Home » Жаңалықтар » Тәрбиешінің балалар мен жасөспірімдер ұжымындағы іс -әрекеті

Тәрбиешінің балалар мен жасөспірімдер ұжымындағы іс -әрекеті

 Мектеп–интернат есту қабілетін жоғалтқан балаларды жан-жақты дамыта отырып, түзете – тәрбиелеу әрекетімен қамтамасыз етеді.
Интернаттағы тәрбие процесімен педагогикалық жетекшілік ету, тәрбиеленушінің өз бетімен әрекет жасауын дамыту ұсынады. Тәрбие жұмысының нәтижелігі тәрбиешінің әрбір оқушының жас және жеке ерекшеліктерін ескергеніне байланысты. Ең маңыздысы тәрбие нәтижесіне жетуге тырысу.Интернаттағы педагог жұмыстарының мазмұны есту қабілеті зақымдалған балаларды тәрбиелеудің мақсаттары және міндеттерімен анықталады, балалардың түрлі әрекетінде орындалады-оқу-танымдылық, еңбек, ойындық коммуникативті.
Интернаттағы оқу-танымдылық әрекет мектептегі оқу-тәрбие процесін жалғастыру болып табылады. Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқу-танымдылық әрекет түрлі ғылыми көзқарас арқылы қалыптасады, қоршаған табиғат және әлеуметтік орта туралы білім кеңейеді, тұлғалық бағыттар қалыптасады.
Интернаттағы оқу – танымдылық әрекет өз бетімен дайындықты ұйымдастыру кезінде орындалады. Бұл дыбыс күшейткіш аппараттары (ДКА) бар сынып бөлмесінде өткізіледі.
Есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған мектептегі өз бетімен дайындықты ұйымдастыру және өткізудің негізгі талаптары болып табылады:
Өзінің тәжірибесінде тәрбиеші тұрақты, уақытша ,әр жастағы , бейінді және т.б балалар-жасөспірімдер ұжымдарымен қарым – қатынаста болады. Әр ұжымның негізі – ортақ қызығушылық, ортақ мақсаттар, ортақ іс болып табылады.
Әр мектепте бірлестіктің тұрақты түрде істейтін 5 түрі болады, олар тәрбиешіге өзінің мүмкіндіктерін, бірлестік мүшелері және жетекшілерімен жұмыс, ересектер мен балалардың байланыстарын талаптарға сай жүргізу қажеттігін ұсынады.
Бұлар келесідей бірлестіктер :
— сынып – сабақтық – қатаң түрде бірдей жастағылар, міндетті мұғалімдердің басшылығымен оқушылар үшін, бағдарламалар бойынша ұжым ішіндегі жүйе мен орнын анықтайды, қажет жағдайда тәрбиеші тарапынан көмекке жүгіне алатындар;
— факультативті –үйірмелік — әр жастағылар жиналуы мүмкін, оқушылардың еркін таңдауы арқасында құрылады, толығымен ересек жетекшілердің назарында болады, тәрбиешімен байланыста өздерін еркін ұстайды, тәрбиешінің тапсырмасын орындайды;
— Қоғамдық-ұйымдастырушылық – мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару формаларының біріндей болады, мысалы, мектеп республикасы, қолөнершілер қаласы, оқушылар кеңесі, т.б. — әр жастағылар, ересектердің белсенді қатысуымен, негізінен – мектеп мұғалімдері, соның ішінде осы бірлестік белсенділерінің ұстазы, көмекшісі ретінде тәрбиешілерді де жатқызуға болады, олар осы бірлестіктер жұмысына тікелей жауап береді;
— Еркін құрылғандар – қоғамдық ,олар білім беру мекемелерінің пед.ұжымдарынан тәуелсіз, тек аға тәрбиешілер мен үйлестірушілерге, осы бірлестіктің жетекшілері, ұйымдастырушыларына, көмекшілеріне тәуелді болады,
Мектеп бірлестіктеріндегі тәрбиешілердің ұйымдастырушылық қызметі осы бірлестіктердің бағытына қарай әр түрлі. Олардың ортақ ісі – жоспар бағдарламасын дайындауға, шаралар өткізуге жәрдемдесу болып табылады.
Балалар ұжымындағы аутивтің іс -әрекеті.
Актив – ұжымның ең шығармашылық, белсенді мүшесі, өздерінің ұйымдастырушылық мүмкіндіктерін көрсете алатын, ұжым қызметінде алда жүретіндер.
Ұйымдастырушылық қабілеті – бұл жеке тұлғалық қасиет, ол адамға қай істе болмасын жылдам ,әрі сенімді істер атқаруға көмектеседі.
Ұйымдастырушы тұлғаның жалпы сапалары:
Құзырлылық – ұйымдастыру талап ететін істі білу қажет;
Белсенділік –практикалық мәселелерді шешу кезінде жылдамдық әрекеті;
Бастамашылық – белсенділіктің ерекше шығармашылығы, идея, ұсыныстар жасай алады;
Көпшіл – басқаларға ашық, қарым-қатынасқа дайын, адамдармен қатынасқа түсу қажеттілігі;
Ой-пікірлілік – құбылыстардың себебін, негізгісін анықтау;
Табандылық – күш –жігерін , табандылығын көрсету, істі аяғына дейін жеткізе білу;
өзін — өзі қадағалау — өз сезімдерін, қиын жағдайларда өз мінезін қадағалау мүмкіндіктері;
жұмыс істеу қабілеттілігі – шыдамдылық, қиын жұмыс істеу мүмкіндігі, ұзақ уақытқа дейін шаршамау;
