Home » Балабақша » Тәрбие бесігі — балабақша

Тәрбие бесігі — балабақша

Тәрбиенің  сан  алуан  келелі  мәселесін  шешетін, қарапайым  дағдыларды  бала  санасына  орнықтыратын  алғашқы  білім баспалдағы – ол балабақша.

Мектепке  дейінгі  мекеме  бала  болашағына  жол  ашады.  Алған  тәрбиесі  мен  білімін , көзімен  көріп, көкірегіне  түйгендерін  санасына  орнықтырып, тиянақтауға  үйретеді.

Маңғыстау  облысының  Бейнеу  ауданы  әкімдігінің  Боранқұл  ауылындағы  «Боранқұл» бөбекжайы  МКҚК  2008 жылдың  7 мамыр  айынан  бері  оқу-тәрбие  жұмыстарын  жүргізіп  келеді. Мекемеміздің  алға  қойған  мақсаты: инновациялық  жаңа  технологиялар  бойынша  бүлдіршіндерді  білімді, елін, жерін  сүйетін , халқымыздың  әдет-ғұрпы  мен  салт-дәстүрін  қастерлейтін ,үлкенді  сыйлап, кішіге  ізет  көрсете  білетін  әдептілікке, адамгершілікке  баулу. Міндеттері: Балаларға  оқыту  мен  тәрбиелеудің  қазіргі  әдістемесі  бойынша  жан-жақты  білім  беру. Іс-әрекетті және  мақсатқа  жету  жолдарын  өз  бетімен  қызыға  орындауға  бейімдеу. Баланың  денсаулығын  сақтай  отырып, салауатты  өмір  дағдыларын  қалыптастыру.

«Тәрбие тал бесіктен басталады» дейді халық. Адамзаттың  өміріндегі   ең  қымбаттысы, көз   қуанышы – бала. Бала  тәрбиесінде  балабақшаның рөлі өте зор. Өйткені отбасы тәрбиесі мен балабақшадағы тәрбие бір-бірімен тығыз  байланысты, бірін-бірі  толықтырып  отырады.

Балабақша  директоры Лаззат  Есбергенова  Айекенқызы  басшылық ететін  біздің  ұжым  ауылда  балабақшаға  балаларын  беруге  мұқтаж  отбасылардың  көбеюіне  орай  2009 жылы  қанатымыздың  астынан  Боранқұл  санаторлық  бөбекжайын түлетіп  ұшырдық. Ол 25 орындық  балабақша  болып  өз  жұмыстарын  жалғастыруда.  2010 жылы өрісіміз  кеңейе  түсіп, тағы да  88 орындық  «Қарақұм» бөбекжайы МКҚК -ын  жеке  балабақша етіп шығардық. Бөбекжай   бала  тәрбиелеуде  қоғамға  үлестерін  қосып, қызу еңбек  етуде.

«Боранқұл» бөбекжайы МКҚК-да  барлығы  отыз  педагог. Оның  ішінде  І санатты  5 педагог, екінші  санатты 14 педагог  бар.  Барлық  педагогтар  осы  саладағы   мамандық  иелері.

Біздің  бөбекжайымыздың  қол  жеткізген  жетістіктері  де  аз  емес. Айтар  болсақ: Аудандық сырттай  «Жауқазын» өнер  фестивалінен  «Би ырғағы» номинациясы  бойынша  тәрбиеленушілеріміз  ІІІ орын, «Әнші  балапан» номинациясы  бойынша ІІ орын,  «Нұрға  бөлену» номинациясы  бойынша  І орын , «Ұлы  дала  ұрпақтары» атты  аудандық  байқауда  «Үздік  қойылымнан» ІІІ орын, «Ханталапай» аудандық  сырттай  интеллектуалдық  байқауда  ерекше  көзге  түскені  үшін  марапатталды.

