Барша Қазақ елі үшін мәні де, маңызы да айрықша Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық. Қазақстан халқының тәуелсіздігі арқасында әлем картасында жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Содан бастап тамыры тереңге тартқан, баба тарихына бай, ғасырлар қойнауынан сыр шертетін мәдени мұрасы мол, рухани әлеуеті зор. Қазақ елі өркениеттік дамуға өз үлесін қосуда. Біз, жастар, тәуелсіздікке тәу ете отырып, көк туымызды көк аспанда желбіретіп, ел абыройын биіктететін боламыз.
Тұңғыш Президентіміз Н. Назарбаев атап өткендей, «Біз мемлекет құрдық. Құрғанда, аты бар заты жоқ мемлекет емес, бүкіл ел танитын мойындайтын, құрметтейтін мемлекет құра алдық. Сөз жоқ, шырайлы да құнарлы, ырыс пен берекенің, бірлік пен ынтымақтың мекені болып, қазақы салт-дәстүрді, тіл мен дінді, ұлт рухын асқақтатқаны тарихымызға аян. Біз мәңгілік қазақ елінің айбынды жастарымыз. Біз ата-баба, аға буын аманатына адал болайық. Тәуелсіздік – тірегіміз, Отан деп соқсын жүрегіміз!
Тәуелсіздік — тірегім
Еркін өмір, Тәуелсіздік тірегім!
Кеше ғана бодан болып жүр едім.
Елін сүйген ағалардың арқасы,
Алып берді, жұлып берді жүрегін
Ерліктерін ұран етіп жүремін,
Қандай бақыт, еркін ойнап, күлемін.
Осы күнді арман етіп, көз жұмған,
Қайрат аға орындалды тілегің.
Өмір Димаш,
№ 32 Жангелдин атындағы жалпы орта мектебі,
5 «А» сынып оқушысы,
ОҚО, Арыс қаласы