Home » Білім және тарих » Тәуелсіздік — ұлық мереке

Тәуелсіздік — ұлық мереке

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» — деп Елбасы Н.Назарбаев ел жастарына үндеу тастап отыр.

Қазағым, нақтыланып қазақтығын,
Жиырма бес жыл тойлаймыз азат күнін.
Аллаға сансыз шүкір, біздер көрдік,
Абылайдың аңсаған азаттығын.

Бәріңе шүкір айтып өткендердің,
Қазағым нені бастан өткермедің.
Тарихты парақтасам қолыма алып,
Бәрі қайта көрінер өткені елдің.

Соғыстың неше түрі, аштықпенен,
Саясат жасалынды қастықпенен.
Қуғын-сүргін, тәркілеу кезеңінде,
Ала алмадың көрпені жастықпенен.

Үдере көштің сыртқа, Елім-айлап,
Жеріңді дінсіз, тілсіз кетті жайлап.
Ошағыңнан от сөніп үлгермеді,
Талан-тараж шашылды пышақ, қайрақ.

Сол кездері қауіп көп төнген еді,
Басшыларда басқармай жөнмен елді.
Ұжымдасу, тың жерді игеруі,
Ұрынса да қатеге жөндемеді.

Орны толмай кезінде олқылардың,
Дами алмай қайтадан тоқырадың.
КОКП-ның басқарған саясаты,
Алдыға жүру еді соқыр адым.

Түбегейлі бетбұрыс жасалынды,
Азаттыққа желтоқсан жасады үлгі.
Одағымыз күштерін жұмылдырып,
Азаптады қайсар қыз, қайсар ұлды.

Одан кейін қайтадан біз құрылдық,
Дағдарыстан шыға алмай тым құрыдық.
Сол кезеңде елбасы өз қолымен,
Қақты елдің қазығын нық тұғыр ғып.

Содан бері жиырма бестей  жыл өтті,
Ұмыт қалды бәрі де бастан кетті.
Төрткүл дүние төңірегі түгел танып,
Қазағымның жүздерін жарқын етті.

Тәуелсіздік таңдары арайланып,
Қазақстан келеді алға дамып.
«Елім деген еңбегі Нұрағаның,
Елі үшін ерекше туған алып!»-деп жүрегімнен  шыққан жалынды жырым тәуелсіздікке тартуым болары анық.

Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл — бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол – өлең, ол – ән, ол – сұлулық, ол – асқақ арман, ол – шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында. Жарастығымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да қиясы, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан. Талай — талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!

Қазір біз өркендеудің жаңа жолына, әлеуметтік дамудың жаңа кезеңіне бет алдық. Елбасы бекіткен бағдарламалар, оның бағыттары және нәтижеге жету жолдары көрсетілген. Сол бағытты ұстанып, болашаққа сеніммен қарайық!

 

 

Батырхан КАРАШИНОВ

№10 ЖОББМ тарих және география пәні мұғалімі,

Адеми БИСЕНГАЛИЕВА

ТАТК тарих және қоғамдық пәндер оқытушысы,

Арқалық қаласы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.