Home » Бастауыш » Тәуелсіздік алған елміз

Тәуелсіздік алған елміз

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай №24 орта мектеп 3 «Ә» сыныбында «Тәуелсіздік алған елміз» атты ашық сынып сағаты өткізілді. Өткізілген іс-шараның мақсаты: еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата – бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға — апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Сынып бөлмесі тақырыпқа сай безендірілді, шарлар, жалаушалар, тақтада нақыл сөздер, балалар көмегімен құрастырылған кластер. Оқушылар бірыңғай мектеп формада, қолдарында Қазақстан Республикасының туына сәйкес жалаушалар мен шарларды ұстап тұрды.

Сынып сағатын сынып жетекшісі Жакишева Салтанат Кенжеғалиқызы жүргізді. Іс-шараға екі ата-ана және екі мұғалім қатысты. Ашық тәрбие сағатқа видеотүсірілім жасалды. Сынып сағатының тақырыбын ашу мақсатында жалпы «тәуелсіздік» деген не, қандай мағына білдіреді дегендей, бұл жерде балалардың түсінігінде тәуелсіздік айтқанда көз алдарына не елестететінін туралы айтылды. Айтылған ойлары бойынша кластер жасалды. Келесі кезенде слайдпен жұмыс жасалды. Мұнда 1986 жылы Алматы қаласында болған оқиға жайлы түсінік берілді және сол оқиғада қатысқан жастар туралы мағлұмат берілді. Бейнетаспадан алаңға шыққан қайсарлы ұл-қыздары көрсетілді. Солардың бірі Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова және тағы басқа. Ары қарай әдеби монтаж жалғасты. Балалар мерекеге орай тиісті тақырыптар мен музыкалық нөмірлер орындады. Тәуелсіздік, азаттық, еркіндік туралы тамаша өлеңдер оқылды, Қобланды Құндыз «Қызыл гүлім-ай» атты әнді  қазақтың ұлттық аспабы қобызбен орындап берді

Озат оқушылардың бірі Нұрлан Адиля қазақтың қара домбырасымен қазақтың күйін орындап берді. Балаларға тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылды. Ежелден аңсаған және осы жолында күрескен ата-бабаларымыз бен желтоқсан жастары бізге еліміз бен жерімізді аман қалдырды. Ендеше осы егемен елді, кең-байтақ жерімзді ары қарай қалай сақтаймыз, қалай қорғаймыз дегенде, балалар сабақты жақсы оқып, ата-ананың айтқандарынан шықпасақ егемендікі, тәуелсіздікті сақтап және қорғай аламыз деп жауап берді балалар.

Балаларға елбасының жарлығымен еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен, бірақ өздері сол оқиғада құрбан болған Қайрат Рысқұлбековке «халық қаһарманы» атағы және айырықша белгі «Алтын жұлдыз», Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджановаға «желтоқсан қаһарманы» деген атақ берілгені туралы мәлімет берілді.
Аталған батырларларды еске алу, 1 минут үнсіздік жасалды.
Сынып сағаты «Елтаңбасы елімнің» әнімен аяқталды. Балалар әнді хормен орындап берді. Елдің болашағы жастардың қолында демекші, оқушылардың қазірден бастап оқуы озат, тәртібі үлгілі, Отанға деген сүйіспеншілігі артып тұрса, еліміздің болашағы сенімді, бәсекеге сай болады.

 

Жакишева Салтанат Кенжегалиевна
Астана қаласы, Есіл ауданы

                                                №24 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.