Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай Кентау қалалық білім беру бөліміне қарасты Кентау оқушылар үйінде қазан айының 18 жұлдызында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін насихаттау, тарихымыздың көркем шежіресін ұлықтау, рухани ұлттық мұрамыз бен елдік-ерлік құндылықтарымызды насихаттай отырып, туған елін, Отанын сүюге үндейтін шығармалардың дүниеге келуіне ұйытқы болу, жастарымыздың таланттарын қолдау арқылы шыңдау мақсатында қалалық білім беру бөліміне қарасты қалалық көркем сурет мектебі мен Кентау оқушылар үйінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған « 25 жұлдызды жыл » атты қалалық сурет байқауы және қолөнер шеберлері туындалар көрмесі қойылды. Байқауға Кентау оқушылар үйі мен қалалық көркем сурет мектебінің оқушылары қатысты.
1.ҚБББ-нің әдіскері — Исмагилова Гулдана Сұлтанбекқызы, ішкі саясат бөлімінің инспекторы — Рахиля Алимбекқызы, Республикалық «Деловой Казахстан » газетінің және Қаратау тәжі газетінің меншікті тілшісі — Қожамұратов Мағауия Губайдуллаұлы қазылар алқасы болып сайланды. Кентау оқушылар үйінің директоры Х. Мамбетбаева келген қонақтарды мерекемен құттықтап, оқушыларға сәттілік тілеп байқауды ашып берді. Қазылар алқасы өз шешімдерін шығарып, жеңімпаздарды қалалық білім беру бөлімінің басшысы А. А. Ауелбековтың мақтау қағаздарымен марапаттады.
Сурет байқауынан марапатталған қалалық көркем сурет мектебінің оқушылары:
І орын: Түгелбаева Сағыныш
ІІ орын: Крибалиева Алевтина
ІІІ орын: Дүйсен Мадина
Қолөнер шеберлері туындыларының көрмесінен марапатталған «Кентау оқушылар үйінің» марапатталған оқушылары:
І орын: «Шебер қолдар» үйірмесінің оқушысы: Утемисова Амина.
ІІ орын: «Қиялдар әлемі» үйірмесінің оқушысы Орынбаева Шахло
ІІІ орын: «Жас техник » үйірмесінің оқушысы: Нураддин Мейрамбек
Қалған оқушылар қаты
сқаны үшін деген мақтау қағаздарын алды.
Байқауға келген оқушыларға Кентау оқушылар үйінің өнерпаз оқушылары
Тоқтасын Бақытжан және Әбдікәрім Гүлзира патриоттық әндер орындап, «Еркетай» би үйірмесінің оқушылары « Қазақ » биін тарту етті.