Home » Жаңалықтар » Тәуелсіздік күні қарсаңында ұстаздарға құрмет көрсетілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында ұстаздарға құрмет көрсетілді

    

Мемлекетіміздің мерейлі мерекесі Тәуелсіздік күні және Елордамыздың 20-жылдық мерейтойы аясында Астана қаласының Білім басқармасы дәстүр бойынша концерт ұйымдастырып, белсенділігімен танылған ұстаздарды марапаттады.

Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Ануар Жангозин жиналған қауымды елімізде өтіп жатқан мерекелермен құттықтап, білім беру жүйесін таңдап, ереңбей еңбек етіп отырған педагогтарға алғысын білдірді.

Салтанатты іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Білім саласының үздігі, мәдениет қайраткері, “Құрмет” белгісі ордені, “Ы.Алтынсарин” төсбелгінің иегері Оспан Сүлейменұлының «Ұстаздарға тағзым» атты жинақтың тұсаукесері өтті. Жинақ білім саласында ұзақ жылдары еңбек етіп, жүзден жүйрік атанған ұлағатты ұстаздардың үлгілі өмірі мен нәтижелі шығармашылығы туралы баяндайды.

Авторды осынау қуанышты сәтпен құттықтау үшін сахнаға ғұмырын ұрпақ тәрбиелеу ісіне арнаған ардагер-ұстаз Отызбай Сүйіндікұлы, «Кәсіпқор» холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы Асима Бимендина және қалалық Білім басқармасының басшысы Ануар Жангозин шығып, тілектерін айтты.

Бүгінгі таңда Елбасы тапсырмасымен Қазақстанда ғылым мен білім саласында көптеген белсенді жұмыстар жүргізілуде. Себебі, білім беру жүйесі — еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды стратегиялық бағыт болып табылады. Алдымызда тек жаңа табыстар мен жарқын істердің бастамалары көп болсын.

   

Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.