Home » Мақалалар » Тәрбие тал бесіктен

Тәрбие тал бесіктен

 

«Ата-ананың қадірін білмеген-халық қадірін білмес», — деп зергер жазушы Ғ.Мүсірепов айтқандай, әрбір адам өзін жарық дүниеге әкелген, мәпелеп өсірген ата-анасына мәңгілік қарыздар. Өз ата-анасын қадірлесе, ертең өзі де қадірлі болмақ.
Асыл анам мен асқар таудай әкемнің берген тәрбиесі — мен үшін мәңгілік мұра. Анамыз отбасында әкеміздің рөлін жоғары қоя біледі. Әкеміз-отбасымыздың басшысы, асыраушысы, қамқоршы, тірегі. Әкеміздің айтқан әр сөзі, істеген іс-әрекеті ұл-қыздары, біздер үшін үлкен өнеге мектебі.
Ал анамыз біздер үшін отбасының беріктігін сақтай білген, ер-азаматын ерекше сыйлай білген, ұл-қыздарына рухани қолдау көрсете білетін отбасы ұйытқысы. Анамнан алған тәрбием, ақ сүтімен бірге дарыған мінез-құлқым өміріме азық бола білді. Мен де өз балаларыма ата-анамнан көрген тәрбиемді бойларына сіңіргім келеді.
Бала тәрбиелеу ісі-өте жауапты іс. Ол тек сенің ғана балаң емес, ол-елдің азаматы, Қазақстанның бір бөлшегі. Сондықтан бала тәрбиесіне әрбір ата-ана немқұрайлы қарамау қажет.
«Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтірмейді», — деп ұлы педагог Ыбырай Алтынсарин керемет ой түйген. Осы ғажайып пәлсапаны барлық ата-ана өз ұстанымына айналдырса нұр үстіне нұр болар еді.

Джұматаева Мақпал,
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
№229 жалпы орта мектептің биология пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.