Құт-береке, халқыма қайта келдің,
Орындалып арманы байтақ елдің!
Тарихынан халқымның бір үздік сыр,
Айта бергім келеді, айта бергім – дегендей, еліміздің тәуелсіздігін жырлағанда көз алдымызға қазақ елінің осы күнге дейін басып өткен белестерін тарихтан оқып білгендеріміз көз алдымыздан өтері анық.
Қазіргі таңда Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізінде Тәуелсіздігіміздің 26 жылдық мерекесіне орай «Қайнар» колледжінде әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде.
Желтоқсанның 11-16 күндері аралығында жалпы білім беру пәндер кафедрасының апталығы аясында Еліміздің сонау хандық дәуірден бастап тәуелсіздік алғанға дейінгі белестері баяндау, тәуелсіздік жолындағы әміршіл — солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік беріліп, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіріп, рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық, ұлттық сананы ояту, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру мақсатында колледжіміздің оқытушылары Ж.Р. Уразова және Р.Г.Новшабаевалардың ұйымдастыруымен 15 желтоқсан күні «Тәуелсіздік белестері атты» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаты өткізілді. ХV ғасырдың ортасы Моғолстан, Әбілқайыр хандығы мемлекеттерінің дипломотиялық байланысы шиеленісіп тұрған қиын кезеңдеріндегі Әбілқайыр хандығына сыйыса алмаған Керей мен Жәнібек қазақ халқының этникасын құрайтын көптеген ру-тайпаларды алып шығып, Шудың бойына Қазақ деген хандықтың туын тіккендігі туралы көріністер сахналық түрде көрсетіліп —
Жәнібек, Керей сұлтандарым бастаған,
Ата-бабам азаттықты аңсаған.
Бөлініп шығып Әбілқайыр елінен,
Дербес елдің құруына жол ашқан.
Қоныс теуіп Шу мен Талас жеріне,
Қиындықтың бәріне де мойымай,
Туын тікті Қозыбасы төрінде! – деп келіп, 1917 жылғы «Ақпан төңкерісі» жайлы көріністермен ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда қоғамдық-саяси өмір біршама жанданғандығы, сол жылы делегаттар мен қазақ комитеттерінің мүшелері «Алаш» партиясының әлеуметтік негізін құрып
Ұраным, қорғаным, сен Алаш!
Жолына құрмалдық мал мен бас!
Өнер тап, өрге шап, қару ат
Аллалап алға бас, ал Алаш! – деп ұрандатқаны туралы, ал 1945 жыл мамыр Кеңес армиясы неміс басқыншыларын кері шегіндіріп, Ұлы Жеңістің жеткендігін, 1986 жылғы Тәуелсіздік жаршысы болған Желтоқсан оқиғасынан сыр шертетін көріністер көрсетіліп, жастарды бір сәт қазағымыздың өткен дәуірлеріне ой тастап, Тәуелсіздік таңымыздың қаншалықты қымбат екенін сезініп ұғынуға септігін тигізді деп айтуға болады.
Шараның барасында студенттер еліміздің басып өткен белестеріне, тарихына қызығушылық танытып, өздеріне тапсырылған жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, тыңғылықты дайындығымен тәрбие сағатының ойдағыдай өтуіне атсалысты. Аталмыш шараға өзіміздің Форт-Шевченко қаласындағы Маңғыстау облыстық этнографиялық мұражай қызметкері және колледжіміздің түлегі Ходжаева Қамар Құралбайқызы қонақ болып, өлкеміздің мұражайы, ондағы құнды тарихи ескерткіштер туралы әңгімелеп жасатрға руани жігер мен тарихи мәліметтер берді. Тәуелсіздік мерекеміз баршаға құтты болсын, Қазағымыздың көк туы мәңгі көкке самғай берсін!
Уразова Жумагул Раджаповна,
Ақтау қаласы «Қайнар» колледжінің физика және математика
пәнінің жоғары санатты оқытушысы,
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы