Home » Мақалалар » Тәрбиеші мамандығы киелі

Тәрбиеші мамандығы киелі

Тәрбиеші мамандығы киелі, ұлағатты мамандық.Мен осы мамандықты таңдағаныма өкінбеймін. Себебі «Бала жүрегі-кішкентай күй сандық.Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады.
Тәрбиешінің қолында әркез сол кілт тұру керек, — деп М.Шаханов ағамыз айтқандай әр бүлдіршіннің кішкентай жүрегінен орын таба білу.Бұл тәрбиешінің міндеті деп ойлаймын.Тәрбиеші –бұл қызығы мол жауапкершілікті талап ететін мамандық.Әрбір тәрбиешіөсіп келе жатқан бүлдіршіндеріміздің бойына ата бабаларымыздан ұрпақтан–ұрпаққа жалғасып  келе жатқан ұлттық салт дәстүрлерімізді  әдеп-ғұрыптарымызды бойына сіңіріп өсіру керек.Сонда ғана қазіргі өсіп келе жатқан сәбилеріміз ертеңгі күннің батыр ұл-қыздары болып шығады.
Негізінен, балалармен жұмыс жасау мен үшін үлкен мәртебе.Олардың кіршіксіз пәк мейірімді жүректері,  сыңғырлаған күлкілері, ботаның көздері сияқты жәудіреген көздері,былдырлап сөйлегендері сол сияқты тәтті қылықтарын көрсеткенде маған қуаныш шаттықсыйлайды.Өйткені бала тап-таза бұлақтың суындай. ХХІ ғасырда өсіп келе жатқан балаларымызды заман талабына сай білім беру әр бір тәрбиешінің жұмысы.Тәрбиелеп жатқан тәрбиеленушілеріміз ертеңгі күні биік белестерден көрініп жатса тәрбиешіге бұдан асқан бақыт жоқ сияқты.Тоқсан ауыздың түйіні өсіп келе жатқан бүлдіршіндерімізге білімімізді төгіп санасына құйсақ сонда ғана тәрбиешінің міндеті жүзеге асады.

 

Палымбетова Алтынай Баянбаевна,
Қарағанды облысы, Абай қаласындағы
«Аққу бөбекжай» ҚМКҚ тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.