Home » Ашық сабақтар » Тәуелсіздік – тірегіміз

Тәуелсіздік – тірегіміз

Мақсаты: 1.Атамекен тарихымен таныстыру талай ғасырлар бойы еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсаған еліміздің біртұтар ұлдарының өмірінен мағұлұмат беріп, солардан үлгі – өнеге алуға тәрбиелеу.
2.Сұлулықты бағалап, сөз қадірін түсіну қасиетін оқушылардың бойына сіңіріп, ұғындыру. Оқушыларға бір сәт өздерін ұлы тұлғалардың ұрпақтары екендіктерін ізгілікпен сезіндіру.
Көрнектілігі: Ұлттық киімдер, батырлар қаруы, әскери киімдер, плакаттар.
      Жоспары:
I.Әнұран.
II.Кіріспе бөлім.
1.Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген.
III. Егемендік ел болудың белгісі. Жыр – шашу.
Ғасырлар бойы ата – бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздіку таңын аңсап өтті. Олар көксеген арманға XX ғасырдың соңына қарай қол жетті. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт – бағдарын ұстанған, өркиенетті елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық.
1 – оқушы:Мен қазақпын,биікпін,байтақ елмін,
Қайта тудым,өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тітілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді,айта бергім!
Иә, қайран қазағым! Ұзақ уақыт «Мен қазақпын мың өліп, мың тірлген» деген астарлы сөздің мәнін ұға алмай, ұқсақ та ашып айта алмай келдік.Айту үшін тарихқа байлау керек болды, ал тарихтың тұңғиығына шомлсақ қарауылға іліндік. Ол сөздің салмағын, маңызын жармялылық таңында ғана түсіндік.
2 – оқушы:
—  Уа, қасиетті,Атамекен;жер – ана, армысың?!
Қарт тарихтың бергісі мен арғысын,
Көз алдыңнан тізіп бәрін өткіздің
Ол туралы күмбіздер бар,тас мүсін.
Ер қазақтың басын қосқан сен едің,
Дұшпанға ақ боп, достарыңды жібердің,
Айбыныңмен сонау көне замашда – ақ,
Кемеліне келген елге тең едің.
Арғы атамыз – арыстандай сақтарда,
Ет жүректен саған сырын ақтарған.
Сыр шертейін, мына болған ұрпаққа,
Сонау шалғай, сол бір шалғай шақтардан.
3 – оқушы:
Иә, мен Атамекен, екі мың жасқа келдім,
Әлдилейді тербетіп аспаны елдің.
Көкшіл көл мен көгілдір тауларыма,
Таң боп қарар ұл – қызы басқа елдің
Ұлы мекен боп аетпекпін келешекке,
Жаста  мені жыр етер, ересек те.
Елдігім мен өрлеген ерлігімді,
Алмай қоймас ерекше ел есепке.
4 – оқушы:
Қасиетті, Атамекен, жер – ана!
Осыншалық ұлан байтақ жерде өскен,
Ұрпағыңды, сірә, сенің бар ма арман ?
1 – оқушы:
О, сен оны анау заманнан сұра…. Мен ұрпағыма қашан да ерлік пен өрлік қасиетті сыйладым.
2 – оқушы:
Сонау кезде толғанда дала мұңға,
Көрдім Асан қайғыны, дананы да.
Желмаямен ел кезіп жұбатты ол,
Еңіреген кәрі мен баланы да.
3 – оқушы:
Бұл заманда не ғаріп!
Ақ қалалы бөз қаріп.
Жақсыларға айтпаған,
Асыл шырын сөз ғаріп.
Замандасы болмаса,
Қариялар болар тез ғаріп.
Қадірін жеңге білмесе
Бойға жеткен қыз ғаріп.
Ел жағалай қонбаса,
Бетегелі белғаріп.
Қаз үйрегі болмаса,
Айдын- шалдар көл ғаріп.
Ата жұрт бұқара,
Өз қолыңда болмаса,
Қайратты туған ер ғаріп.
4 – оқушы:
О, баба, нені меңзедің?
1 – Оқушы:
Адам кірмес ақ үйдің құлағаны мақұүл.Жылқы жемес арм шөп өспегені мақұл.Адам ішпек ащы су ақпағаны мақұл.Жалған сөздің дүниеге келмегені мақұл. Ел арасындағы ер мен езді қолына қобыз ұстап, ел аралаған жыршы білер. Сонан сұра, сонан сұра ұлым!
2 – оқушы:
Көрдім жерді Қорқыттың шарлағанын,
Қобызының күңіреп сарнағанын.
Күй төгіліп, ажалға қарсы ұмтылып,
Таң қалдырған адамзат бар ғаламын.
3 – оқушы:
Байтақ елді Алаша хан басқарған,
Ел тілегін орындаған жиып ап
Білгірлерді кәріменен жастардан,
Бірақ одан қалың қауым сорлапты.
Қолдарының алды болып қан жоса.
Арт жағында терең қазған ор қапты.
Қылышынан Қаны тамған Темір де,
Келген мұнда өқмірі ұқсап көмірге.
Осы арадан шабуылға аттанған,
Аш қасқырдай өлім еккен өмірге.
4 – оқушы:
О,елімнің дангөй абыздары! Сонда мына даланың ұрпақтары соғысты азаптан басқа қызық көрмеген бе?
О,не дегенің, Қасым хан, Есім хан мен Тәукедей өмір сүрген қазақтың хандары.
Салдыраған сәнді қала,салтанатты сансыз сарай,
Қызықтың неше түрлі бәрі өтіп,
Көп халық тамашалап көрген талай,
Сенбесең сұра ана тау мен тастан.
1 – оқушы:
Абзал халым! Басыңнан не өтпеді сенің!Ұлт болып Шаңырақ Көтерегн, дербес мемлекет болған.XV ғасырдан бастап, неше өліп,неше тірілдің десеңші..
Ән.
2 – оқушы:
Алаш ұрпағының Ақтабан шұбырындыдан соң қайта оңалуы, қазақ ордасының туы қайта көтерілуі, бұрынғы қуатына жетпесе де біртұтас қуатты мемлекет іргелі ел ретінде қалпына келуі. Абылай хан есімімен тікелей байланысты.
3 – оқушы:
Біздің қазақ елі – мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,
Елімізді басынбасын деп,
Ордамыздан құт қашпасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Жау аяғына басылмаған елміз,
Дұшпан аяғына жаншылмаған елміз.
Басымыздан намысты асырмаған елміз,
Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз.
4 – оқушы:
Бұл далада бір жас ұлан бар екен,
Ақылменен болжайтын бар ғаламды
Билер кеңесі сол ұланды жөн көрді,
Батырларым,соған берсін хабарды.
Бірлік сақтау, елді қорғау, қолынан іс келер,
Хан болсын сол ел басқарар саналы.
1 – орқушы:

