Жүргізіліп жатқан тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар халықтық идеялар мен тәжірибені жеткіншек ұрпақ тәрбиесінің құрамды бөлігі болып табылатындығын сенімді дәлелдеуде. Халық педагогикасы жалпы, қазақ халқы педагогикасы жеке алғанда көптеген ғасырлар бойына қаланды, өңделді және бүгінгі күнге өзіндік педагогикалық дәстүрлер мен көзқарастарды жеткізіп, сондықтан оқыту-тәрбиелеу жүйесінде лайықты орнын алуы керек.
Халықтық дәстүрлерді тәрбие процесінде пайдалануда бұл дәстүрлердің өсіп келе жатқан адамға психологиялық әсерін және оларды қолданудың жолдарын білу керек. Бұл үшін оларды жан-жақты зерттеу және алынған нәтижелермен студенттерді, болашақ мұғалімдер мен тәрбиешілерді қаруландыру, оларға халықтық дәстүрлер мен педагогикалық көзқарастар жайлы білім беру, олардың тәрбиелік мүмкіндіктерін ашу қажет.
Тәрбие процесінің тиімділігі қандай да бір техникалық жаңалықтарды, қандай да бір ерекше айла-әдістерді енгізу жолымен емес, дұрысында тәрбие процесінде халықтық, адамдық, гуманистік принциптерді күшейту жолымен көтеріледі. Оқытудан айырмасы тәрбиені жақсартуда шешуші роль жаңа ойлап табуларда емес, ал нақты халықтық негіздерді балалар мен ата-аналар, кіші және ересек балалар, балалар мен педагогтар, ата-анадар мен педагогтар және т.б. өзара байланысында мейлінше қайта жаңартуда; адамдар арасындағы қарым-қатынастарда жалпы, балалар арасындағы жекелей алғанда сезгіштік, қайырымдылық, сергектік, ақ пейілділік, ізгілік ақуалын туғызуда.
Байланыстың жақындығы мен қарым-қатынастың тығыздығы тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың шешуші шарттары бола алады.
Сезімді тәрбиелеу мәселесі қазіргі педагогика үшін ой-өрісті дамытуға қатысты проблемаларға қарағанда күрделі және өзекті мәселеге айналуда. Шынайы халықтық негіздерді толығырақ енгізу бұл мәселені шешуде тірек қызметін атқара алады.
Оқушылардың танымдық әрекеті белсенділігін арттыратын және оқытудың тиімділігін жоғарлататын жаңаша әдістер мен тәсілдер неғұрлым мол оқыту неғұрлым технологияландырылған болса, адамдық пен адалдылықтың, қайырымдылық пен мейірімділіктің халықтық дәстүрлеріне соғұрлым көп көңіл бөлу талап етілуі, демек, этникалық, этикалық және психологиялық құбылыстар мен мәліметтерге назар аудару мен соғұрлым көбірек болуы заңдылығы оқыту мен тәрбиелеудің үйлесімді бірлігінің ерекше маңызды методикалық аспектісі болып шығады.
Тұлға қалыптастырудағы алға жылжулар қазіргі бүкіл ғылым және техникалық жетістіктерді оқыту процесінде тәрбиенің маңызды факторы ретінде барынша қолдау және халықтық пайдаланумен байланысты. Адамның әлеметтенуінде тәрбиенің халықтық дәстүрлері Қазақстан тәуелсіз алған қазіргі жағдайында қоғамдық жаңаруы мен демократиялануы ісіне қызмет етіп тиісті орнын алуы қажет.
Оқыту мен тәрбиелеу арасындағы үйлесімді сәйкестік жас ұрпақты қалыптастырып дамытуға жалпы халықтық назар аударумен және педагогикалық дәстүрлердегі бүкіл шынайы халықтықты қайта өркендетумен қамтамасыз етілмек. Қоғамдық рухани мәдениетте тәрбиелеудің таусылмас идеясы мен тәжірибесін сақтаушы халықтың «педагогикалық зердесі» жасампаздық роль ойнауға қабілетті.Адамгершілікке тәрбиелеу процесінде озық халықтық дәстүрлерді, жоғары идеялық ертегілер, мақалдар, мәтелдер, жұмбақтарды қолдану тиімді. Халық педагогикасынан өнегелерге сыныптан тыс жұмыстарда, газеттер мен журналдар беттерінде, радио мен теледидар
хабарларында тиісті орын берілуі керек.
Педагогикалық әдеп мұғалімнің ең кәсіптік белгісі. Қандай да бір мамандықтың өзіне тән белгісі болатындығы сияқты. Мысалы, ол белгі адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқалуы мүмкін. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның мұғалімдік әдетінде. Әнші үшін үн, музыкант үшін музыканы ұғу қандай қажет болса, мұғалім үшін әдеп сондай қажет. Қазір бізде ұстаздық шеберлік жайлы көп айтылып жүр. Мұның өзі заңды. Шеберлікті ұдайы шыңдамайынша мектеп алдына қойылып отырған қыруар міндеттерді жүзеге асыру мүмкін емес. Сонымен, ұстаздық шеберік дегеніміз не?
- Мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы, оларды өз
ұлтының азаматы рухында тәрбиелеуі, ол үшін өз бойына осы қасиетті сіңірген адам болуы қажет;
- Өз пәнін жетік меңгеру;
- Оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеру;
Бірақ осы айтылған 3 қасиет болғанмен, мұғалім оқушылармен қоян қолтық араласпаса, педагогтік әдеп жоқ жерде сабақ, тәрбие іске аспайды.
Сонымен, ұстаз шеберлігі дегеніміз – тек мұғалімнің жан-жақты және методикалық сауаттылығы ғана емес, ол әрі сөзді бойға сіңіруі. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, «педагогика теориясын қанша жетік білгенмен, педагогтық әдептің қыр-сырын меңгермейінше, бұған оның қолы жетпейді.»
Педагогикалық әдеп – мұғалімнің әрбір нақты іс үстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы.
Ұстаздық әдеп жайын сөз еткенде біз әрдайым ғалымдардың зерттеулеріне назар аударамыз. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда «Ұстаз», «Тәрбиеші», «Мұғалім» деп қастерлі мамандықтың сыр-сипаты 200-ден астам компоненттерден тұрады.
Педагогикалық әдепке анықтама беру үшін 3 түрлі көзқарасқа негізделеді.
Біріншісі — педагогикалық әдеп оқушылармен қарым-қатынасқа жалпы адамзаттың әдептілік сіңіру, екіншісі – мұғалімнің жеке басының психологиялық ерекшелігі. Үшінші – мұғалім шеберлігінің жеке бір бөлігі. Алғашқы екі көзқарас бойынша педагогикалық әдеп мұғалімнің оқушыларға деген сүйіспеншілігі, олармен шынайы қарым-қатынасы, олардың қадірін біліп силауы, қайырымдылық, ілтипаттылық, байсалдылық, сенімділік сияқты мінез қасиеттері қатарында қарастырылады. Үшінші көзқарас бойынша педагогикалық әдеп — оқушылармен дара ерекшелігі қажетті қарым-қатынастар орнату және сол қалпында ұстай білудегі арнайы кәсіби іскерлік ретінде қарастырылады. Оған жалпы педагогикалық амал-тәсілдердің едәуір бөлігі, жекелеп айтқанда педагогикалық тактика болып табылады. «Такт» латынша «тастуб» — «жанасу», «түйсіну» деген мағына, ал «тактика» грекше «тәртіпке келтіру» деген сөзден шықққан.
Тәрбие – педагогикалық процестің ең маңызды, өзіндік бет-бағдары бар, өз мазмұны, принциптері, өзіне тән формалары, әдістері, тәсілдері бар. Сондықтан, педагогикалық ғылымның дамуына байланысты, тәрбие жұмысының методикасы да өзіндік беті бар ғылыми пән ретінде қалыптасып келеді.
Бұл пәннің міндеті – тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен принциптерін формалары мен әдістерін ашып көрсету, педагогтарға тәрбие беру өнерін меңгеруге көмектесу.
Сонымен, тәрбие жұмысының методикасы дегеніміз – белгілі мақсатқа жетудің амал-тәсілдік құралдар жиынтығы.
Бұл өте күрделі өнер. Ол өзінен өзі келе қоймайды. Бұл жөнінде К.Д.Ушинский «Педагогиканың пайдасы туралы» мақаласында теориясыз педагогикалық практика медицинадағы тәуіпшілікпен бара-бар деп жазды. Сондай-ақ өзінің «Адамға тәрбие беру әдістері» атты еңбегінің алғы сөзінде « … тәрбие беру өнерінің жұрттың бәріне дерлік таныс және түсінікті іс, ал кейбіреулерге тіпті оңай іс болып көрінетін ерекшелігі бар, бұл адамның онымен теориялық немесе практикалық таныстығы неғұрлым азырақ болған сайын соғұрлым түсініктірек және оңайрырақ болып көрінеді. Жұрттың барлығы дерлік тәрбие беру төзімділікті талап ететінін мойындайды, кейбіреулер бұл үшін туа біткен қабілеттілік және іскерлік, яғни дағды керек деп ойлайды, бірақ төзімділік туа біткен қабілеттілік пен дағдыдан басқа, арнаулы білім деп қажет екеніне, біздің көптеген педагогикалық шалыс қадамдарымыз барлығының да көзін осыған жеткізе аларлықтай болғанымен, білуде біреулер ғана көз жеткізеді.»
А.С.Макаренко да педагогтік шеберлікті, тәрбие беру өнерін меңгеруге үлкен мән береді: «Менің педагогикалық тәжірибем туралы» баяндамасында ол: «… педагогтік шеберлік – тіптен бос іс емес… тәрбиеші шеберлігі … дәрігердің өз шеберлігіне үйрету қандай керек болса, тәрбиеші шеберлігіне де сондай-ақ, музыкантты үйрету қандай қажет болса, тәрбиеші шеберлігіне де сондай үйретілуі тиіс», — дейді. Ол «тәрбие бере білу — өнер» деген дұрыс түйін жасады.
Біз жоғарыда тәрбие жұмысының методикасы дегеніміз – белгілі мақсатқа жетудің амал, тәсілдің, құралдың жиынтығы деген едік. Ал методиканың екі түрі бар:
- Оқыту методикасы (әр пәннің)
- Тәрбие методикасы – бұл педагогикада оқылған кейбір тақырыптардың
қатысы бар. Мысалы, тәрбие теориясы, тәрбиенің жалпы әдісі, сынып жетекшісі, азаматтық тәрбиенің салалары. Әрине, біз осы тақырыптарға сүйенеміз. Бірақ, онда біз теориясын айтсақ, енді тәрбиенің сан алуан практикасы туралы жұмыстардың түрлерін айтамыз.
Ал, методикаға не жатады?
- Педагогтік, кәсіптік дағдылар – нақты айтқанда, тәрбие жұмысын ұйымдастырудың дағдылары.
- Балалармен өте тиімді, әсерлі коммуникативтік дағдылар. (дағды- қасиеттер, басқаша айтқанда, педагогикалық қарым-қатынас деген сөз) ұстаздың балалардың жүрегіне жол таба алуы.
- Педагогикалық техника – мұны А.С.Макаренко педагогикалық өнер дейді. К.Д.Ушинский айтуы бойынша да «Тәрбиелеу ісі — өнер» дейді (Воспитание – это искусство)
А.С.Макаренко «тәрбие — өнер, оған арнайы үйрету керек»,- дейді. Педагогикалық өнерге не жатады?
- Ұстаздың сөйлеу өнері
- Әңгімелесе білу өнері
- Бетпе-бет әсер ету өнері
- Ұстаздың өзін-өзі тәрбиелеуді меңгере білу өнері
- Қуана, ренжи білу өнерін меңгере білу
Осының бәрі педагогикалық техникаға жатады.
- Мұғалім түрлі функция атқарады:
- Оқушы
- Тәрбиеші
Ал тәрбиешінің ең негізгі қасиеттері неде? Ол коллективті ұйымдастыру, топтастыру. Егер осы қасиеттері болмаса, онда оны тәрбиеші деуге болмайды.
Тәрбиеші оқушыға, оқушы тәрбиешіге әсер ету болған жағдайда екі жақты процесс іске асады. Ортақ әрекет болуы керек. Мұғалім – оқушы; оқушы – мұғалім орнына тұра білуі керек. Тәрбие іс-әрекет болғандықтан оқушы мен оқытушы орта істі шеше білу керек. Сөйтіп, нәтижеде бүкіл оқушылар ұйымы, ата-аналар тобы коллектив болып шеше алмаса, олардың жұмысын ноль деуге болады. Ал коллектив сыныпта қалыптасып жетекшісі жоқ болса да өздері атқара береді. Мұндай жағдайда жеке бастың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Егер осы дәрежеге жетсек тәрбие жұмысының мақсатына жеткен іміз.
Әдіс дегеніміз – алға қойылған мақсатқа жетудің жолы. Тәрбиелеу әдістері – тәрбиелік міндеттерге қол жету үшін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер коллективтерінің бірлескен өзара байланысты қызмет ету жолдары мен тәсілдері.
Сөйтіп, тәрбие әдісі – мұғалімдер мен оқушылардың ұйымдасқан тәрбие процесінде жеке баланың мақсатты бағытта қалыптасуын қамтамасыз ететін күрделі комплекс дейміз.
Тәрбие әдісінің негізгі түрлері:
- Сендіру әдісі– сөзге негізделген баяндама, әңгіме, диспут, лекция; бұл ең жетекші әдіс.
- Практикалық әдіс– жағымды мінез-құлыққа жатықтыру – оған түрлі тапсырмалар беру. Қоғамдық-азаматтық, пионерлік тапсырмалар беру. Спортқа, түрлі үйірмелерге, экскурсияларға қатыстыруға тапсырмалар беру.
- Ынталандыру әдісі– мұны Бабанский стимуляция жасау деп атайды, көтермелеу және жазалау бұл педагогикада көмекші қосымша әдістер ретінде қарастырылады.
- Өзін-өзі тәрбиелеу әдісі– Сухомлинский: «Бала өзін-өзі жетілдіруге икемделмесе оны жүз мұғалім де тәрбиелей алмайды»,- дейді. «Менің атым – Қожа» балалар киносында Қожаның айна алдына отырып, өзіне-өзі бұйрық беруі.
Ұйымдастыру жұмыстары – бір ғана сынып жетекші, тәрбиешісісі емес, тәрбие жұмысында ата-аналардың да көмегі керек. Өйткені қазіргі ата-баба салтын, дәстүрін пайдалануда өзіміз білмегенде сұрау, көмегін алу.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы мен қолдау сөздерімен қорытындылағым келеді — «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар бізде аз емес, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс, бұл — өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз», — деп атап көрсетті.
Ж.З. Мамашева,
Жамбыл облыстық әкімдігінің білім басқармасының
«Саңырау және нашар еститін балаларға арналған облыстық
«Мейірім» арнайы түзету мектеп – интернаты
коммуналдық мекемесі
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,