Әрбір баланың өмірінде, ертелі-кеш, туған үйін тастап, социумға бағыт алатын кез келеді. Қарапайым сөзбен айтқанда, ол күнделікті үй жағдайынан «өсіп», «бөтен қолға» барады, ол, көбінесе, балабақша. Сол балабақшаның табалдырығында оны қарсы алған адам, оның алғашқы Ұстазы қандай болады, оның өміріндегі көп маңызды нәрселер соған байланысты болады.
Баланы балабақшаға апарған кезде, әрбір ата-ана үшін, топтағы жағдай ыңғайлы болғаны өте маңызды. Бізге, бұл жағынан, жолымыз болды деп ойламыз. Біз дегеніміз — бұл «Астана қаласының №17 «Ер Төстік» балабақшасындағы «Бұлбұл» тобының ата-аналары. Әрбіреуіміз, таңертең баламызды байсалды тәрбиеші Бөлекбаева Гүлмайра Серкешқызының аяулы алақанына береміз.
Біздің балаларымыздың қасында нағыз кәсіпқой адам, сондықтан да, біз өз балаларымыз үшін қам жемейміз, өйткені, олар уақытында ас ішетіндеріне, қараусыз қалмайтындарына және ең бастысы, оқып, дұрыс тәрбие алатындығына бірде бір күмәніміз жоқ.
Гүлмайра апайдың ерекше мінезінің бірі – мұқияттылығы. Ол әрқашан да орнында. Үш жыл ішінде, Гүлмайра апай таңертең сағат 07.30-да (кейде одан да ерте) балаларды қарсы ала алмаған күндері саусақпен санарлық қана.
Оның тәрбиесі «қабылдау бөлмесінен» басталады. Апай: «кілемге аяқ киіммен басуға болмайды, сыртқы киімді топқа кірген кезде шешу керек, қардан су болып қалған қолғапты батареяда кептіру қажет және т.б.» дейді. Осылайша, біздің апай балаларға әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларды үйретеді. «Түскі ұйқыдан» кейін қыздардың шашын қандай сүйіспеншілікпен өреді десеңші. Біз, ата-аналар, баламызды үйге алып келгеннен кейін осындай ұсақ-түйектерді көрмей қалмаймыз.
Әрбір балаға Гүлмайра апай өзінің туған баласындай жаны ашиды. Бір күні бір қызға өзінің мойнындағы орамалын орап, үйіне жіберген кездері де болды.
Көпжылдық педагогикалық тәжірибесі өз жемісін әкеледі. 16 жыл педагогикалық өтілі бар.
Біздің балаларға мұқият қарауының, жұмысқа толығымен беріліп жұмыс істеуінің және осы топтағы білім процесіне шығармашылық тұрғыдан қарауының арқасында, балаларға өте ыңғайлы және қызықты.
Біздің балаларымыздан басқа, оның қоршаған ортасына салынған қаншалықты күш пен уақыт бар екендігін атап айтпауға болмайды, барлығы да үлкен көңілмен және қамқорлықпен жасалған. Балабақша қабырғасында да, сондай-ақ, одан тыс жерлерде де өткізілетін барлық іс-шараларға өте белсенді қатысады. Сонымен қатар, ісіне селқос қарамайды. Әрбір ұсақ-түйекке көңіл бөліп, жүрегінен тыс қалдырмайды. Осылайша, Гүлмайра апай өз үлгісімен балаларда көшбасшылық қасиеттерін дамытады.
Гүлмайра апай балаларға көбірек тақпақ, сандар мен әріптерді жаттатуға шебер, балаларға үлкен қамқорлықпен және түсіністікпен қарайды. Апайдың бойында орасан зор еңбек сүйгіштік, өз кәсібіне, балаларға деген сүйіспеншілік қасиеттері, шығармашылыққа талпынысы байқалады. Ол кісі үлкен әріппен жазылатын тәрбиеші! Оның кәсіпқойлығы барлық жерде көрінеді! Әрқашан да қол ұшын береді, кеңес береді, кез-келген сұраққа жауап береді. Ол кісінің ата-аналармен жасаған жұмысын атап айтпауға болмайды, біздің өтініштеріміз бен ескертулеріміз ешқашан да ескерусіз қалмайды. Біздің апайдың күнделікті жасап жатқан ерлігіңіз – біздің балаларымызға деген сүйіспеншілігіңіз, оларға деген қамқорлығыңыз, шығармашылық тәсілдеріңіз үшін және ең бастысы, әрбір кішкентай баланы түсінгіңіз келетін көңіліңіз бен қабілетіңіз үшін айтар алғысымыз шексіз. Апай біздің балаларды бір-бірімен дос болуға, құрметтеуге, шығармашылықпен айналысуға, қиялдауға, керемет кездерді бағалауға, шынайы, мейірімді, қамқоршы болуға үйретесіз. Біздің балаларымыз өз жетістіктерін мақтан етеді, өзінің жасағандарын қуана көрсетеді, үйде қызығушылықпен қайталап жасайды. Гүлмайра апайға көп-көп рақмет!
«Бұлбұл» тобының ата-аналары
№17 «Ер Төстік» б/б, Астана қ.