Ел жадында қалған 1986 жылдың жeлтoқсaнындa тәуeлсіздік үшін күрeскeн жaндaрғa тoқтaлaтын бoлсaқ, өз eлінің бoстaндығы, eркіндігі үшін күрeсіп , «бұзaқылaр, ұлтшылдaр» деген кінә тaғылып, тәуeлсіздік жoлындa Қaйрaт Рыcқұлбeкoв, Ляззaт Aсaнoвa,Eрбoл Сыпaтaeв, Сәбирa Mұхaмeджaнoвa жәнe тaғы бaсқа қaзaқ жaстaры жeлтoқсaн oқиғacы кeзінде қaйcaрлықпeн eрлік көрсeтіп, құрбaн бoлды. Өмір – өзең тoлқындaры бізді әйгілі 16 жeлтoқсaн oқиғacынан уaқыт өткен caйын алыcтатып әкетіп бара жaтca да, жүрeктeрде мәңгілік ұмытылмaйтын бір нәрce бaр. Oл дүниeні дүр cілкіндірген coл күндерге куә қaзaқ жaстaрының рухынa, eрлігінe дeгeн тaғзым мен құрмeт. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. 1991 жыл — еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Тәуелсіз елім осындай аз уақытта экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Еліміз жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алдыңғы орынға шықты .
Қазіргі таңда Тәуелсіздік — барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі — ең алдымен халқымыздың бақыты. Еліміздің қайта өрлеп, шарықтап, жұлдыздай жарқырап көптеген жетістіктерге жеткенін, бүгінгі тамаша өмірін мақтан ете отырып, сан-саналы өміріміздің нәрі халқымыздың ынтымағында, бірлігінде , бейбіт өмірінде деп ойлаймын.
Мұндай жетістік–Елбасымыздың елеулі еңбегінің арқасы. Елбасының арқасында бүгінгі Қазақстан – еңселі Қазақстан, мәртебесі биік, шоқтығы да биік ел! Өйткені, Елбасы –рухы биік, жасампаз, болашаққа үлгі, ізгі іске сендіре алатын тарихи тұлға, халқымның қалаулы перзенті.
Болашақтың ұрпақтары — біз. Тәуелсіздіктің, егемендіктің көк туының астында аңсаған арманымызды- егемендік, тәуелсіздік, тұтастық, бірлік, азаматтық құндылықтар «байлығымыз да бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек».
Тәуелсіздік тұғырым (тәрбие сағаты)
Мақсаты:
1. 16 желтоқсан тәуелсіздік күні екені туралы түсінік беру.
2. «Тәуелсіз, егемен» деген сияқты сөздердің мағыналарын ұғындыру арқылы сөздік қорларын толықтырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Балалардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Мерекелік ертеңгілік өтетін залға балалар музыка әуенімен кіреді.
1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. Міне, биыл тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 26 жыл толды. Осы тәуелсіздік Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатайұлы, Ләззат Асанова сынды қазақтың батыр, қаһарман ұл-қыздарының арқасында келді.
Соған назар аударайық. (Слаид қарау)
Олардың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі, қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
Мәди: Айтар әнім, сөйлер сөзім,
Туған жерім — сағынарым,
Мәңгі-бақи шырқалады
Республика әнұраным!
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.
Амина: Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше болып мәңгілік,
Ел жадында қалған күн.
Амира: Он алтыншы желтоқсан —
Елдің ұлы мейрамы.
Жаңа шыққан көктемдей,
Жаз күніндей жайдары!
Қайырлан: Арымыздай тап-таза,
Жанымыздай шуақты.
Көтерілді биікке,
Қазақстан байрағы!
Ән: «Он алтыншы желтоқсан»
Тәрбиеші: Еліміз егемендік алып, міне, сендер таза ана тілінде сөйлей бастадыңдар. Еліміздің нағыз ұлтжанды, елін, Отанын сүйетін нағыз азаматтары — сендерсіңдер. Болашақтарын жарқын болатынына сенімім мол. Отанымыз жайында тақпақтарды тыңдайық:
Алинұр: Шұғылалы таңымыз,
Қазақ жері бағымыз.
Қайнарынан мөп-мөлдір,
Сусындайды жанымыз.
Қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тартыс»
Тәрбиеші: Күштеріңді көрсеттіңдер, ал енді білімдеріңді сынағым келіп тұр.
- Қазақстан Республикасының Президенті кім?
- Қазақстанның астанасы қай қала?
- Қ.Р рәміздерін атап бер?
- Тудың түсі қандай?
- Туда не бейнеленген ?
- Елтаңбада не бейнеленген?
Би: «Аққу»
Сансыз бұлақ ағып жатты бұлқынып.
Таңым атты шұғыладан нұр құйып.
Шетте жүрген бауырларым бас қосты,
Егеменді «Қазақ» деген ел болып.
Ән: « Қазақстан жалауы»
Тәрбиеші: Бүгін міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз. Егеменді елдің болашағы — сендерсіңдер! Баршаңызға зор денсаулық, көңілдеріне шаттық тілей отырып, тәрбие сағатымызды аяқтағым келіп отыр. Келесі мерекеде кездескенше қош сау болындар!
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Досмухаметова Күмісай Мұхамедғалиқызы,
“Гүлдер” балабақшасының тәрбиешісі
Қостанай облысы, Қостанай ауданы