жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мән мәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Курстан білгеніміз дәстүрлі оқу бағдарламасының жаңартылған оқу бағдарламасыннан айырмашылығы оқу мақсаты штрих кодпен белгіленген. Осы оқу мақсатын негізге ала отырып сараланған сабақтың мақсатын барлығы, кейбірі, көпшілік оқушыларға шығарып, одан бағалау критерийін анықтауды білдік. Оқушыға берілетін тапсырмалар бағалау критерйіне негізделеді, тапсырмадан дискриптор құру жолдарын түсіндік. Дискриптор тапсырманың қадамды орындалуы, оқушыға нақты әрі өзінің жұмысын қандай деңгейде екенін анықтау қиынға түспейді. Оқу бағдарламасы спиральді қағидатқа негізделген, онда бір сыныпта берілген тақырып сынып жоғарылаған сайын кеңейтіліп, күрделеніп қайталанып отырады. Оқушылардың берілген тақырыпты ұмытып қалмай қайталанып отыруына, есте сақтау дағдысы дамиды. Сонымен қатар «Мәңгілік ел» патриоттық актісінің жеті құндылығын оқу – тәрбие үрдісінде оқушылардың бойына дамыту жолға қойылған. Бұрынғы кезде мұғалім айтып беретін, сабақты түсіндіретін, бұл бағдарламада оқушы өзі оқиды, оқығанын жеткізеді. Оқушылардың айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым дағдылары қалыптасады. Информатика сабағында оқушылар тәжірибелік жұмыстар жасайды, тапсырманы орындайды, бірақ сөйлеу дағдылары қалыптаса бермейді. Ал жаңартылған бағдарламады әр пәннің өзіндік тілі,яғни академиялық тілі жақсы дамиды деп ойлаймын.
Жаңартылған білім беру бағдарламасында әдіс – тәсілдер арқылы тапсырманы түсінудің жолдарын қарастырамыз. Топта, жұпта жұмыс жасағанда оқушылар еркіндікке, өз ойын толық жеткізуге мүмкіндіктері жоғарылайды және білімді өздігінен үйренеді.
Білім беру жүйесін жаңарту аясында өз ойын еркін жеткізетін, алған білімін өмірмен ұштастыра алатын бәсекеге қабілетті тұлға дайындауға мүмкіндігі жоғары екеніне сенімім мол.
Алматы обл. Іле ауданы Боралдай кентінің
К.Әзірбаев атындағы №15 орта мектебінің
Информатика пәні мұғалімі Оналбаева С.Е.
және курстың тыңдаушылары