Home » Білім және денсаулық » Тәуелсіздікке тарту

Тәуелсіздікке тарту

   

Павлодар облысы Екібастұз қаласының Абай Құнанбаев атындағы №2 мектебінде воллейбол турнирі өтті. Желтоқсан айында өткізілген бұл іс-шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде қала мектептерінің ата-аналарының арасында ұйымдастырылды.

Сайыстың шымылдығын мектебіміздің халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық спорт додаларында топ жарған оқушыларымыз флешмобтарымен ашты.

Қатысушыларды қалалық білім бөлімінің міндетін атқарушы Ж.А. Хамзабаева Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ойынға сәттілік тіледі.

Жарысқа жалпы 8-мектептен ата-аналар командасы қатысты. Ойын 2 кезеңнен тұрды. Алғашқы үштікке №25, №11, №2 мектеп командалары суырылып шықты. Ақтық сайыс тартысқа толы, қызықты болды.

Салауатты өмір салтын насихаттау барысында өткізілген іс-шараның нәтижесінде 1-орын №25 қазақ қыздар гимназиясы, 2-орын №2 мектеп, 3-орын №11 мектеп ата-аналар командасы ие болды. Жеңімпаздар мақтау қағазымен және ақшалай марапатталды.

Макажанова Сымбат Ермаханбетовна,
Жусупова Айман Каиржановна,
Бегенова Загипа Болатовна,
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.