Мектеп жасына дейінгі тәрбие – болашақ ұрпағымыздың алғашқы қайнар көзі. Білім мен тәрбие беруде ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуына халық педагогикасын қолданудың маңызы зор. Сондықтан бала ұлтымыздың әдет-ғұрпын, салтын, дінін жете білуі тиіс. Халқымыздың асыл қасиеттерін бойына жинаған еліне, туған жеріне жанашыр адал азамат тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі білім беруде ұлттық модернизацияны енгізудің қажеттілігі бүгінгі өзекжарды мәселеге айналды. Ертеңгі азаматтырымызға бүгіннен жақсы тәрбие беру ұлттық болмысымыздың қайта өркендетудің негізгі жолы болып табылады.
Ә.Табылдинов «Халық тағылымы» еңбегінде халықтық педагогиканың саласы мол, мазмұны бай. Оны халқымыз үзбей тәлім-тәрбие ісіне пайдаланып келгенін айтады. Сонымен қатар ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін келешекте де кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету – борышымыз екенін өз еңбегінде айқындай түскен.
Баланың өз отбасында әке, әжесінен ауыз әдебиеті арқылы тәрбиеленгенін көрсетіп қана қоймай, өмір жолы арқылы қаймағы бұзылмаған дәстүр салтымыздың құнды дүниесін келешекте жалғастыру қажет. Бұл мақсатқа оңай қол жеткізудің бірден-бір төте жолы баланы сәби шақтан ұлттық тәрбиемен сусындату. Тәжірибелі ұстаздарды жұмылдыра сын тұрғысынан ойлау әдістерін пайдалана отырып, балалармен еркін жұмыс жасауға барлық мүмкіндіктер қарастыру қажет. Тәрбиеші балаға ерекше құрметпен қарап, көзқарасын қалыптастыру шарт. Сонда ғана баланы инабаттылыққа, кішіпейілділікке,шығармашылық жағынан жан-жақты дамыған, өмірдегі жақсы мен жаманды ажырата алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу және соның жолдарын іздену болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балаға халқымыздың тәлім-тәрбиенің асыл қағидаларын жан-жақты сезіне отырып,оның өміріне енгізіп жатқандар – педагогтар. Осы мақсатты жүзеге асыруда №10 «Наурыз» балабақшасында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне озық тәжірибесін насихаттауда «Мектепке дейінгі балаларға рухани адамгершілік тәрбие беруде, халық педагогикасының қолдану жолдары» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға балабақша педагогтарының жұмыстарынан және халқымызздың қолөнерінен «Ұлттық дүниетаным орталығы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Балабақша меңгерушісі Г.Д. Наханова ұстаздарға жылы лебізін білдіріп, семинардың тақырыбымен, бағдарлама жоспарымен таныстырды. Семинар үш бөлімге бөлініп, интерактивті түрде жүргізілетінін хабардар етті. Семинар жұмысы жаңа тәсілдерді енгізу арқылы баланың шығармашылық қиялы мен қабілетін дамытты.
«Педагогтардың кәсіптік шеберлік қызметін» ересек топ тәрбиешісі А.З.Утегенова «Сиырдың сүті тілінде, баланың құты білімде», Б.Байболова «Топжарған» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін өткізіп, балалардың жетістіктерін көрсете білді. Балабақшамыздың музыка жетекшілері Қ.Тасқожаева, Ж,Ертаева халқымыздың сан саналы, мазмұны бай ұлы тәрбие құралы ертегі, аңыз, жырлар жиынтығынан ерекше сахыналық қойылым қойды. Ол – «Алпамыс батыр » жыры, қаһармандық эпосы. Сахыналық қойылым арқылы батырға тән қасиетті бала бойына қалыптастыру, халқының жанашыры, қамқоршысы болуға тәрбиелеу. «Алпамыс батыр» қойылымы көрермендердің көңілінен шықты. Өтілген семинардың жоғары деңгейде өтілуі қонақтармен ой бөлісуде « Мектепке дейінгі тәрбие –тәрбие бастауы. Болашақ ұрпағымыздың сан-сезімін қалыптастыруда осы алған білімін келешекте бәсекеге қабілетті азамат тәрбиелеу» деген пікірлер айтылып өтті.Семинардың жоғары деңгейде өтілуі, қонақтардың ойынан шығуы балабақша педагогтарының еңбегі.
Біздің мақсатымыз ХХІ ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, халқының асыл мұрасын ұрпақтан ұрпаққа жалғастыратын білімді азамат тәрбиелеу!
Халықова Гаухар
Тараз қаласы,
№10 «Наурыз» балабақшасының тәрбиешісі