Мамандық – әрбір адамның болашағы, сондай-ақ шаруашылық көзі болып табылатын сүйікті іс. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Баланың ең алғашқы тәрбиесі – отбасы болса, кейінгі баспалдағы балабақша болып табылады. Менің айтарым, егер, тәрбиеші ақылды болса, тәрбиеленуші дана болады. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан-тәнімен сезіне білуі қажет. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты. Тәрбиенің отанында тәрбиеленген адам ғана айналаны, қоршаған ортаны тәрбиелей алады. Тәрбиелі ұрпақ елімізге ауадай қажет. Тәрбиеші – бүгінгі өсіп келе жатқан еліміздің бүлдіршіндерін болашақ өмірге бейімдеуші деп білемін. Тәрбиеші балабақша есігін енді аттаған сәттен бастап баламен тіл табыса, көңілін таба алуы, әрдайым тәрбиеленушілеріне жақын, әрі оларды өзіне жақын ұстай алуы тиіс. Менің ойымша, тәрбиеші ұқыпты, сабырлы, жауапты, балаға ақылшы, бала алдында әр кейіпке еніп кете алатын жан-жақты тұлға болып, жүзінде мейірім төгіліп, әр баланы өз баласындай жақсы көріп бауырына бас алса, балалар өздерін еркін ұстап, құрдастарымен еркін араласа алатындай жағдай жасаса, өз ісін жетік меңгерген маман иесі болса – сол мамандықтың жемісін көрген нағыз тәрбиеші деп білемін. Бала балабақша, тәрбиешісіне қарай асықса, бала – балабақша сәні, тәрбиеші – балабақша айнасы болары анық. Балабақша сатысында тәрбиеші баланың бір анасы болып саналады. Бала үшін алаңдап, әр кез көз алдында өсіп келе жатқан бүлдіршінмен бірге қуана, мұңая білетін жандар. Бала мен балаша қуанатын осы – тәрбиеші. Балалар – «өмір гүлі», ал тәрбиеші – «бағбандар» деп атау тегін болмағаны. Себебі бала – біздің болашағымыз. Олар өмірдің сәні, әлемнің жарық нұры! Менің негізгі мақсатым – балаларға жақсы көңіл-күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру. Өзімді әр оқу іс-әрекеті үстінде балаларға бақыт беруші, жол сілтеуші рөліне қоямын. Сөзімді қорыта келе, бүгінгі тәрбиеші –өз мамандығын сүйетін, патриот, өз ісінің шебері, ізденімпаз, жаңашыл, терең болуы тиіс. Жеке тұлға ретінде ізденгіш, өз пікірін айта алатын, адамгершілігі мол, білімді, өз елін сүйетін, оң қолынан өнер тамған маман болуы керек.
Есеналина Сауле Тукуновна
МКҚК «Балауса балабақшасы»
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы