Home » Жас қалам » Тәуелсіздік — сан ғасырлық арманым

Тәуелсіздік — сан ғасырлық арманым

«Тәуелсіздік — сан ғасырлық арманым»

Мен өз мақаламды елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы бір қанатты сөзінен бастағым келді. Елбасымыздың бұл сөзінде терең мағына жатыр. Сонау Кеңес Одағы кезінен бастап жетпіс жыл орыстардың қарамағында, соларға бағынышты боп өмір сүріп келген қазақ халқы қаншама қиыншылықты бастан кешті. Алайда ата-бабамыз осы көрген барлық қиыншылықты жеңе аларына сеніп, тек бір ғана мақсатты көздеді, ол әрине — Тәуелсіздік. Әр нәрсенің өзіндік бір қиыншылығы бар демекші, егемен мемлекет атану барысында біздің ата-бабамыздың, аға-әпкелеріміздің сол бір жан түршігерлік қан майданда Отан үшін, тәуелсіздігіміз үшін деп қасық қаны қалғанша күресуі. Елімізде болған қиыншылық тек соғыспен ғана шектелмеді, сонымен қатар көтеріліс, аштық, тотолитарлық жүйе, Ұлы Отан соғысы, елді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы қазақ жанына өшпестей ауыр жара салды. Дегенмен қазақ халқы төзімшіл халықпыз ғой, қаншама қиыншылық көрсек те мойымай, өзіміз аңсаған арманға жеттік, ол – тәуелсіз мемлекет атану. Мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жыл, он алтыншы желтоқсан – әлемде өшпестей өрнекпен қалатын сан. Әлемде тәуелсіз, ешкімге бағынбайтын, зайырлы мемлекет құрылды, ол – Қазақстан. Қазақстан дербестігін алғаннан кейін өзінің жаңа белестерін бағындырды. Елімізге біршама жаңалықтар енді, өзгерістер болды. Қазір, міне, Тәуелсіздік алғанымызға жиырма алты жыл толғалы жатыр, еліміз сонау зорлық-зомбылықты кезеңді бастан өткізді. Қазіргі ұрпақ қандай бақытты десеңізші, еш уайымы, қиыншылығы жоқ, олардың мақсаты — тек жақсы білім алып, еліне еңбегі сіңердей азамат болу, өз елінің патриоты атану. Кез келген ел өзінің болашағын өскелең ұрпағымен байланыстырады. Қазіргі уақытта еліміздің даму сатысы бір қарқында емес, өрістеп жылжу үстінде: болашаққа құрған қаншама жоспарларымыз бар. Елбасымыздың кезекті Жолдауларының бірі «Рухани жаңғыру» тарихи мәні — саяси реформа мен экономикалық жаңғыру бағдарламасын қазақстандық қоғамды және әр қазақстандықты рухани жаңғырту арқылы жалғастырады. «100 нақты қадам» жайлы айтатын болсақ, бұл – еліміздің дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары. Сонымен қатар, «2050 стратегиясы» Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңдерден саспай өтуге бағыт-бағдар беретін жоба. Бұл аталған әр қадамда астарлы ой, терең мағына, еліміздің даму жолындағы үрдісі көрінеді. Кейбір адамдардың ойларынша бүкіл Қазақстанда тек қазақ ұлты мекендейді деп ойлады. Алайда бұл теріс пікір, қазақ халқы ақкөңіл, қонақжай халық, қашанда әркімге есігімізді айқара ашып, күлімдеп қарсы аламыз. Міне, сол себепті де елімізде жүз отызға таяу ұлт өкілі өмір сүреді, сол ұлт өкілдерінің тілі, діні, салт-дәстүрі, мәдениеті — әрқайсыныкі әр түрлі, сол мекен етіп жатқан халықтың құндылықтарын сақтап, оларға құрмет көрсетуіміз – бұл бізідің тектілігімізді көрсетеді. Сонау сақ заманынан бері жалғасып келе жатқан сан ғасырлық тарих әлі де жалғасуда. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәңгілік ел» атты ұлттық идеясы сонау ата-бабамыздың сан мыңжылдық асыл арманы еді. Сол арман – еліміздің дамып, қарыштап, басқа елдермен терезе қағыстыратын жағдайда, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Міне, біз көздеген мақсатқа жеттік, қазір еліміз аман, жұртымыз тыныш өмір сүруде. Сол үшін де бабаларымызға мың да бір рахмет. Сол себепті де біз тарих сахнасынан өшпестей із қалдырамыз.

Ділдахан Майра,

Астана қаласы 77 мектеп-гимназиясының

11 сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.