Мақсаты: Балаларға өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарас қалыптастыру. Балаларға елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға, оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш-қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне тағзым.
Көрнекілігі: Буклеттер, суреттер. Слайдтан қазақтың жайлауын, киіз үйін көрсетеміз.
Музыка залында киіз үй құрып, көрпеше төсеп қоямыз. Көрпешеде Эльдар ұйықтап жатады. Періште Жанерке қолына шырақ жағып келеді.
Періште:Әй, балақай, тұр тұра ғой!
Тұрсаңшы!
Таң атып қалды. Мына шыраққа қарашы, бұл саған берілген бақыт құсы.
Сенің елінің ертеңі. (деп кетіп қалады)
Бала:Әже, әже шырақшы, қара әже, ұстап алайықшы әже ұста, ұста! (шошып оянады)
Әже: Біссіміллә, неге шошыдың балам?
Бала: Әже , әже мен түс көрдім. Әже, періште маған шырақ берді. «Еліңнің ертеңі» деді. Шырақ күнге айналды.
Әже: Е, балам, ол- сенің бақытың балам. Тәуелсіздіктің мәңгі жарық күні.
Бала: Әже, айтшы ал енді
Тәуелсіздік деген не?
Тамсандырар әлемді,
Ән бе әлде өлең бе?
Әже: Тәуелсіздік? Бұл бақыт,
Сарқылмайтын шаттық қой.
Көздің жасын құрғатып ,
Келген бізге бақыт қой.
Надан болған бабан деп
Айта алмайды енді ешкім
Тәуелсіздік түсіңде
Саған кірген сөнбес күн.
Бала: Ендеше мен достарыма айтайын.
— Алақай Тәуелсіздіктің ақ таңы, мәңгі жарқырайды алақай!
(Артынан әже де шығып кетеді!)
Слайд Тәуелсіздік туралы.
Балалар патриоттық музыкамен залға кіріп төрт-төртеуден тұрады. Қолдарында жалау.
Ернұр: Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын
Алдымызда барлық үміт ақталсын.
Тату-тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
Құрметті қонақтар, ата-аналар, достарым. Біздің еліміздегі ең бір тарихи мерекеміз. Тәуелсіздік күні. Бұл сан ғасырлар бойы арман еткен халқымыздың тілегі орындалған күн. Сіздерді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Жібек: Да, день Независимости Республики Казакстан- это главный государственный праздник, который отмечается каждый год-16 декабря
Иди вперед мой Казакстан
Не знать тебе преград!
И лидер нации- наш Нурсултан,
Огромный вносит вклад.
Гимн республики Казакстан.
Димаш: Ар намысым –Туымсың
Жаным саған жуынсын.
Бір ұл туса елімде,
Сол ту үшін туылсын.
Туда менің жеңісім
Ту жасайды келісім
Желбірей бер көк туым
Мен туғанмын сен үшін.
Айзере: Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған.
Тәуелсіздік таңдары
Бақ береді баршаға.
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым.
Түсті бақыт жолына
Менің Қазақстаным.
Аружан: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұнқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл- таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігім,
Мұнда да бар жер күші.
Қара шаңырақ-ел күні,
Асқақтатып тұр мұны.
Елтаңбасы-елдігім,
Қазағымның бірлігі.
Аниса: Ашық болса, мөлдір болса аспаның,
Арман бар ма? Керегі не басқаның.
Ел байлығы-Тәуелсіздік мерейім.
Бағалай біл, қадірлей біл жас қауым.
Ернұр: Қабыл алыңыздар ән.
«Тәуелсіздік ел ұраны!»
Ернұр: Біз бақытты баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Сіздерге арнап қонақтар,
Би де билеп аламыз.
«Қамажай» биі қарсы алайық.
Шыңғыс: Сенің күлкің, сенің ұйқың аманда,
Жай табады әкенің де анаңда.
Тәуелсізік жемісі- деп білгейсің,
Өсіп жатсаң бейбіт тыныш қоғамда.
Батырхан: Өз елінді, өз жеріңді даттама,
Бақытың бар бір басыңа шақ қана.
Тәуелсіздік жемісі деп білгейсің,
Асыр салып ойнап жүрсең жүгіріп.
Әсел: Ел күрескен, жұрт күрескен жұмылып,
Айналайын бұл сөзімнің сырын ұқ.
Тәуелсіздік жемісі деп білгейсің,
Асыр салып ойнап жүрсең жүгіріп.
Эльдар: Қазақпын, еңселі елмін егеменді.
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар,
Таныды тепе тең деп тереземді
Кенже апай:Кто ответит? Почему же?
Так красиво все вокруг.
И куда мы не посмотрим
Слева друг и справа друг
Почему красивый зал –
Нас сегодня всех собрал?
Айзеле:День рождения Казахстана
Отмечает вся страна
С днем рожденья поздравить
Казахстана – детвора
Аружан: Процветай мой Казахстан, цвети!
Незовисимым и сильным ты стал
Как орел ты выше всех пари
Колыбель моя – мой Казахстан.
Жібек:О Казахстан, Республика –моя,
Любимая! Какое это Счастье,
Что ты родная Родина моя
И в солнечные и в дни неностье.
Кенже апай: Расскажите нам о том
Как мы хорошо живем
Хорошо, что солнце светит – Тамаша
Хорошо, что дует ветер – Тамаша
Хорошо идти с друзьями – Тамаша
Хорошо прижаться к маме – Тамаша
Хорошо жить в Казахстане – Тамаша
Хор Наш край.
Кәусар:Қуан бүгін қуан халқым шынында,
Ақтарылсын ағыл-тегіл жырым да.
Бір құдайдан бірлік қана тілеймін,
Бүгінгі мынау тәуелсіздік таңында.
Ерсұнқар:Бостандық білсең біздерге,
Оңайлықпен жеткен жоқ.
Желтоқсанда төгілген,
Жастың орны кепкен жоқ.
16-желтоқсан,
Мерекеміз тасыған.
Қазағым ай қазағым,
Бәрін кешкен басынан.
Алижан: 16-шы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Егемен ел болам деп,
Қасық қаның тамған күн.
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жанында қалған күн.
Қуана бер қазағым,
Сенің бағың жанған күн
Алихан:Мен- қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен
Жылағанда жүрегім,күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен- қазақпын биікпін, байтақ елмін.
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
Ән, Би «Қазақ қырандары»
Інжу:Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік ел бақыты ертеңі,
О халайық, құтты болсын қуаныш!
Жанерке: Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын алыбым.
Айсель: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің.
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан елім менің.
Ернұр: Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң Қазақстан.
Елім менің тірегім,
Жаса мәңгі Қазақстан.
Ән: Отаным
Эльдар:Қазақпын, еңселі елмін егеменді.
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар,
Таныды тепе тең деп тереземді.
Жібек: Казахстан-это имья страны.
Казахстан-это имья весны.
Казахстан- это солнечный свет,
Казахстан- это крылья побед.
Би флешмоб:
Қорытынды: Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл — қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз. Бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуіміз қажет. Апа-ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз.
Қорғанбаева Нұргүл Дүйсенбекқызы,
Шымкент қаласы.
№61 «Нұртас» бөбекжай-бақша «Ұлан» тобы тәрбиешісі