Home » Ашық сабақтар » Тәуелсіз елдің көшбасшысы

Тәуелсіз елдің көшбасшысы

 

 

Жасакбаева Кенжегүл Хамзақызы,
№43 «Гүлдәурен» балабақшасы

 

 

  Мақсаты: Балаларға тәуелсіз егемен сөздерінің мағынасын кеңінен түсіндіре отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тұңғыш Президент мерекесі жайлы айта отырып бүлдіршіндерге елбасының жасаған еңбектері жайлы жалпы ұғым беру. Отанға елбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Тәрбиеші:  Балалар қане айтыңдаршы бүгінгі тақырып кім жайлы


Балалар:Елбасы
Тәрбиеші: Қәне  ендеше бізге елбасына деген жылы лебізін Төле би айта қойсыншы.

Тәуелсіздікті елге сыйлады .

Бейбітшілікті қалады .

Орындалып арманы .

Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине.

Елбасының арқасы


Тәрбиеші: Елін сүйген еңселімде еркінім. Аппақ таңнан дауысыңды естіп елтідім
Тәрбиеші: Балалар Тәуелсіз сөзі – толық еркі бар, ерікті бағынышты емес.
Ал  Егемен сөзі – өз билігі бас бостандығы өзінде тәуелсіз.
Тәрбиеші: Балалар қазір сіздерге елбасының балалық шағы және халыққа қосқан реформалары жайлы бейне көрсетіледі.
Таспа 5-минуттық.
Тәрбиеші: Балалар қане ендеше біз шаттық шеңберін жасап жіберейік.
Тәрбиеші: Елбасының  Елбасы жолы деген слайдты 5 минут тамашалау.
Тәрбиеші: Балалар бейнетаспадан кім жайлы не жайлы екенін өз сөздерімен  баяндап беру.
Тәрбиеші: Балалар қәне бері қараңдаршы мынау қай елдің картасы, балалар ҚР картасы.
Ол олай болса қай облыста не өндірілетінін кім көрсетеді. Балалар кезек-кезек көрсетеді .
Тәрбиеші: Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім
Балалар:  Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан  Назарбаев  Әбішұлы.
Тәрбиеші : Біздің  елордамыз қай қала?
Балалар  Астана.
Тәрбиеші: Балалар бізге Айбек  Елбасына деген жылы лебізін айтқысы келеді екен қане тыңдалық,
Тәрбиеші: Балалар бізге Адият мақал-мәтел дайындап келіпті бәріміз тыңдап көрелік.

«Халықтың ортақ үйі Отаны»
«Өзге елге сұлтан болғанша,өз еліңе ұлтан бол»

Тәрбиеші: Балалар біздің Астанамызда қандай монументтер бар, соның ішінде бәйтерек монументтін кім
жақсы бояп береді екен, Ұжымдық жұмыс.
Тәрбиеші: «Күн сәулелі Қазақстан » әнімен осы ҰОІӘ аяқтаймыз.
Тәрбиеші: Балаларға Елбасының халық үшін ,елі үшін білуі керек екенін түсіндіре білуге тәрбиелеу.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.