Home » Сценарийлер » Тәуелсіздік-тұғырым!

Тәуелсіздік-тұғырым!

 Барысы:
«Тойбастар» күйі. (хабарланбайды)
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар! Бүгінгі «Тәуелсіздік-тұғырым!» атты іс-шарамызға қош келдіңіздер.
1-жүргізуші:

Отан дегеніміз – адамның туып-өскен жері, туған-туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны — Қазақстан Республикасы.
Қазақстан – біздің кіндік кесіп, қанымыз тамған туған жеріміз.

2-жүргізуші:        

Қазақ жері – бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұланғайыр кең өлке. Каспийден Алтайға дейін, Алатау мен Қаратау жоталарына дейін созылып жатқан осынау кең дала – біздің сүйікті Отанымыз.

 Ән  «……………………………………………. »

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату-тәтті бірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

2-жүргізуші:        

Барлық ұлттың басын қосты бұл достық,
Ұлы достық,
Нұрлы достық,
Күн достық .
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты.
Биші қыздар биімен де үн қосты.  (би)

1-жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті.
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.
2-оқушы:

Қайда жүрсем ойлап сені жүремін,

Сүйікті елім, момын елім, ұлы елім.

Саған ғана арқамды мен сүйедім,

Саған ғана аяғымды тіредім.

 Ән  «……………………………………………»

 

1-жүргізуші:

Келді осылай аңсаған күнімізде,

Көптен күткен Тәуелсіздік келді бізге.

Қайта оралды сан ғасырлық қиындықтан,

Қасиетті тіліміз бен дініміз де.
Монтаж. ( 4 оқушы)            (слайд)

Қазақстан Республикасының тарихи кезеңдері:

1989 жылы — Тіл туралы Заң қабылданды.

1990 жылы — Қазақстан егемендігін жариялады.

1991 жылы — Тәуелсіз Заңы қабылданды және бірінші Президент сайлауы өтті.

1992 жылы- Мемлекеттік рәміздер қабылданды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданды.

1993 жылы- Ұлттық валюта — теңге, бірінші Конституция қабылданды.

1995 жылы — жаңа Ата Заңы қабылданды

1997 жылы -«Қазақстан-2030» Жолдауы жарияланды, астанамыз Алматыдан Ақмолаға көшті.

1998жылы- Ақмола қаласы Астана деп аталған.

2006  жылы- жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды.

2011 жылы – Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл толды. Қысқы Азиада  олимпиадасы өтті.

2012 жылы — 1 желтоқсанда  Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті  күні тойланады.

2-жүргізуші:
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Өлең оқылады.         (1 оқушы)

Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап,

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

1-жүргізуші:
Әсем ән тербеледі, теңселеді,

Талай қыр, талай сырды еңсереді.

Сермейді, сұңқылдайды сыңғырлайды,

Ез емес, еңселі ері, ел сенеді.

2-жүргізуші:

Дала, тыңда, әнімді, қала, тыңда!

Тыңдамаған арманда қалатын да.

Шырқап келем, шарықтап ұшып келем,

Махаббаттың, бақыттың қанатында.

Ән: ………………..


1-жүргізуші.
Болашағына байыппен қарап, барын бағалай білетін, ұрпағын үмітіне сай тәрбиелеген ел озады. Ұлттық дәстүрдің бесігінде тербетіп, тәрбиелеп өсірген елдің болашағы қашанда жарқын, іргесі берік, мәртебесі биік болмақ.
2-жүргізуші.
Тәуелсіздіктің туын биік көтерген ұрпағымыз бабаларымыздың аманатын ұрпақтан ұрпаққа жеткізейік.

 1-жүргізуші

Қазақстан!
Қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек,  жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,?
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.
Монтаж. Оқушылар.    (әріптермен)

Т- білдіреді теңдікті,
Ә- әдептілік, әлдікті, әділетті.
У- уайымсыз уақытты
Е- егемендік елдікті
Л- дейді лағып лепірме
С- сенімділік секілді ең,
І- ілтипат пен ізет қой,
З- зиалылық тілек қой.
Д- шақырады достыққа
І- ізеттілік
К- дейді күн боп көктегі.
Оқушылар бірге.Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.

2-жүргізуші:

Елбасымыз айтқандай XXI ғасыр – жастар ғасыры.

Біз — халқымыздың үмітін ақтарар, өлкемізді көркейтер жастармыз.

1-жүргізуші:

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік.
2-жүргізуші:

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Нурахметова Толкын Марлановна,

№7 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі,

Петропавл қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.