Тәуелсіз елдің ақ таңы,
Жарқырап нұрға бөленген
Жақсылықтың шуағы,
Еліме тек көрінген
Егеменді елім бар.
Тілім бар, дінім, туым бар,
Аспаны ашық елімнің
Дұщпаны болса, құрыңдар,
Құрыңдар, көзді тікпеңдер.
Елімнің юайтақ жеріне,
Тәуелсіз елім көктенер.
Көгершін ұшып көгінде
Бейбітшілік аспаны,
Жабылмасын бұлтпенен
Елбасымыз аман боп,
Бірге болсын жұртпенен,
Жұртым, елім дегенде,
Елбасымыз қамқор боп,
Ынтымақ бірлік береке
Кетпесін елден мереке,
Түспесін елге көлеңке
Тәуелсіздік тамыры
Жайыла түссін тереңге
Көк туымыз желбіреп,
Қайрат берсін көргенге.
Қазақ тілі төл тілім
Қуат берсін білгенге
Қазақ болып өзімнің
Туғаныма мақтанам
Қазақша бәрі сөзімнің
Ана тілімен шаттанам
Шаттанам мына еліммен
Кең байтақ асқар жеріммен
Елім үшін тер төгіп,
Көрінсем ғой төрінен
Көрінсем егер көгінен,
Еңбек етем «Елім» деп,
Алыстығы жоқ болар
Бір тауыңмен көрінген.
Ермек Әлия
№182 ЖББ мектептің 10 «Ә» сынып оқушысы,
Алматы қаласы