Home » Мақалалар » ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ҰЛЫ ТАРИХЫ

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ҰЛЫ ТАРИХЫ

Тіл – ұлттың ең құнды дүниесі. Тәуелсіздігіміздің тірегі де, жаршысы да – тіл. Олай болса, мемлекетіміздің «Қазақ елі, яғни «Мәңгілік ел» ел боларына сенім білдіру – азаматтық парызымыз.

Тарихқа зер салсақ, жатқа жалтақтамай, елдігін сақтап өмір сүру қашан да әр халық үшін арман болған. Сол үшін қан төккен, басты оққа байлаған. Елдің болашағын ойлаған. Аттың жалы, түйенің қомында күн кешсе де, сол арман ұрпақтан-ұрпаққа аманатталып, ұлт тұтастығының кепіліне айналып отырған. Егер қазақ халқы XV ғасырда қазақ хандығын құрып, дербес ұлт ретінде өмір сүруін бастады десек, мәңгілік ел болу мұратының да сол кезде-ақ тарих сахнасынан орын алғаны.

«Мәңгiлiк Ел» идеясының Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бiр мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ» атты Жолдауында тұңғыш рет бүкіл халықтық ауқымда көпшілік назарына ұсынылуы – соның айғағы. Көп талқысына түсіп, оң бағасын алып үлгерген идеяның негізгі мақсаттарының бірі – «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы контексінде өскелең ұрпақ қанында бар ұлттық ойлау жүйесін отаршылдық саясаттың салқыны – ұлтсыздық дертінен сауықтырып, отаншылдық сезімдерін қайта қалыптастыру.

Қазақы ойлау жүйесінің қазақ елі хандық құрған кезеңнен қалыптаса бастағаны ақиқат. Оның теңдессіз үлгілерінің бірі – билер шығарамшылығы. Сондай-ақ хандық дәуірдің ойшыл-жыраулары Асан жырау, Қазтуған жырау Сүйінішұлы, Сыпыра жырау Сұрғалтайұлы, Доспамбет жырау, Шалкиіз жырау Тіленшіұлы, Марқасқа жырау, Жиембет жырау, Ақтамберді жырау, Үмбетей жырау, Есет жырау, Бұқар жырау, Жанкісі жырау мен Қобыланды жырау. XVIII ғасырда қазақ даласында хандық жойылып, Ресей отаршылдық жүргізе бастағанда жыраулық дәстүр де жойылды. Міне, осындай қазақ елі руханиятының тереңдігінің, биіктігінің үлгісі болып табылатын мәдени мұра жайлы жастарға білім берудің маңызы зор.

Кеңес өкіметі жүргізген тарихты бұрмалау саясатының бұған  көп залалы тигізді. Халық өз ата-бабасының тарихын теріс түсініп, дәстүрін де ұмыта жаздағаны – тарихи шындық. Осындай саяси жағдайларға байланысты олқылықтың орнын толтыру мақсатында жоғары мектептерде студенттерге ұлттық ойлау жүйесін дамытатын, тегімізде тұнған тұлғалық қасиеттерімізді, ең бастысы – ұлттық намысты оятатын тұлғатану атты арнайы курстардың ашылуы – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі.

Ұлт өз дүниетанымын тілі, діні, фольклоры арқылы білдірген. Демек, ұлттық ойлауды зерттеу үшін негізгі сүйенетініміз – халықтың мәдениеті мен рухани мұрасы, өмір сүру тәсілі, діни нанымы, күнделікті тұрмыстағы әдет-ғұрып, салт-санасы. Шын мәнінде, Елбасы айтқандай, «Бабалардың ерлігі, жас ұрпақтың жасампаздығы арасындағы сабақтастықты», мәдениетті де, әдебиетті де жалғастыратын» да қазақтың тілі.

Тіл – ұлттың ең құнды дүниесі. Тәуелсіздігіміздің тірегі де, жаршысы да – тіл. Олай болса, мемлекетіміздің «Қазақ елі, яғни «Мәңгілік ел» ел боларына сенім білдіру – азаматтық парызымыз.

Мәңгілік ел – елдігіміздің ертеңін ойлаған білім мен ғылым саласын жетілдіру, жандандыру, өскелең ұрпаққа түсіндіру парыз болып табылады.

Елбасы білім беру саласында халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту міндетін алға қойды. Жарқын болашаққа жету жолдары бүгінде қоғамның түрлі салаларынан көрініс табуда. Соңғы кезде әлемде болып жатқан елеулі өзгерістер білім беру саласына да әсер етпей қоймады. Ғылым мен техника бұрын-соңды болып көрмеген қарқынмен дамып келеді. Бұл қарқынға ілесу үшін білім саласынан оң өзгерістер, тың іс-әрекет пен жаңаша көзқарас талап етілуде. Әлемдік білім беру саласында қоғамның әрбір қоғамның әрбір мүшесінің назарынан тыс қалмайтын мәселелер төңірегінде түбегейлі өзгерістер жасалуда.

Тарихқа тағылым, ұрпаққа ұран болған тәуелсіздік талай шыңдарды бағындыра алды, әлі де бағындырмақ. Бұл ретте ұстаздар қауымының қосқан үлесі зор екені сөзсіз.Ендеше, Тәуелсіз еліміздің ертеңі үшін атқарар істеріміз жемісті, болашағымыз бедерлі болып, игі  мақсаттарымыз орындала берсін!

ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Хасенов А. Қазақ тарихының баяны. А., 1996. 175 б.

2.Хасенов Ә. Қазақ хандығы қай жылы құрылды? “Қазақ тарихы” журналы №2  1993, 38-41 бб.

3.Тынышпаев М. Великие бедствия… (Актабан шубырынды) А., 1992. 605 б.,

4.Чулошников А.П. Очерки по истории казак –киргизского народа в связи с общими историческими судьбами других тюркских народов. Оренбург, 1924, ч. 1, 134-161 бб.

5.Кәрібаев Б.Б. Қоғамдық-тарихи дамудың нәтижесі. “Қазақ тарихы”. 1993, №3, 31-37 бб; Соныкі . Қазақ хандығының құрылуы. “Қазақ тарихы”. 1995, №4, 21-29 бб, №5, 20-27 бб, №6, 15-20 бб; Соныкі. Қазақ хандығы құрылуының өзекті  мәселелері. КазМУ хабаршысы, тарих сериясы. 1998, №6.

6.Материалы по истории казахских ханств XV-XVIII веков (извлечения из персидских и тюрских сочинений) Составители: С.К. Ибрагимов, Н.Н. Мингулов, К.А. Пишулина, В.П. Юдин. А., 1969. 171 б.

 

Торебекова Эльмира Абсематовна
 «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы
 Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының меңгерушісі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.