«Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына
Ықпал ететін үздіксіз білім берудің
алғашқы сатысы балабақша»
Н.Ә.Назарбаев
Еліміз егемендік алып,Қазақстан өз алдына дербес мемлекет болып қалыптасқалы жеткіншектерімізге жеткілікті көңіл бөлінініп, жас ұрпақтың елін сүйген азамат болып бой түзеуі басты маңызды мәселе. Осы маңызды іске ерекше көңіл бөлген елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты жолдауында мектепке дейінгі мекелелердегі орындар тапшылығын түбегейлі қысқартуға жол көрсетті. Бұл саясаттың арқасында бізді қуантатын оң нәтижелердің бірі ауылдарда балабақшалардың бой көтеруі. Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беруі керек,тәрбиесіз берілген білім адам заттың қас жауы,тәрбиесіз берген білім адам затқа апат әкеледі» деген ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген сәби кезден бастап берілетін тәлім-тәрбиенің маңызы өте зор.Отбасының жылылығы мен махаббаты баланың өзіне деген сенімін арттырып, болашақта нық болуға зор ықпал етеді.
Бала тәрбиесі бесіктен басталады деген зиялы тұлғалардың сөздеріне іспекттес тек балабақша,мектеп,оны қоршаған орта ғана емес, сонымен қатар отбасы мүшелерінің бәрінің тигізер әсері мол. Ата-аналар өз баласының алғашқы қадамын, жағымды мінез қылықтарын көруге асығады.Бала сіз үшін ажырамас айнаға айналады.Оның жылағаны жабырқатып, күлгені қуантады. Ата-аналар баласы үшін күш-жігерін аямай,барлық мүмкіндіктерді жасауға асығады.Дегенмен,баланың ішкі жан дүниесін білу отбасындағы тәрбиенің табысты болуы басты шарты. Әрбір ата-ана баласының мәдениетті,білімді,адамгершілікті,кіші пейіл болып өсуін қалайды.Бірақ күнделікті өмірде жұрттың бәрі бірдей тәрбиенің айқын жолдарын түгел біле бермейді,сол себепті ата-аналардың көздеген мақсаты мен оны іске асырудың арасы алшақтайды.Халықта «Баланың қыңыр болмағы-үйінен,жігіттің қыңыр болмағы-биінен» деген нақыл сөз бар.Ендеше үйдегі тәбиені ойдағыдай шешудің бірден -бір жолы ересектердің бір бірімен отбасындағы және баламен дұрыс қарым-қатынасы болуы маңызды. Демек сан ғасыр бойы адамзаттың тәжірибеден өткен ұлағатты өнегесін балаға сіңіру тәрбиедегі дұрыс ұйымдастырылған қарым-қатынасы арқылы іске асыруға болады. Мектеп жасына дейінгі балаға қарым-қатынас барысында жағымды әңгімелер көп айтып, дұрыс әсер туғызудың тәрбиелік мәні зор екенін ескерген жөн. Өмірде байқап жүргеніміздей қай баланың болсын әлде бір жақсы ісін мақтасаңыз,құптасаңыз,еркелетсеңіз оның көңілінде шаттық сезіимдер орнатсаңыз, баланың кіммен де болсын арадағы қарым-қатынасы жақсара түседі.Үсақ түйек ескертулерді көп айтып мезі еткеннен,жақсы іс-әрекеттеріне ризалық білдіріп, алғыс айтып, көтермелей сөйлеп, ерекше көңіл бөлген артық емес. Бала байқамай сындырып алған ойыншық немесе ыдыс үшін кейбір ата-ана баласын жазалап, жазғырып жатады.Мұндай жағдайлар жиі қайталана берсе қорқып қалған бала жасық,сенімсіз,әрі икемсіз бола қалыптасады. Баланың айналасындағы болып жатқан құбылыстарға деген сезімталдығы ерекше болатынын,әсіресі ересектердің тіл қатып тұрғандығына дейін өте сезімталдықпен қабылдайтынын психология анықтап отыр.Бұл кезеңде олардың айналадағы құбылысқа сезімталдығына қоса қабылдағыштық қасиеті де күшті.Мысалы ауладан ойнап келген бала әке-шешесінен «Қар неге ериді-деп сұрағанда.Олар «Сен өзің қалай ойлайсың»-деп баланың пікірін білгісі келсе,бала айтатын сөзінің салмағы барын сезіп,ойланып қойған сұрағына ең алдымен өзі жауап іздейді,тапса айтады,содан кейін үлкендердің сөзін тыңдап үйренеді.Ал бала жауап табуға қиналса, ол үшін оны жазғырмай,керсінше бірге жауап іздеген дұрыс.Сонда ғана ата-ана арасындағы түсініспеушілік, бірінің ойын екіншісінің толықтыруна мүмкіндік туады.Әрі ересектер сөзін толық аяқтағанша шыдамдылықпен зейін қойып тыңдап,пікір дұрыс болса қуаттап, теріс болса еппен түзеп түсіндіріп отырған артық емес. Баласының мұңайып,жабырқағанын байқаған ата-ана мейірімін төге сыр тартып,себебін біліп, ақыл –кеңес беруге даяр екенін аңғартса бұл да арадағы жылы байланысты күшейте түседі «Әке көрген оқ жанар,шеше көрген тон пішер» дегендей ата-ананың өзара қарым-қатынасының баланың мінез құлқына ықпалы зор.Әсіресі ұлына әкенің,қызына ананың әсері көп.Отбасындағы мағынасыз бос сөздердің, жеңіл-желпі әңгімелердің уақыт өткізуден басқа пайдасы жоқ. Сол сияқты үй ішінде ата-ананың бірін-бірі іліп-қағып ,кекетіп сөйлеуде тапқырлықа жатпайды,баланың мінезіне кері әсер етеді. Мектеп жасына дейінгі балаларда тағы бір ерекшелігі олар ертегі, әңгіме тыңдауға әуес-ақ. Оқыған ертегі, бірге көрген телехабар мазмұны жайында сөйлесу барсында балалар дүние танымын толықтырып отырса, ата-ана баласының жанан жете түсінуіне септігі мол.Ондай отбасында өктемдіктің орнына сыйласымдылық,түсінушілік орнап,баланың танымы тереңдеп,өрісі кеңейеді,өзара жақынасу молығады.Ата-анасымен жасынан ұғыса алмайтын бала кейінен басқа адамдарменде тіл табыса алмайды, оның құрбылармен де жылы қарым-қатынасқа түсуі де қиынға түседі.Өйткені мұндай баланың сөздік қоры да, түсінігіде өзі қатарларынан төмен,адамдарға жағымсыз әсері болады.
Баланың қоғамда өз орнын табуына бағыт беретін ата-анасының пайдаланатын құралы қарым- қатынас екенін естен шығармаған жөн.Ата-ананың жеке басының сапарлары,еңбекке,өмірге, басқа адамдарға көз-қарасы, күнделікті өзін-өзі ұстауы бала үшін бірден –бір үлгі.Егер үлкендердің өзінде қарым-қатынас мәденіеті жетіспесе,мінезі ашушаң болса ондай адамдар балалармен жылы сезімге негізделген қарым-қатынас орнаталмайды.Әсіресе отбасындағы дау-жанжал да бала жанына өте ауыр әсер етеді.Мұндай жағдайды жиі куә болға баланың мінезі тұйықтала келе жасқаншақ болып қалыптасады.Кейбір елдерде балалардың екі тәрбие ошағында да,отбасы және мектепке дейінгі мекемелерде қатар тәрбиеленіп дамуы жүзеге асырылуда.
Әрбір отбасында бала тәрбиесінде өзіне ғана тән ерекшеліктері бар.Олардың ішінде жас ерекшеліктігі және туысқандық қатынастар бойынша құрамының әр түрлі болуында. Отбасы өмірінің стилі,материалдық байлық пен рухани құндылықтарды пайдалану мүмкіндігі .Мұның барлығы баланың күнделікті өмірін ұйымдастыру және оған тәрбиелік ықбал жолдарын анықтайды.Сондықтан да баланы тәрбиелеу, оның өмірін ұйымдастыру ата-ананың өзін-өзі тәрбиелеу отбасы өмірін дұрыс ұйымдастыра білу,жылы да бейбіт микраклиматты қамтамасыз ететін ізгілікке құрылған ұйымшыл қарым-қатнасты орнықтырудан басталады. Отбасы баланың сезім мектебі. Бала дегеніміз-болашақ. Балалармызды қалай тәрбиелсек болашағымыз солай болмақ.Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, халқын,елен,Отанын сүйетін және оның әдет-ғұрпын,дәстүрін, тілін, мәдениетін сүйетін,кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.Білімді,денсаулығы мықты азамат өсіру үшін ынтымақтасып атсалысумыз қажет.
Матжанова Ханшайым,
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
Дәулет селосы №10
«Ақбота балабақшасы» МКҚК
тәрбиешісі