Home » Жаңалықтар » Тәуелсіздік дәуірі – ұлы дәуір шежіресі

Тәуелсіздік дәуірі – ұлы дәуір шежіресі

Қарағанды қаласы №102 мектеп-гимназия кітапханасында Елбасының жаңа шығармашылық еңбегі тұтас бір дәуірдің тарихын қамтыған құнды шығармасы «Тәуелсіздік дәуірі – ұлы дәуір шежіресі» — атты кітабын 10 сынып оқушылар арасында  мазмұнды әрі тартымды пікіралмасу өтті.  Президентіміздің бұл еңбегі бұрынғы еңбектерінен өзгеше. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа шығармашылық еңбегінің «Тәуелсіздік дәуірі» деп аталуының өзі-ақ ғасырларға тән ұлы қозғалыс, ұлы істердің ауқымын қамтып тұрғанына кітаптың әр бөлімін, тарауларын оқыған сайын көзің жетіп, тереңдеп, ерекше әсерге кенелетінің анық. Мұнда қазақ халқының тәуелсіздік жылдарындағы тарихы қамтылған. 26 жыл қас-қағым сәт болғанымен, қазақ үшін ғасырға бергісіз кезең. Бар-жоғы ширек ғасырда еліміз биік белестерді бағындыра білді.

Оқушылар Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының ұлы істердің ауқымын қамтып тұрған  кітаптың әр бөлімін оқып,  кезен-бөлімдеріне  постер қорғап, өз ойларын ортаға салды. Бейнероликтен алған әсерлеріне ойтолғау жазды. Оқушылар арасындағы пікіралмасу қызу талқыға түсіп, белсене атсалысып, патриоттық сезімге бөленіп, оқушылар ерекше әсерге кенелді. Бұл кітап біздің оқушыларға өз тарихын құрметтей отырып, патриоттық сезімге тәрбиелейтін құнды еңбек болып табылады. Мемлекетіміздің негізі қаланған күннен бергі атаулы әрі айтулы оқиғалары да «Тәуеліздік дәуірі» кітабында кеңінен айтылған

Кітапханада арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылым жасалды.

 

Жанар Кусаин
«№102 мектеп-гимназия» КММ кітапхана меңгерушісі
Қарағанды қаласы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.