Бұдан  бөлек  тәрбиешілеріміздің  жұмыстары аудан, облыс  көлемінде  өткізілген  түрлі  байқауларда, іс –шараларда  жүлделі  орындар  алып, түрлі  марапаттарға  ие  болып  келеді. Балабақша  ашылғалы  тынбай  еңбек  етіп  келген  тәжірибелі  педагогтарымыздың  ерен  еңбегін айтқым  келеді. Атап  айтар  болсам: Л.Есбергенова, А.Смайылова, К.Абенова, С.Кусайнова, А.Куракбаева, Ш.Ибраева  сынды  педагогтарымыз  бала  тәрбиесіне  өте  зор  үлес қосып  келеді. Тәжірибелі  мамандар  жаңадан  еңбек  жолын  бастаған  жас  мамандарды  баулып, білмегендерін  үйретуден  жалыққан  емес. Ұжымдағы  педагогтар  әрбір  үйдің  түтінін  түтетіп  отырған  шаңырақ  ұйытқысы. Міне  сол  адамдардың  әрқайсысының  тілін  тауып, ұйыған  айрандай  біріктіріп, ауызбірлікпен  жұмыс  жасап, осындай  жетістіктерге  жетуіне  бірден- бір себепкер  жан  — басшымыз  Лаззат  Айекенқызының  еңбегі  орасан  екенін  де  атап  айтқым  келеді. Апайларымыздың тәрбиеленуші  түлектері  балабақша аралық, аудандық  сайыстарда  өз  өнерлерімен  қоса  білімдерінің  нәтижесін  көрсете  отырып, ата-аналар   арасында  да  беделді  маман  екендерін   айшықтап  берді.

Міне, бала  тәрбиелеу мақсатында   қызу  еңбекпен  жүріп  бөбекжайымызға  биыл  он  жыл  толғанын да  сезбей  қалыппыз. Он  жылдық  тарихы  бар балабақшамыздың   еңбегін   айтып  жеткізу  де  әрине  қиынға  соғары  анық. Бізден  түлеп  ұшқан  бүлдіршіндер  бүгінде  он төрт  жасқа  толып  жатыр. Бұл  ауыз  толтырып  айтарлықтай  қуанышты  жағдай.

Мамандардың  кәсіби  шеберлігін  шыңдау, белсенділігін  арттыру  мақсатында  ауқымды  істер  жүргізілуде. Ауызбірлігі  мықты,  жаңашылдыққа  жаны  құмар, ұдайы  ізденістегі  ұйымшыл  ұжымымыз  салауатты    өмір  салтын  қалыптастыру, бүлдіршіндердің спортқа  қызығушылығын  арттыру, ептілікке,  батылдыққа, ұлттық  педагогикаға  сай  тәрбиелеуде  елеулі  жұмыстар  атқаруда.

Балаға  айналадағы  өмір  шындығының  әсері  мол. Балабақшаға  беретін  бала  жан-жақты  жетіледі. Біз  бөбекжайдан  алған  тәрбие  бастауын  мектепте  жалғастырған  балаларымыздың  жүрек  жылуына  айналып, көз  қуаныштарымыз  болғанын  мақтан  тұтамыз.

Бала  тәрбиесінде  қызу  еңбекпен  жүріп  бөбекжайымызға  биыл  он  жыл  толғанын да  сезбей  қалыппыз.  Балабақшамыздың  он  жылдық  еңбегін  айтып  жеткізу де  әрине  қиынға  соғары  анық. Бізден  түлеп  ұшқан  бүлдіршіндер  бүгінде  он төрт жасқа  толып  жатыр. Бұл  ауыз  толтырып  айтарлықтай  қуанышты  жағдай.

«Тәрбие – тал  бесіктен» демекші  тәрбиеленушілеріміз  бүгінде  саналы  тәрбиесімен,  білімімен  өздерін  аудандық,  облыстық  көлемде  таныта  алып  жүр.  Бұл  біз  үшін  зор  нәтиже.

Оқу  мен  тәрбие  — бір-бірінен  бөлінбейтін  күрделі  үрдіс. Балабақша  тәрбиешілері  жаңа  заманның  жаңашыл  маманы  ретінде  осы  екі  үрдісті  қатар  алып  жүріп, шеберлігі  мен  іскерлігін  шыңдай  бермек. Біздің  бөбекжай  ұжымы  әлі  талай  белестерді  бағындырып, биік  шыңнан  көрінетініне  сенемін.

Кыдырбаева Амангул Жарылгасыновна

«Боранқұл» бөбекжайы МКҚК І санатты әдіскер

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.