Алматы қаласы, Жетісу ауданы М.Жұмабаев атындағы № 137 жалпы білім беретін мектепте «Өзін-өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің аясында 1-11 сыныптар арасында «Мейірімділік-асыл қасиет», «Өнеге отбасынан» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. Ал мақсаты: өскелең ұрпақты тәрбиелеумен қатар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Мұғалімдермен мен оқушылардың арасындағы кері байланыстың жоғары дәреже де жүзеге асып отырғанына көзіміз жетіп қайтты.
Мектеп ұжымының ұйымдастыру қабілетіне сүйсініп, директордың жауапкершілігіне тәнті болдық. Оқушылардың бойына білімді азық етіп, сіңдіріп отырған білікті ұстаздардың еңбегіне жеміс тіледік.
Жадыра Бағашар,
«Білім айнасы»