Home » Ашық сабақтар » Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!

Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!

Мақсаты: Балаларды еліміздің қысқаша тарихымен, мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын балаларға жете ұғындыру, балалардың дүние танымын кеңейту.
Тәрбие сағат көрнекіліктері: Мемлекеттік рәміздер, тақырыпқа байланысты (слайд№1)
Жүргізуші: Армысыздар құрметті тәрбиешілер, балалар, қадірменді қонақтар! Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен кешегі дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты тәрбие сағатына хош келдіңіздер!

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік – ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құтты болсын қуаныш!
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт қонсын отанның сан ұланы.
Енді, ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі ән ұраны!

Ән: «Әнұран»
Бүгінде 1986жылы болған желтоқсан оқиғасына 29 жыл толуда. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай қуатты болсын!
Нилюфер: Желтоқсан – тарихымызда әйгілі күн
Ерттеп мініп ар-ождан сәйгүлігін,
Ерлерім елдік үшін атой салып.
Еншілер қайтарған бәйгелі күн.
Рамазан: Күн кешіп лапылдаған жастарым,
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.
Жерді-дінді, тілді, баба дәстүрін.
Қорғау үшін көтерді олар бастарын.

Жүргізуші: Тәуелсіздіктің түп тамырына Желтоқсан оқиғасының тікелей байланысы бар екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек. Иә осыдан 29 жыл бұрын тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жыл 16 желтоқсан еді.
Көрініс: «Қазақ жастарының алаңға шығуы».
Жастар: — Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған?
— Бұл не масқара?
— Неге халықпен санаспайды?
Милиция: — Тараңдар, әйтпесе күш қолданамыз
— Қашанғы шыдаймыз?
— Біз әділдікті талап етеміз?
Бір қызды, бір жігітті сүйреп әкетеді, айғай шу.
Алихан: Желтоқсанда бір сыр бар,
Жел соқсын мейлі жаусын қар.
Ұмытылмас ешқашан
Қайрат, Ләззат қыршындар!
Бинур: Тұрса да биік өр басын.
Қазаққа бақыт орнасын,
Сексен алтыншы жылғыдай,
Желтоқсан желі болмасын!

— Иә балалар, бұл 1986 жыл желтоқсандағы біздің жастарымыздың бейбітшілік түрде Алматы қаласының орталық алаңына шыққан шеруілі еді. Олар тек тәуелсіз ел болсақ, егемендік алсақ деген, бірақ сол жылғы әміршіл-әкімшіл солақай саясаттың демократия жолында құрбан болғандардың ерлігі. Олай болса мына бейне жазуға назар аударайық. (бейне жазу)

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па?
Өз өзінен жүрегім ән салады.

Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты басынын кешірсе де ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді. Міне, балалар, осындай азаттық жолда құрбан болғандардың аттарын ақтап, ескерткіштер қойылған (слайд№2). Бұл, балалар, Жаркент қаласының орталығындағы Ләззат Асанова мен Ербол Сыпатаевқа қойылған ескерткіш. Ал мынау, балалар, Семей қаласындағы Қайрат Рысқұлбековқа қойылған ескерткіш. Ал мынау, балалар, Алматы қаласындағы «Тәуелсіздік таңы» атты ескерткіш. Бұл – барлық желтоқсан оқиғасына қатысқандарға қойылған ескерткіш. Ал мынау, балалар, Ербол, Ләззат, Қайрат, Сабира апай-ағаларымыздың суреті.
Мария: Орыны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
1 минут үнсіздікпен еске алайық,
Аруақ ағалардың жолын қусын (1минут үнсіздік)

Міне, балалар, бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. Біздің аға-әпкелеріміздің сан-мың ғасырлар бойы армандап келген тәуелсіздік күні 16 желтоқсан.
Би: «Шаңырақ»
Альтайр: Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,
Туған тілім шұбарланба, жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін,
Бас иемін ата-баба рухына.
Алихан: Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер желбіретіп нық ұста.
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата-баба рухына.

— Балалар, біз егеменді ел болдық, өз туымыз, өз елтаңбамыз бар. 1991жылдың 1 желтоқсанда біз елбасымызды сайладық. — Бұл кім балалар? (слайд№3)
— Иә, дұрыс, Н.Ә.Назарбаев – біздің елбасымыз.1991 жылы 10 желтоқсанда біз жеке ел болып, Қазақстан Республикасы деп жарияланды. Ал балалар, біз өз рәміздерімізді білеміз бе?
• Еңселі Елтаңба. Авторы: танымал суретші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уалиханов. Көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесі тұрады. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Біздің елімізде тыныштық пен бейбітшілікте өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Ал бір бөлігінде ертегідегі қанатты тұлпар, жоғары жағында бес бұрыш бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыз, төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу қай елдікі екенін білдіреді. Бидай сабақтары молшылықтың нышаны.
-Ал біз елтаңбамыз туралы тақпақтар білеміз бе?
Мансур: Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Рамазан: Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған
Билігім өз қолымда
Еркіндігім елтаңбам.
• Тұғырлы туымыз. Туға зер салсақ жер жүзіне нұрын шашқан күн сәулесі, астында қияға қанат қаққан қыран. Тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады. Тудың авторы Шәкен Ордасынұлы Ниязбеков белгілі монументші суретші. Туымыз көгілдір түсті тік төртбұрыш мата. Ал балалар, біз ту туралы тақпақтар білеміз бе?
Радмила: Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы.
Анисам: Аспанымдай мөлдірмін,
Жайлауымдай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін,
Гүлдерімдей нәзікпін.
Ниара: Ақ ниетті алтын күн,
Асқақ арман қыраны.
Жалауы бұл халқымның,
Мәртебесі мақтаны.
Ән: «Көк тудың желбірегені»
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің,
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздіктің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік ағайын! «Құлпынай» тобында өткен тәрбие сағаты аяқталды. Келесі кездескенше, хош сау болыңыздар!

Cегізбаева Жадыра Қуандыққызы
МКҚК «№59 бөбекжай-балабақшасы»
Алматы қаласы Білім басқармасы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.