«Тәрбие тал бесіктен басталады» демекші, әрбір отбасындағы ата-ана – тәрбиеші, ұстаз. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Сондықтан ата-ана баланың салауатты ұрпақ тәрбиесін жүргізуде ата-баба ұлағатына көңіл бөліп, оны басты назарда ұстануы тиіс. Қазақстан егемендік алғаннан бері 26 жыл ішінде Отанға деген сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге, ең бастысы тәуелсіз елдің болашақ азаматын қалыптастыру, өсіруге ерекше мән берілуде. Денсаулығы жақсы, тәрбиелі, білімді бала – ата-анасының шын мәніндегі қуанышы. Бала ата-ананың қуанышы, қызығы және де келешек ұрпақты жалғастырушысы. Отбасында басты мәселенің бірі – баланың тіршілік іс-әрекетін ұйымдастыру. Баланың күн тәртібі және жеке басына қойылатын талаптар құрамының негізін үй еңбегіне араласуы, білімге деген құштарлығы құраса, ата-ана міндеті – оның бос уақытын дұрыс пайдалануға көмек көрсетіп, бағыт жасау, ой еңбегінің жетілуіне ықпалын тигізу. Бала тәуліктің 18 сағатында өз отбасында тәрбие алады. «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген халқымыздың даналық сөздерінің мәнін ешбір уақытта ата-ана естен шығармауы керек. Ата-ана – отбасындағы жетекші, баланы жетелеуші тұлға, қоғамның басты негізі. Бүгінгі ұрпақ – біздің болашағымыз. Егеменді еліміздің ертеңі – жас ұрпақтың бойына парасаттылық пен ізгілік, инабаттылық пен кішіпейілділік, білімділік пен мәдениеттілік дарығаны – біздің жеңіс. Тәуелсіз елдің болашағы — жас жеткіншек ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге мектепте ұстаздар, ал отбасында ата-ана жауапты.
С. Г. Ирисова,
№105 Мукуми атындағы жалпы орта мектеп,
Әлеуметтік педагог,
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Шымкент қаласы