  • Абылай хан – қазақ үшін мәңгілік рухты, айбынды асқақ, тұлға халқым деп еңірегенде етегі толып, түн қатып, түс қашып, ата жаумен араласқан, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ұшы қиырсыз даламызды қорғаған батыр бабалдардың кемеңгерлігі мен келелі істер жайлы ақиқат осы кезеңнен басталған еді.

2 – оқушы:

  • Алардай айбыны бар тағып айды,

Хан болған қазағыма тағы «майлоы»,

Қазақтың басын қосып, жауын жеңген,

Кім білмес Әбілмансұр Абылайды.

3 – оқушы:

  • Алып денем ақ сауытпен құрсағымнан,

Күш қуаты халық үшін жұмсағанмын.

Туған жердің тағдыры үшін толғандым,

Азаттықтың ақ туын қолға алдым.

Жанталасқан жауды қудық асырып,

Қасиетті қақпасынан жаңғардың.

Жауым білді менің қайрат,күшімді,

Елім сыйлап өтті әділет ісімді.

Тоқтап, оған басыңды іи,

Көрсең ұрыс даласында – тастап қойған мүсінді.

4 – оқушы:

  • Аңғал жан аптықса өзі арандайды,

«Атасыз адам пенде» жаралмайды.

Үш жүзге даңқы жеткен бұл далада,

Кім білмес қас батырлар Райымбек,

Наурызбай,Бөгенбай мен Қаркерей Қабанбайды.

1 – оқушы:

  • Уа,елім айналайын тіректерім,

Ылайым қабыл болсын тілектерің.

Үш ғасыр жасқа толған бұл шағымда,

Дүбірлеп қайта ақыты ау жүректерің.

Мен бүгін ортаңдамын, тілектемін,

Ақ туды нық ұстаған білектемін.

Разымын сендерге ұрпақтарым.

Елім деп адал соққан жүректерің.

1 – оқушы:

Қазақтың сан рет қуғын сүргінге ұшырағаныны да мәлім. Соның бірі – 1916 жыл.

