Бүгінгі таңда қоғам кәсіби білімі жетік, құзыретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті педагог, білімді маман болу үшін-әрбір педагог өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді.Педагог қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ.
Шебер сыныптың мақсаты— мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы педагог қызметкерлердің кәсіби білімдері мен біліктіліктерін қалыптастыру. Еліміздің жарқын болашағы, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының болашағы біздің тәрбиешілердің ізденісте, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында тәрбиешінің алдында балаларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір баланы оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге кәсіби құзыреттілігін дамыту білім сапасын көтерудің басты шарты деп негізге алдық.
Еліміздің дамыған мемлекеттердің стандарттарына деген ұмтылысы жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Білім адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзін толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білімнің тұрақты көтеріп отыру-педагогтардың құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі. Мемлекеттің дамуының құралы болып табылады. Бүгінгі педагог тек кәсіби білімін жетілдіріп қоймай,үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. ХХІ ғасыр білімін біз адамның қызығушылықтарының дамуы, оның өзінің дамуы деп түсінеміз. Білімді -педагог үшін шығармашылық әлуетін дамытудың үрдісі. Дамуда білім де ешбір адамға қолдан беріле салмайды. Кімде кім оған қол жеткізгісі келсе әрекет етуі,күш салуы қажет. Педагогтың басты рөлі- тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай, нәтижеге бағытталған жалпы балабақшаларда білім берудің жаңа жүйесіне ауысу білім беруді басқару жүйесіндегілерден педагогикалық кәсибі біліктілігін арттыруда жаңаша көзқарасты, ал педагог негізгі кәсіби құзырлылықтарын дамытуды талап етеді. Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі-белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру. Жас ұрпаққа жоғары сапалы білім беру ісін тек қана мәдениетті, шығармашыл, жаңашыл, инновациялық тұрғыда ойлап, қызмет жасай білетін педагог ғана мүлтіксіз атқара алады. Ушинскийдің «Бала- балқытылған алтын, оны қандайда қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын деседе педагогтың қолында» деген сөзі аталған міндетті жүзеге асыру жолында педагог үлкен асуларға жетелейді, жауапкершілігін арттырады. Біздің басты мақсатымыз- балалардың өз бетінше білім алатын шығармашылық деңгейін көтеру. Бұл мақсатты жүзеге асыруда әрбір педагог білім стандарты талабына сәйкес инновациялық негізде еңбек етуге тиісті.
Рысбембетова Назымгүл Мұхаммедкәрімқызы,
Қызылорда қаласы
«Нұрбесік» балабақшасы КМҚК-ның
жоғары санатты әдіскері