Мектепке дейінгі тәрбие- адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Өсіп келе жатқан жас буындардың бойында ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін: әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен бала бойына халқымыздың мәдениетін, әдет –ғұрпын,тарихын кішкентайынан сіңіре білгеніміз жөн. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру тіл дамыту, көркем әдебиет пәндерінің алатын орны ерекше. Отанын сүйген, елін, жерін қорғаған батырларымыздың ерлігі, ақындардың елін сүюге шақырған өлең –жырларының балалардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы зор.
Ұлттық патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір тәрбиеленушіде патриоттық сана, патриоттық сезімін қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ.
Сондықтан мен барша Қазақстандықтар, әсіресе жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс –біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек.
Әрбір ата –ана –өзінің баласын Отанға пайдалы, еліне мейірімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты.
Балабақша мен ата –ана арасында тығыз қарым –қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа рухани-патриоттық тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойынан жастайынан Отансүйгіштікке, патриоттық құнды қасиеттерін сіңіріп тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілердің алатын орны зор. Еліміздің болашағы жас ұрпақ тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, екінші бесік –білім беру мекемесі.
Алдиярова Раушан Бегайдаровна,
№85 «Мейіржан» санаториялық
балабақшасының әдіскері.