2 – оқушы:

  • О,Адамзат!

Кәрі қойдың жасындай жасы қалған,

Айырылмайық қолда бар асылдардан.

Ұмытпайық есіл ер құрбандарды,

Голощокин қан ішер басын алған.

Жүре берсін ақсақал аталарым,

Сыр шерттерін өтпелі ғасырлардан.

Заман құрған тұзақты естігейсің,

Тұрар, Ахмет, Мағжан, Шәкәрім,Жүсіпбек,

Сәкен, Ілияс,Бейімбеттей жасындардан.

3 – оқушы:

  • Таныстырып қату қабақ тосынқалып,

Айырды тағдыр елден шотын қағып.

Арманның шыға алмадық асқарына,

Төрінде еліміздің отырмадық.

4 – оқушы:

  • Тапжылмай тау тозғанша тұрады арша,

Көрдік біз бұл азапты шексіз сонша.

Сүйіп өттік Атамекен елімізді,

Өмірдене мәңгілікке көз жұмғанша.

1 – оқушы:

  • 1941 жыл 22 – маусым фашистік Германия тұтқиылдан бейбіт елге басып кірді.

2 – оқушы:

  • Орындадық, халқымыздың дегенін,

Шегінбедік жаудан алар көп еді.

Көп те болса бастырмадық ілгірі,

Жайқын селді денемізбен бөгедік.

Ант ішіп ек өткізбейміз деп едік,

Өткізбедік, өлдік, бірақ бөгедік.

Енді міне шығып тұрамыз шөп болып,

Күннің жылы жарығымен көгіп.

3 – оқушы:

  • О,қасиетті жер – ана! Бұл ерлікті ұрпақтарға жеткізер жан бар ма?

4 – оқушы:

  • Бұл жер – ана аз көрген жақ сұмдықты,

Оқтар асқан суды, көкті, құрлықты,

Қанды қасап қырғындарды кеудесі,

Оқ —  дәрі, түтін, күлге тұншықты,

Сондықтан да адам шектен аспасын

Соғысқұмар әлемге ызғар шашпасын,

Жер – ананың қадірлейік ақ – шашын!

1 – оқушы:

  • Заман, саған қарар шаршадым,

Тартқыздың сен қанша уайым қанша мұң.

Келеді енді серпік тастап сейілгім,

Қатігездіктің тұнған бар щаңынжоқ,

бар ма, тағы айтарың?

2 – оқушы:

  • Қорлық көрдім өз үімде, өз елімде,

Қалды жара айықпас болып өз егімде.

«Сөз атасы өледі» дегенбарды,

Айтпай кетсе сөздерді кезегінде.

Бұл да болды дегендей – Колбин келді,

«Батырыңнан кеммін бе, көргін » деді.

Қазақтардың табанға сап тепкелегендерге,

Үйіп – төгіп тақты ғой орднеді енді.

3 – оқушы:

  • Қайрат па, мен оны білемін,

Сол жылдары қанат қағып түледім.

Егеменді ел болашаққа жар салып,

Сырып тастап отаршылық түнегінген.

4 – оқушы:

  • Ей, болашақ

Сен бұл жерді танып ал

Үміт жіпке қолын созған өркеннің

Ерге үзілген өмірі мен жаны бар.

Айтам деген

Айтылмаған әні бар.

Бүкіл белді бүкке шындық ашылды,

Қайғылы ана!

Қайта жина шашыңды,

Ақыл жеңер кез келді енді ашуды.

Қайратты әке!

Көтер биік басыңды.

Ей болашақ!

Таны дос пен қасыңды.

1 – оқушы:

  • Иә,достар !біздің халқымыз бостандық пен егемендікке жеткенше адам басынан заман арқылы неөткізіп, не көргенін көздеріңіз жетті ме ?

2 – оқушы:

  • Көз жіберіп тарихқа

Қағып таңдай

Ғасыр сырын боламыз біз ұққандай.

Сол ғасырда жасартқан жасандырған,

Шіркін —  ау мына біздің халық қандай!?

Себеп болып шабытты толғауыма,

Бостандық жалауын ұстатқан қолға мына

Таңғажайып ғұлама ғасырымның,

Бақыттымын перзентті болғаныма.

Ғасыр перзенттенріне бас иеді.
Ән «Ерікті ел» хор.

 

Багдагул Абдибекова Базарбанвна
15 ОМ мектебі
Актобе облысы , Актобе каласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.