Мақсаты: Балалардың өрт туралы және оның қауіпті екенің білімдерін бекіту.
Зейін, еске сақтау қабілеттерін дамыту. Балаларды тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Сіреңке, телефон, шелек, обруч балалардың костюмы.
Іс-шара барысы: Балалар орындарына отыр залға Шапокляк кіреді.
Шапокляк: (Жан-жаққа қарайды) не жамандық істесем екен? (сіреңкенің қорабын алады) О, мына жерде сіреңке тұр ғой. Қазір мен от жағайын. (Сіреңкеңі жаққысы келеді).
Мысық: жүгіріп шығады.
Мысық: Ой, апа, не істеп жатырсыз?
Шапокляк: (қорқып) Тууф, шошыттың ғой, сонша неге айғайлап тұрсың?
Немене өрт болып жатыр ма?
Мысық: Егер мен болмасам – мына жер өртеніп кетер еді.
Шапокляк: Қойшы! Біріншіден, мен апа емеспін, екіншіден мен азаматша Шопоклокпын! Бір шиден өрт болушы ма еді?
Мысық: Олай демеңіз, бір тал сіреңкеден не болатынын тыңдаңыз.
Ол кішкентай сияқты
Қарамаңыз ол кішкентай екен деп.
Кішкентай қорапша үлкен апатқа әкеледі.
Балалар естеріңде болсын.
Отпен ойнауға болмайды!
Шапокляк: Ой қандай? Мен мұны білген жоқпын, кішкентай сіреңкеден өрт шығуы мүмкін екенін енді ғана түсіндім.
Мысық: Менің атым – мысық Тәте. Мен туралы С.Моршок ертегі жазған. Мысықтың үйі!
Шапокляк: Ол сенің үйің бе, өрттенген? Ал, өзің маған сіріңкені қалай қолдану керектігін үйретіп отырсың.
Мысық: Иә, сондай оқиға болған. Мен кейін ұқтым. Сондықтан, менің жіберген қателігімді сендер қайталамасын деген оймен сендерге айтқан едім.
Бүгін бізге қонаққа балалар келді, өрт туралы мәлімет алу үшін, ал сіз азаматша Шапокляк бізбен бірге болыңыз, көп нәрсе үйренесіз.
Шапокляк: Жарайды қаламын, мүмкін керек те болар.
Мысық: Бастайық. Егер сенде далада кешке жақын кезде бір үйдің терезесінен түтін көрсеңдер не істейсіңдер? (балалардың жауабы)
Мысық: Шапокляк, сен не істеуші едің?
Шапокляк: Мен бе? Қашып кетемін, әйтпесе біреулер оны мен жақты деп ойлап қалады ғой.
Мысық: Бұның дұрыс емес! Керісінше, ол жерде сенің көмегің қажет.
Шапокляк: Ааа, көмек көрсету керек пе? Онда мен қымбат заттарды шығаруға көмектесемін. Мысалы: теледидар, компьютер, тон, кілемдер.
Мысық: Жоқ, ол дұрыс емес! Сен не айтып тұрсын?
Балалар, айтыңдаршы, өрт кезінде не істеу керек? (Балалардың жауабы). Балалардың жауаптары дұрыс «101» деген нөмірге қоңырау шалып, өрттің қай жерде болып жатқанын және кімнің хабарлап тұрғанын айту керек.
Шапокляк: Мен ұқтым «101» деген нөмірге қоңырау шалу керек.
Мысық: Дұрыс айтасын, өрт болған жағдайда шапшаң әрекет етудің маңызы зор.
Шапокляк: Ал қазір, ойын ойнайық, балалар, өз аттарын тегін және өрт сөндірушілердің нөмірін біле ме екен, байқап көрейік.
Ойын: «Қоңырау қабылдаңыз».
Мысық: Жарайсыңдар, балалар, біледі екенсіңдер.
Өлең: До-ре-ми.
Тапсырма: Суретке қарап сұрақ арқылы жауап береді.
Ойын: «Кім тез?»
Шапокляк: Балалар, сендер бүгін өрт қауіпсіздігінің ережелерін және өрт болған жағдайда оны сөндіруге, қауіпке душар болған адамдарды қалай құтқару қажеттігін білетіндеріңді дәлелдедіңдер.
Мысық: Ал қазір, балалар, мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр.
Ойынның аты: «Мен мен және менің достарым».
- Кім түтіннің исісін біліп, қоңырау шалады? (мен-мен және менің достарым)
- Кім отпен ойнайды? (мен емес, мен емес және менің достарым емес).
- Кім от жақпайды және басқағада от жаққызбайды? (мен-мен және менің достарым)
- (Мен емес, мен емес және менің достарым емес).
Мысық: Бүгінгі біздің іс-шарамыз өз мәресіне жетті. Балалар, біз сендермен көп нәрсе үйрендік, отпен ешқашан ойнауға болмайды, себебі, ол — өте қауіпті.
Жумагуль Толеубековна ОМЫШЕВА,
№18 бөбектер бақшасы тәрбиеші,
Ақсу қаласы,
Павлодар облысы