байқампаздақ – көре білу, есте сақтау мүмкіндіктері;
өздігінен – шешім қабылдауда тәуелсіздік, мәселе шешу кезінде дұрыс жол таба білу, өзіне жауапкершілік алу;
ұйымдастырушылық – қажетті жұмыс кестесіне өзін бағындыра білу, өз қызметін жоспарлау, жинақылық көрсете білу.
Белсенділер арасында ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыра отырып, тәрбиеші өзінің де жетекшілік ете білу қабілетін қалыптастырады, яғни, ұжым қызметін толық немесе кей түрлерге бағыттай алады : спорттық, қоғамдық – еңбектік, ойын т.б. Ұжымды осылай немесе жеке жұмыс түрлерімен басқара білу белсендіні жетекші ретінде таныта алады.
Ереже бойынша ұжым жетекшісін ұжым мүшелері сайлайды, кей жағдайда тәрбиешінің, педагогтардың, басқа да өзін -өзі басқару органдарының ұсынысымен тағайындалады. Мұндай тағайындаулар балалар бірлестіктерінде, сыныптарда болады. Бірақ, мұнда ұсыныс арқылы тағайындалған балалардан басқа да өте ықпалды тұлғалар – көшбасшылар болуы мүмкін. Көшбасшы ,әдетте, осы ұжым ішінен шығады, ұжымның мүддесі мен мақсаттарын қорғайды, осылай өз жолдастары арасында бейресми жетекші бола алады.Тәрбиешінің міндеті – ұжым арасында осындай көшбасшыларды анықтау, оларға ресми түрде жетекші болуға көмектеседі. Бұл арада нені түсіну қажет :
Көшбасшы – ұжым ішіндегі шағын топ шешімдерін реттейді, ал жетекші ұжымға байланысты барлық мәселелерді реттейді;
Көшбасшы – ұжым ішіндегі қарым-қатынасқа толық тәуелді болады, оның басымдылығы тек бір топта немесе ұжым қызметінің бір көрінісінде ғана бола алады, ал жетекші ұжым ішінде беделді болып танылып, оның көңіл – күйіне тәуелді болмайды, ол өзінің ұжымында ұжымнан басқа, қоғамдық қарым-қатынас нәтижелерін жариялап отырады;
Көшбасшы – бұл заңды жетекшінің көмекшісі, ұжымның мүддесін қорғай алады, ал жетекші ұйымдасқан ұжымның басшысы болып табылады;
Көшбасшы – көбінесе ұжым мүшелерінің көңіл-күйіне бағынады, сондықтан ол ұжым ішінде тұрақты емес, ал жетекші — өзіне сенімді, ұжым ішінде тұрақты, ұжым мүшелерінің көңіл – күйіне тәуелсіз;
Көшбасшы – бұл кішкентай, аз топтың мүддесін қорғайды, ал, жетекші — өз ұжымын қоғамда көрсете алады;
Осындай ерекшеліктерді біле тұра жетекші балалар – жасөспірімдердің қай ұжымында болмасын , қай бірлестікте болмасын өзіне көмекшіні, ұйымдастырушыны тез тауып алады, азғантай топтардың көшбасшыларын анықтай алады, олармен бірлесіп қандай да бір жұмыс түрін істеуді ұйғарады.
Қандай да болмасын бір істе танылған көшбасшы балалар ұжымда, бірлестіктерде, белсенділер арасында өз қызметінің нұсқаушысы болады. Мысалы, туризм жөнінде нұсқаушы, абаттандыру жөніндегі нұсқаушы т.б. басқа балаларды өзінің білгеніне үйрету, шағын топтардың мүддесін қорғау үшін ұйымдастырушы бола алады. Мысалы, звено, экипаж, жас туристер, жас экологтар ,жас коллекционерлер топтары.
БАЛАЛАР ҰЖЫМЫ — ТӘРБИЕШІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗІ.
Балалар ұжымындағы тапсырмалар жүйесі.
Тапсырма – бұл мақсаттар мен талаптардың тізімімен анықталған міндет, олар жеке тұлға сапасының қандай дәрежеде екенін анықтайды (өздігінен жұмыс істеу, жауапкершілік т.б.).
Балалар ұжымындағы тапсырма – бұл баланың практикалық қызметінің шеңбері. Тапсырма беру баланың ұйымдастырушылық қабілетін, еңбек тәжірибесін шынықтырады.
Тапсырма түрлері :
— тұрақты және уақытша ;
— жеке және ұжымдық ;
— таңдаулы және бекітілген;
— қызмет түрлеріне қарай;
Оқушы жыл бойы орындайтын тапсырмаларды тұрақты деп атаймыз. Бұл өздігінен басқару органдарының қызметімен байланысты тапсырмалар. Бұл сайламалы тапсырмалар – эскадраны басқарушы, топ басшысы, топ командирі.
Сонымен қатар ерекше белсенділік пен шығармашылық шабыттың шарықтауы нәтижесінде олар еркіндік әлемінде еркін шарлағандай болады.
Қорытындылай келе: Елбасымыздың жолдаған жылы үндеуі мен рухани азық беретін  қолдауы «Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады», — деген Н.Ә.Назарбаев.

Жамбыл облыстық әкімдігінің білім басқармасының
«Саңырау және нашар еститін балаларға арналған облыстық
«Мейірім» арнайы түзету мектеп – интернаты
коммуналдық мекемесі»
тәрбиеші: Абитжанова Лаззат Аманжоловна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.