Home » Балабақша » ТӘРБИЕШІ БОЛУ МЕНІҢ – МАҚТАНЫШЫМ

ТӘРБИЕШІ БОЛУ МЕНІҢ – МАҚТАНЫШЫМ

«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің
Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской 
орта мектебі» ММ
мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі
Сагиндыкова Кульширан Сункарбековна

            Мен осы мамандықты таңдаудың бір себебі, мен балаларды ерекше жақсы көретінімдіктен. Мен балаларды жанымдай жақсы көрем. Өйткені, бала мен үшін тазалық пен пәктіктің, шынайылық пен туралықтың айнасы. Олар қуанса шын қуанып, ренжісе шын ренжи білемін. Олардың жаны жалғандықты, жасандылықты сүймейді, не айтса да әділ, шындықты айтады. Көздері мөлдіреген, жүздерінде күлкі ойнаған балаларға қарасаңызшы…

Адам баласы балалық шақта қандай сұлу, қандай нәзік, қандай аңғал, қандай таза еді… Әр бала өзінше бір әлем… Жаны жақсылыққа құмар, арманшыл… Тәрбиеші мамандығының киесі де, қиындығы да осы періштелерді үлкен өмірге, қалтарыс-бұлтарысы көп өмірге даярлап, қанаты қайырылмайтындай етіп тәрбиелеуде емес пе?!

Баланың сылдырлаған күлкісі, былдырлаған тілі — ерекше менің жүрегімнен орын алды. Сондықтан мен осы мамандықты таңдадым.

Тәрбиешінің міндеттерінің көлемі өте ауқымды, әрі қуаныш пен жеңістен гөрі қобалжу мен қиындықтарға толы. Менің негізгі мақсатым – балаларға жақсы көңіл-күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру. Өзімді жұмыс барысында балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші сезінемін. Бұл балалардың өзіне деген сенімін арттырып, оқу іс-әрекеттеріне деген тұрақты зейінін қалыптастыруға, қызығушылығын оятуға жағдай туғызады.

Мектепке дейінгі мекемелерде баланы даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады. Мектепке дейінгі мекемелердегі топ тәрбиешісінің балалармен қарым-қатынасы тұлғалық бағдар негізіне құрылуға тиіс, ол әр баланы құрметтеу және адамгершілікпен қарым-қатынас жасауды көздеймін. Тәрбиеші балалардың оң мінезі мен әрекетін қолдай отырып, бір-біріне жағымды қатынасты ұйымдастыру, топта өзін-өзі емін-еркін сезінуіне жағдай жасаймын. Тәрбиеші болу — бұл педагогикалық қарым-қатынасты, ынтымақтастықты жүзеге асыру, өзінің әрбір тәрбиеленушісіне қажет болуға талпыныс және адам тәрбиелеудегі кішігірім жетістіктер мен үлкен жетістіктер қуанышы.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, менің де осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма он сегіз жыл болған екен. Қиындығы мен қызығы, ауыртпалығы мен жауапкершілігі қатар жүретін осы еңбектің жолындағы педагогикалық ұстанымым — үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр тәрбиленушімнің бойынан жылт еткен жақсылықты, талап пен талантты тауып, бұлақтың көзін ашу, биікке жетелеу, сондай ізденістер арқылы биік мақсаттарды орындау.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.